БастыSmall Caps
Бөлісу

CaliberCos шағын компаниясының акциялары Hyatt-пен келісімшарттан кейін күрт өсті

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
CaliberCos шағын компаниясының акциялары Hyatt-пен келісімшарттан кейін күрт өсті

Жылжымайтын мүлікке инвестиция жасайтын CaliberCos микрокомпаниясының акциялары Hyatt-пен эксклюзивті келісім аясында қонақүйлер салу туралы жаңалықтан кейін 6 мамырда 12%-дан астамға қымбаттады. Компания Hyatt Studios брендімен 15 қонақүй салып, оларды өзі басқаратынын хабарлады.

Егжей-тегжейлі

6 мамыр, сейсенбі күні Nasdaq биржасында Caliber акциялары 12%-дан астам өсіп, $5,53 деңгейіне жетті. Сол күні кеңейтілген сауда сессиясында тағы 7% қосты.

Сейсенбі күні компания Hyatt Hotels Corporation құрылымымен эксклюзивті даму келісіміне қол қойғанын жариялады. Оған сәйкес, Caliber-дің еншілес компаниясы АҚШ-тың бес штатында алдағы 3–5 жыл ішінде ұзақ мерзімді тұруға арналған Hyatt Studios брендімен 15 қонақүй салады.

Қазіргі таңда Caliber басқаруындағы активтер көлемі $2,9 млрд шамасында. Компания Hyatt-пен келісім арқасында $400 млн көлемінде қосымша актив алатынын болжауда. Бұл табыстылықты арттырып, операциялық маржа, жылдық кіріс және бір реттік түсімдердің елеулі өсуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Caliber үшін бұл неге тиімді?

Caliber АҚШ-та қонақүйлер саны 2020 жылғы қаңтармен салыстырғанда қысқарғанын атап өтті. Сонымен қатар жаңа құрылыс қарқыны тарихи тұрғыда төмен болып отыр, ал соңғы уақытта қонақүй нөмірлеріне сұраныс қайта қалпына келе бастаған. Осы факторлар Hyatt Studios желісін дамытуды орынды етеді.

Hyatt Studios бренді алғаш рет 2023 жылы ұсынылған. Ол ұзақ мерзімді тұруға арналған және орта–жоғары баға сегментіне бағытталған. Caliber салатын қонақүйлерде шамамен 122 люкс-апартамент болады. Онда асүй, тегін интернет, takeaway таңғы ас, электромобильдерге арналған қуаттау станциялары, 24/7 дүкен, өзін-өзі қызмет ететін кір жуатын орын, фитнес-зал және үй жануарларымен бірге тұру мүмкіндігі қарастырылған.

Компания хабарламасында айтылғандай, Caliber жаңа қонақүйлерді әзірше бұл бренд ұсынылмаған штаттарда салады. Алғашқысы 2025 жылдың төртінші тоқсанында Техас штатындағы Джорджтаунда бой көтереді. Екінші нысан 2026 жылдың екінші тоқсанында Аризона штатындағы Скоттсдейлде салына бастайды. Егер нарық жағдайы қолайлы болса, Caliber бұл келісімді кеңейтуді көздеп отыр.

Caliber туралы не білеміз?

2009 жылы құрылған Caliber өзін “қаржылық дағдарыс кезінде шыңдалған” компания ретінде сипаттайды. Алғашында ол проблемалық активтерді сатып алумен айналысқан. Қазір компания аккредиттелген инвесторларға жылжымайтын мүлікке бағытталған бес түрлі қорға қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Солардың бірі — Caliber Hospitality Trust, ол қонақүй нысандарын салып, кейін оларды басқарады. Бұл траст өзін UPREIT құрылымына ұқсас жеке корпорация ретінде сипаттайды. Мұндай құрылым актив иелеріне өз мүлкін траст үлесіне айырбастауға мүмкіндік береді, соның арқасында олар салықтық жеңілдіктер алады.

Акциялар жағдайы 

Жыл басынан бері Caliber акциялары 60%–дан астамға арзандады. Ең ірі құлдырау 16 сәуірде тіркелді — сол күні компания нарықтық капитализациясының үштен бірін жоғалтты. Себебі — шамамен $900 мың көлемінде допэмиссия өткізу туралы шешім болды. Акциялар инвесторларға елеулі жеңілдікпен ұсынылған еді.

$7,2 млн көлеміндегі өте шағын нарықтық капитализациясы бар компания үшін мұндай сомаға мұндай шартпен қаражат тарту қаржыландырудағы баламалы көздердің қажет екенін және шұғыл капитал тапшылығын білдіреді, деп жазды Stock Titan платформасы.

MarketWatch дерегі бойынша, Caliber компаниясының қызметін тек бір аналитик бақылайды. Ол бұл акцияны сатып алуға кеңес береді, ал мақсатты баға $80 деп көрсетілген. Бұл — қазіргі жабылу бағасынан 14,5 есе жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары