Morningstar Polaris пен тағы 9 акцияны «қазір сатып алуға лайық» деп атады

Morningstar инвестиция және рейтинг агенттігі ұзақмерзімді инвесторлар үшін жете бағаланбай отырған, әрі қызықты он компанияның акциясын таңдады. Бұл тізімге машина жасау мен фармацевтика секілді әртүрлі салалардан компаниялар енді. Morningstar дерегінше барлық компаниялар бәсекелестік артықшылыққа, болжамды ақшалай ағынға және капиталды тиімді бөлуге ие, бірақ соған қарамастан олардың әрқайсысы нарықта 31–55% аралығында бағаланбаған.
Polaris
Тізімдегі ең бағаланбаған акция — қар мен жолсыз жерге арналған техника өндірушісі Polaris. 30 сәуірдегі саудада оның акциясы әділ бағадан 55% арзан — $75 деңгейінде саудаланды. Компания электрлі көліктер мен жаңа сегменттерге ену арқылы бизнесті кеңейтіп жатыр. Morningstar сарапшысы Хайме Кацтың айтуынша, Polaris ғылыми-зерттеу және жоғары сапалы өнім, операциялық тиімділік пен бірігу стратегиясының арқасында жақсы болашаққа ие.
Nike
Nike — негізгі санаттар мен өңірлердегі ең ірі спорттық аяқкиім және киім бренді болып қала береді. Morningstar сарапшысы Дэвид Свартц компания қазіргі сұраныстың төмендеуі мен импорттық баждарға тәуелділікті маркетингті қайта жандандыру, бөлшек саудамен және спорт қауымдастығымен қарым-қатынасты қалпына келтіру арқылы жеңе алады деп санайды. Nike акциялары әділ бағасынан екі есе төмен — $112.
Yum China
KFC және Pizza Hut брендтерінің Қытайдағы операторы елдегі экономикалық баяулауға қарамастан нарықтағы үлесін арттырып жатыр. Morningstar ұзақ мерзімді қозғаушы факторлар ретінде кеңсе қызметкерлерінің көбеюі, табыстың артуы және отбасылардың кішіреюін атайды. Yum China акциясы әділ бағадан 43% төмен.
Pfizer
Pfizer акциялары әділ бағадан 42% арзан — $42. Компанияның ауқымы жаңа дәрі-дәрмек әзірлеуде үлкен бәсекелік артықшылық береді, ал портфельдің әртүрлілігі патенттердің аяқталуына тәуелділікті азайтады. Pfizer онкология мен иммунология саласында жаңа өнімдер шығарып жатыр, бұл COVID-19 вакциналарының сатылымының төмендеуін өтейді.
Campbell
Campbell Soup консервілер мен сорпалар өндірісімен айналысады және брендтерінің (Campbell’s, Pace, Prego, Swanson) күші мен баға саясаты арқылы тұрақтылықты көрсетіп отыр. Компания 2028 жылға дейін $250 млн үнемдеуді жоспарлап, шығындарды қысқартуда. Қазіргі баға әділ құнынан 40% төмен — $61.
TSMC
TSMC — әлемдегі ең ірі микрочип өндіруші (нарықтағы үлесі 60%-дан көп). Morningstar сарапшысы Феликс Ли екі факторды атап өтеді: біріншісі — жартылай өткізгіштер нарығындағы бірігу тренді, екіншісі — жасанды интеллект, IoT және HPC қосымшаларының органикалық өсуі. Акциялар әділ бағадан 36% арзан — $262.
Brown-Forman
Jack Daniel’s және басқа премиум сусындар өндірушісі алкогольдің қымбаттауынан ұтып отыр. Компанияның бренді мен тарихы мықты. Бірақ Morningstar салық тәуекелдері мен craft өнімдерден бәсекені атап өтеді. Акциялар әділ бағадан 33% төмен — $52.
Alphabet
Google холдингі жарнама, бұлтты есептеулер және роботтакси сияқты бірнеше бағыт бойынша жетекші орында. Антимонополиялық қысым бар, бірақ сарапшы Малик Ахмед Хан интернет-жарнамада Google-дың көшбасшылығын сақтайтынына сенімді. Акциялар әділ бағадан 33% төмен — $237.
Thermo Fisher Scientific
Thermo Fisher — биофарма және ғылыми зерттеулерге арналған құралдар мен шығын материалдарын жеткізуші. Компания өнім желісі мен өндірістік ауқымының арқасында нарық үлесін ұстап тұр. Қазіргі бағасы әділ құнынан 32% төмен — $630.
GSK
GSK ескі дәрілерді жетілдіруден инновациялық шешімдерге көшіп жатыр. Ол дамушы нарықтарға шығып, әртараптандырылған портфелімен бәсекеге қабілетті. Сарапшы Джей Ли GSK келесі онжылдықта ЖРВИ, ВИЧ пен вакциналар нарығында негізгі ойыншы болып қала береді дейді. Акциялар әділ бағадан 31% арзан — $58.








