БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Wells Fargo 1 трлн долларлық капитализацияға алғаш жететін банкті атады

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Wells Fargo 1 трлн долларлық капитализацияға алғаш жететін банкті атады

Егер бұл инвестициялық банк аталған межеге жетсе, онда ол Apple мен Nvidia сынды «Керемет жетілікке» кіретін технологиялық алпауыттармен бір қатарға шығады.

Wells Fargo сарапшыларының болжамынша, америкалық қаржы алпауыты JPMorgan Chase & Co алдағы үш жыл ішінде өз саласында алғашқы болып нарықтық құны 1 трлн долларға жететін банкке айналуы мүмкін. Сарапшылардың айтуынша, табыстылық, операциялық тиімділік пен нарықтағы үлес қазіргі деңгейінде сақталса, мәселе оның қашан болатынында болады.

Егжей-тегжейі

Wells Fargo сарапшыларының болжамынша, JPMorgan — 1 трлн доллар нарықтық құнына бірінші болып жететін банк болуы мүмкін. Егер АҚШ-тың ең ірі банкі табысы, тиімділігі және нарықтағы үлесі бойынша көшбасшылығын сақтап қалса, бұл межеге жету — тек уақыт еншісіндегі шаруа, дейді Wells Fargo сарапшысы Майк Майо.

Оның айтуынша, JPMorgan үш жылдың ішінде-ақ бұл көрсеткішке жетуі ықтимал. Бірақ ол үшін бұл жолда капиталға қойылатын талаптардың күшеюі, шығындардың артуы немесе қазіргі бас директордың орнына келетін адамға қатысты белгісіздік сияқты кедергілер болмауы керек. Алайда сарапшы егер рецессия басталса, сауда саясатында қиындықтар туса немесе нарық құлдыраса, мұндай капитализацияға қол жеткізу қиын болатынын ескертті.

Бұл болжам банк қолындағы рекордтық көлемдегі бос капиталды тиімді пайдаланып, акция табысына қатысты баға көрсеткіші (P/E) Дональд Трамптың алғашқы президенттік мерзіміндегі деңгейде сақталса Wells Fargo ұсынған ең оңтайлы сценарий болар еді. Бұл жағдайда JPMorgan-ның акциясына шаққандағы пайдасы 2027 жылға қарай 22 доллардан 25 долларға дейін өсуі мүмкін. Ал пайда жақсы өсіп, реттеушілер жағынан кедергі болмаса, банк алдағы үш жылда 200 млрд доллар шамасында артық капитал жинап, акцияларды кері сатып алу науқанын бастай алады, дейді Wells Fargo мамандары.

Bloomberg мәліметінше, Егер JPMorgan шынымен де 1 трлн долларлық капитализацияға жетсе, ол Apple мен Nvidia сияқты технологиялық алыптар қатарына енеді. 12 мамырдағы дерек бойынша, Apple-дің нарықтық құны — 3,1 трлн доллар, ал Nvidia — 2,9 трлн.

Акциялар жағдайы

12 мамырда JPMorgan акциялары 4,1%-ға өсіп, соңғы екі жарым айдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бұл жаңалық жарияланған кезде инвестициялық банктің нарықтық құны шамамен 724,5 млрд долларды құрады.

Wells Fargo JPMorgan акцияларын сатып алуды ұсынады (рейтинг — Overweight), ал олардың мақсатты бағасы — 300 доллар. Бұл өткен сауданың жабылу бағасынан 18,5%-ға жоғары. Уолл-стриттің консенсус бағалауы бойынша, JPMorgan акцияларының құны 262,2 долларды құрайды. Бұл соңғы жабылу бағасынан тек 4%-ға қымбаттауы мүмкін.

JPMorgan акцияларына баға берген 26 сарапшының 15-і оларды сатып алуды (Buy және Overweight) ұсынса, тағы 10-ы бұрын сатып алынған акцияларды портфельде ұстап тұруды кеңес етті (Hold). Тек бір сарапшы ғана сатуды (Underweight) ұсынды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары