БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Netflix, Visa, Barrick Gold: Freedom кедендік алымдарға тұрақты 13 акцияны атады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Netflix, Visa, Barrick Gold: Freedom кедендік алымдарға тұрақты 13 акцияны атады

Freedom Broker сарапшылары нарықтағы сауда дауылдарына төтеп беріп қана қоймай, нығая алатын акцияларды атады. Америкалық импорттық тарифтердің әсерінен туындаған шиеленіс жағдайында тұрақты бизнес модельдері бар және жаһандық жеткізу тізбектеріне минималды тәуелді компаниялар инвестициялық портфельдерде жаңа жұлдыздар болып қалыптасып жатыр.

Freedom тізіміне жазылымдарға, жергілікті нарықтарға немесе демографиялық трендтерге сезімтал, бірақ сауда шектеулеріне әсер етпейтін секторларға негізделген бизнесі бар компаниялар енді. Тізімге стримингтік және төлем қызметтері, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, REIT қорлары, медициналық сақтандыру провайдерлері және бағалы металдар өндірушілері кірді.

Netflix

Жазылым моделі мен жаһандық аудиториясы бар стримингтік платформа Netflix дәстүрлі бизнеске қарағанда тиімдірек, дейді Freedom. Оның кірісі физикалық экспорт немесе импортқа, сәйкесінше, тарифтерге де байланысты емес. Тіпті рецессия жағдайында стриминг арзан демалыс түрі ретінде сұранысқа ие болып қала береді, бұл пайдаланушылардың төмен кетуін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге Netflix кірісінің 40–45%-ы АҚШ-қа тиесілі, бұл санкциялар мен сауда шектеулері тәуекелдерін төмендетеді.

Spotify

Музыкалық стриминг те цифрлық «тыныш аймақтардың» бірі. Spotify кірісінің 88%-ын жазылымдардан табады және Netflix сияқты, жарнамаға тәуелді емес. Бизнестің географиясы әртараптандырылған, ал пайдаланушылардың жоғары адалдығы аудиторияны жоғалтпай-ақ жазылым бағаларын көтеруге мүмкіндік береді. Freedom болжамы бойынша 2025 жылы Spotify кірісінің және маржасының өсуі негізінен жазылым бағаларын арттыру есебнінен болмақ.

Intuit

Шағын және орта бизнеске арналған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші Intuit кірісінің 92%-ы АҚШ нарығына бағытталған, бұл оны тарифтерге тәуелсіз етеді. Компания сервисті жақсартып, онлайн қатысуын кеңейту арқылы бір клиенттен түсетін кірісті тұрақты түрде арттырады. Қазіргі бағалар тарихи көрсеткіштерден төмен, бұл акциялардың тартымдылығын арттырады, деп атап өтті сарапшылар.

Workday

АҚШ-тың корпоративтік сегментіне бағытталған тағы бір бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі. Ірі кәсіпорындарға шоғырлану Workday бизнесін қысқа мерзімді нарықтық күйзелістерге аз сезімтал етеді. Негізгі өсу нүктелері – HR платформасын толықтыратын қаржылық басқаруға арналған бұлттық шешімдер. Серіктестердің сатылымдарға қосқан үлесін арттыру компанияға халықаралық нарықтарда қосымша шығындарсыз кеңеюге көмектеседі. Freedom Broker сарапшылары компанияның қазіргі мультипликаторларын да тартымды көруде.

Healthpeak Properties

Бұл инвестициялық жылжымайтын мүлік қоры (REIT) Америка денсаулық сақтау саласына бағытталған: амбулаториялар, зертханалар және егде жастағы адамдарға арналған тұрғын үйлер. Қор тұрақты табыс әкелуде, ал халықтың қартаюымен сұраныс артып келеді. 2024 жылы жалға алу көлемінің рекордтық деңгейі, нысандардың толтырылуы мен ұзақ мерзімді келісімшарттар арендалық табыстың тұрақты өсуін және тұрақты ақшалай ағынды қамтамасыз етті. Healthpeak Properties дивидендтік кірісі 6,4% құрайды, бұл орташа нарық деңгейінен жоғары. Қордың барлық активтері АҚШ-та орналасқан, оның шығындары аз, ал жалға алушылары көбінесе мемлекеттік қаржыландыруға тәуелді — бұл Healthpeak Properties акцияларының тарифтердің өсу қаупіне тұрақтылығын арттырады.

