БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорк таңы: сауда бағытын АҚШ-тың Еңбек министрлігінің статистикасы анықтайды

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорк таңы: сауда бағытын АҚШ-тың Еңбек министрлігінің статистикасы анықтайды

Freedom Capital Markets Research зерттеу директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына күнделікті шолуы және болжамы.

Не күтілуде

Бүгін инвесторлардың назары АҚШ Еңбек министрлігінің сәуір айындағы дәстүрлі есебінде болады. Онда ауыл шаруашылығынан тыс жаңа жұмыс орындары туралы статистика (non-farm payrolls) жарияланады. Freedom Broker болжамы бойынша жұмыс орындарының саны 130 мыңға өседі – бұл нарық күткен деңгеймен сәйкес келеді. Егер нақты көрсеткіш 100 мыңнан төмен болса, бұл инвесторлар үшін теріс сигнал болады. Сондай-ақ, жұмыссыздық деңгейі бойынша деректер ұсынылады (консенсус: 4,2%). Сәуір айында жұмыссыздық бойынша апта сайынғы өтініштер саны аз болғандықтан, бұл көрсеткіштің күрт өсуі екіталай.

Қытай АҚШ-пен сауда келіссөздерін бастау мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Бұл Трамптың Қытай тауарларына жоғары тарифтер енгізген сәттен бергі алғашқы ілгерілеу десе болады. Алайда Қытай Сауда министрлігі келіссөз басталуы үшін АҚШ біржақты баж салықтарын алып тастауға дайын болуы қажет екенін тағы да қадап айтты.

Негізгі сауда басталғанға дейін: ExxonMobil (XOM); Chevron (CVX); Shell (SHEL); Eaton Corporation (ETN); Apollo (APO); DuPont (DD); Cboe Global Markets (CBOE) компаниялары есептерін жариялайды.

Америкалық индекстердің фьючерстері оң аймақта. Күндіз жоғары құбылмалылық күтіліп отыр, ал тәуекелдер тепе-тең.

S&P 500 болжамды диапазоны: 5510–5700 (алдыңғы жабылу деңгейінен –1,7% бен +1,7% аралығында).

Нарық назарында 

Apple (AAPL)

компания екінші қаржы тоқсанында бір акцияға $1,65 пайда тапқаны жайлы және $95,36 млрд табысы туралы жариялады. Бұл көрсеткіштер сарапшылар күткеннен сәл жоғары болды – бұған iPhone сатылымының $46,84 млрд-қа жетуі әсер етті. Алайда сервис табысы мен Қытайдағы көрсеткіштер күтілгеннен төмен болды. $100 млрд-тық акцияларды кері сатып алу бағдарламасына қарамастан, акциялар арзандап кетті.

Amazon (AMZN) компаниясының тоқсандық табысы 9%-ға өсіп, $155,7 млрд болды, таза пайда – $17,1 млрд. Бұл – болжамдардан жоғары. AWS табысы $29,2 млрд-қа (+17%), жарнама табысы $13,9 млрд-қа (+19%) жетті. Алайда екінші тоқсанға арналған операциялық кіріс бойынша болжам Уолл-стрит күткеннен төмен – бұл АҚШ тарифтері жағдайында табыстылық тұрақтылығына күмән тудырды.

Atlassian (TEAM) акциялары 15%-ға құлдырады. EPS – $0,97 (күтілген: $0,93), табыс – $1,357 млрд (күтілген: $1,35 млрд). Бірақ келесі тоқсанға арналған консервативті болжам инвесторларды қанағаттандырмады.

Block (XYZ) компаниясы бірінші тоқсанда тұрақты нәтижелер көрсетті және Square, Borrow және Afterpay бағыттары бойынша өсуді жеделдету жоспарын жариялады. Макроэкономикалық белгісіздікке қарамастан, басқарма өз стратегияларына сенімді. Жыл соңына дейін жалпы кірісті 12%-ға арттыруды жоспарлап отыр.

Нарықтағы бір күн бұрынғы жағдай 

Америка биржаларындағы сауда 1 мамырда оң аумақта аяқталды, бірақ күндізгі максимумдардан төмен деңгейде: S&P 500 +0,63%, Nasdaq 100 +1,1%, Dow Jones +0,21%, Russell 2000 +0,6%.

Технологиялық сектор 1,5%-ға өсті — бұл бигтехтердің жақсы есептері мен деректер орталықтарына салынатын инвестиция көлемін арттыру, сондай-ақ ЖИ-технологияларды монетизациялаудағы жетістіктерімен байланысты.

Сонымен қатар, чип өндірушілер, энергетикалық және телекоммуникациялық компаниялар да өсім көрсетті. Денсаулық сақтау секторы сауда сессиясын теріс аймақта аяқтады.

Маңызды жаңалықтар болмағанымен, Мексика президенті Клаудия Шейнбаумның Дональд Трамппен табысты келіссөздер жүргізгені және диалогтың жалғасатынын мәлімдеуі нарыққа оң әсер етті.

ISM өндірістік PMI сәуірде 48,7 болды (күтілгені: 48,1), наурызда — 49. S&P Global PMI финалдық мәні – 50,2 (күтілгені: 50,7). Бірінші рет жәрдемақы сұрағандар саны – 241 мың (қазаннан бергі максимум), күтілгені – 225 мың. Құрылыс шығындары наурызда +0,5% м/м (ақпанда +0,7%, болжам +0,3%).

Компанияларға қатысты жаңалықтар

— CVS Health компаниясының (CVS: +4,1%) бірінші тоқсандағы кірісі пен пайдасы болжамнан жоғары болды. Сақтандыру қызметі сегментіндегі нәтижелер сақтандырылған адамдар санының өсуі мен медициналық төлемдер коэффициентінің (MLR) төмендеуі есебінен жақсарды. Компанияның түзетілген жылдық пайда болжамы $5,75–6-дан $6–6,2 аралығына көтерілді.

— Bloomberg мәліметтері бойынша Ақ үй Nvidia (NVDA: +2,5%) чиптерін БАӘ-ге сатуға арналған шектеулерді жеңілдетуді қарастыруда, болжам бойынша, Трамп бұл туралы Таяу Шығысқа сапарында мәлімдеуі мүмкін.

— Eli Lilly (LLY: −11,7%) акциялары компания есебін жарияланғаннан кейін төмендеді. Бұл компанияның қаржылық нәтижелерін қысымға түсірген фактор Novo Nordisk (NVO: −1,3%) компаниясының өз салмақ тастау дәрісін Wegovy CVS Health сақтандыру бағдарламаларының басым тізімдеріне қосуы болды, бұл оның бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

— Qualcomm (QCOM: −9%) акциялары смартфондар, автомобиль электроникасы және IoT сегменттерінің жақсы нәтижелері арқасында пайда мен кірісі бойынша болжамдарды асыра орындады, алайда лицензиялау бағыты кейбір инвесторларды қанағаттандырмады.

— Kohl's (KSS: +7,8%) бірінші тоқсан бойынша акцияның пайдасы мен салыстырмалы сатулар бойынша нарықтық болжамды асырып көрсетті. Сонымен қатар, компания бас директорының жеткізушілермен жасалатын операциялардағы мүдделер қақтығысы есебінен жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары