Bloomberg: Intel 20%-дан астам қызметкерін қысқартып, инженерлерге басымдық бермек

Intel бюрократиядан арылып, инженерлік мәдениетті жандандыру үшін жақын күндері соңғы жылдарығы ең ірі кадрлық қысқартудың бірін жарияламақ, деп хабарлайды Bloomberg дереккөздеріне сілтеме жасап. Бұл — компанияны үш жыл қатарынан табысы төмендеуден және нарықтағы позициясын жоғалтудан құтқару жөніндегі жаңа басшы Лип-Бу Тан жоспарының бір бөлігі.
Толығырақ
Bloomberg дерегінше осы аптада Intel қызметкерлерінің 20%-дан астамын қысқарту туралы мәлімдеме жасалуы мүмкін. Ұйымдастырушылық реформа басқаруды оңтайландырып, инженерлерге басымдық беруге бағытталған. Бұл қысқарту өткен жылғы 15 мың қызметкерді босатуға ұқсас оңтайландырудан кейінгі екінші толқын болмақ.
Жаңа басшы Лип-Бу Тан 24 сәуірде бірінші тоқсан бойынша акционерлер алдында есеп берген кезде қайта құрылымдау жоспарын жариялауы мүмкін. Айта кетейік, Тан өткен айда алғашқы ресми сөзінде инженерлік таланттарды қалпына келтіру, балансты нығайту және өндірістік процестерді болашақ клиенттердің талаптарына бейімдеу қажеттігін айтқан.
Бұл хабардан кейін 23 сәуірде Нью-Йорк пре-маркетінде Intel акциялары 3%-дан астам өсім көрсетті.
Контекст
Лип-Бу Тан әлдебір бірнеше сәтсіз жылдардан кейін атақты чип өндіруші Intel-дің бәсекелік артықшылығын қайтарғысы келеді. Компания дәстүрлі процессорлар сегментінде алдымен AMD-ге, жасанды интеллект чиптерінде NVIDIA-ға бәсекеде жол беріп, үш жыл қатарынан кірістің азаюына және шығынның өсуіне ұшырады.
Бұрын Cadence Design Systems компаниясында қызмет еткен Тан профильге жатпайтын активтерден құтылып, бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға назар аударуды көздейді. Осының аясында өткен аптада Intel Altera бағдарламаланатын микросхемалар бизнесінің бақылаушылық пакетін Silver Lake инвестициялық компаниясына сатуға келісімге келген еді.
Intel-ден сарапшылар не күтіп отыр
Уолл-стрит Intel-дің кірісі одан әрі нашарламайды деп есептесе де, компания жылдам бұрынғы сату деңгейіне оралатын болмас, дейді Bloomberg. Алайда Reuters Canalys мәліметіне сүйеніп, бірінші тоқсанда компьютер өндірушілер АҚШ-қа импорттық баждардың өсуіне дайындалып, сатып алуларды 9,4%-ға ұлғайтқанын жазады.
LSEG консенсус-прогнозына сәйкес Intel-дің ПК-бөлімі кірісті 11%-ға (6,7 млрд долларға) төмендетеді, ал дата-орталық бизнесі 12-ші тоқсан қатарынан 1%-ға азаяды. Жалпы кіріс 3,4%-ға, шығындар 381 млн-нан 945 млн долларға дейін өседі деп күтілуде.
2024 жылы 60%-ға арзандаған Intel акциялары биыл 2,7% қана төмендеді, ал сол кезеңде Nvidia – 26,4%, AMD – 28,6% құнсызданды. FactSet мәліметінше 43 сарапшының 36-сы Intel акцияларын «ұстауды» (Hold) ұсынады. Орташа мақсатты баға – $24,79, бұл бір жылда 27% өсуге мүмкіндік береді.