AvalonBay Communities

АҚШ-тағы ең ірі тұрғын үй жылжымайтын мүліктерінің бірі болып табылатын REIT қоры. Қор негізгі мегаполистер мен оңтүстік штаттардағы тұрғын үйлерге иелік етеді, мұнда ипотекалық мөлшерлемелердің жоғары болуы жалға алу сұранысын қолдайды. Бұл модель төмен капиталық шығындармен тұрақты кіріс әкеледі, ал акциялар нарықтық секторға қарағанда төмен бағамен сатылады.

Copart

Солтүстік Америкадағы авариялық авто көліктердің онлайн-аукциондары нарығындағы ірі ойыншылардың бірі. Бұл компанияның бизнес-моделі сақтандыру компаниялары есептен шығарған көліктерді сатудан кіріс табуға негізделген. Сол себепті ол автокөлік саласындағы экономикалық ауытқуларға аз сезімтал. Соңғы бес жылда компанияның табысы жылына орта есеппен 15,7%-ға тұрақты өсіп келеді. Операциялық маржиналдылығының жоғары болуы және қарыздың болмауы оның тұрақтылығын арттырады.

First Solar

First Solar компаниясы — Солтүстік Америкада күн панельдерін өндірудегі көшбасшы. Оның кірісінің басым бөлігі АҚШ-тан түседі, ал негізгі зауыттары да сол жерде орналасқан. Қытайдан келетін импортқа салынған тарифтер компанияға тиімді әсер етіп, тапсырыстарын 2030 жылға дейін резервке қойған. Freedom сарапшыларының болжамынша 2025 жылы First Solar-дың бір акцияға шаққандағы табысы (EPS) 61%-ға өседі.

Barrick Gold

Freedom сарапшыларының тізіміне алтын бағасының тарихи өсуі аясында алтын өндіру саласындағы ірі ойыншылардың бірі енді. Сарапшылардың айтуынша алтын өндіруші компаниялардың акциялары рекордтық деңгейдегі өсімнен әлі де артта қалып отыр. Barrick Gold компаниясы алтын өндірісін арттырып, мыс арқылы бизнесін әртараптандырып, 1 миллиард доллар көлемінде акцияларды кері сатып алуды (buyback) жариялады.

Endeavour Silver

Freedom сарапшылары күмістің алтынға қарағанда артта қалып келе жатқанын атап өтуде, бірақ нарықтағы тұрақсыздық (волатильность) күшейсе, күміс бағасы күрт өсуі мүмкін деп санайды. Endeavour Silver компаниясы жаңа Terronera күміс кен орны арқылы өндіріс көлемін екі есе арттырып, қаржылық ағымын күшейтуді жоспарлап отыр. Компания акциялары қазіргі уақытта жеңілдікпен сатылып жатыр, бұл олардың құнының өсу мүмкіндігін көрсетеді.

Centene

Medicaid бағдарламасы бойынша медициналық сақтандыру қызметін ұсынатын компания мемлекет қолдауына және АҚШ-тағы нарықтың қатаң реттелуіне байланысты тұрақтылықты сақтап отыр. Сарапшылардың айтуынша қазіргі P/E көрсеткіштері төмен, ал 2025 жылғы кіріс бойынша болжам оң. Сауда соғыстарынан туындаған тәуекелдерден қорғауға арналған активтерге инвесторлардың назарын аудару арқылы Centene акциялары пайда табуы мүмкін.

Visa және PayPal

Цифрлық төлемдер қазіргі экономиканың негізі болып табылады. Екі төлем платформасы да маржаға түсетін қысымға қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр. Оларға шамамен әрқайсысы $15 млрд көлемінде кері акцияларды сатып алу бағдарламасы мен жоғары еркін ақшалай ағын (FCF) қолдау көрсетуде. Visa мен PayPal бизнесі баж салықтарына тәуелділігі аса үлкен емес. 2018–2020 жылдардағы сауда соғысы кезінде олардың акциялары нарықтағы түзетулерден кейін жылдам қалпына келетінін көрсетті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары