Morningstar қазір сатып алуға тұрарлық 6 small-cap ETF-ті атады

Morningstar рейтинг агенттігі шағын капитализациялы (small-cap) акцияларға инвестиция құятын сатып алуға лайықты алты биржалық қорды (ETF) атады. Агенттіктің пікірінше дәл қазір – мұндай инвестиция үшін ең қолайлы уақыт: шағын компаниялар – қор нарығының ең бағаланбаған сегменті, бірақ ақша-несие саясатының жұмсаруы мен экономиканың өсуі аясында олардың акциялары тез қымбаттауы мүмкін.
Dimensional US Small Cap ETF. Бұл белсенді басқарылатын қор, оның стратегиясы мен портфелін менеджерлер анықтайды. Қор АҚШ нарығындағы ең кіші 10% компанияларға бағытталған.
Dimensional US Targeted Value ETF. Белсенді басқарылатын қор. Ол портфельге акцияларды екі негізгі критерий бойынша таңдайды: салыстырмалы түрде төмен баға және мүмкін болатын ең жоғары табыс.
SPDR Portfolio S&P 600 Small Cap ETF. Индекске негізделген пассивті қор. Ол S&P 600 Small Cap индексіндегі акцияларға бағытталған. Барлық индекстік қорлар сияқты, бұл қор да индекстегі акцияларды автоматты түрде және пропорционалды түрде сатып алып, сатады.
Vanguard Small-Cap ETF. CRSP US Small Cap индексін бақылайтын пассивті қор. Бұл қор тұрақты бизнес-моделі бар, бірақ өсу акцияларына қарағанда табыс әлеуеті төмен құнды компаниялардың акцияларын қамтиды.
Vanguard Small-Cap Growth ETF. Бұл пассивті қор CRSP US Small Cap Growth Index индексіндегі компанияларға бағытталған.
Vanguard Small-Cap Value ETF. Бұл пассивті қор CRSP US Small Cap Value Index индексіндегі құнды қағаздарға инвестиция салады.
Morningstar-дың дәлелдері
Шағын компаниялардың акциялары – қор нарығының ең бағаланбаған сегменті: Morningstar бағалауы бойынша сәуір айының соңында олар өздерінің әділ құнынан 25% арзан саудаланды, дейді агенттіктің АҚШ нарығы бойынша бас стратегi Дэйв Секера. Салыстыру үшін, ірі компаниялардың акциялары бар болғаны 8% төмен бағаланған.
Алайда Секераның болжамынша 2025 жылдың соңында немесе 2026 жылдың басында small-cap сегменті «жандана» бастайды. Өткен жылы олар бірнеше өсу кезеңін бастан кешірді, екеуі – ФРЖ мөлшерлемелерді төмендеткен кезде, ал тағы бірі – Дональд Трамп АҚШ президенті сайлауында жеңіске жеткеннен кейін болды. Тарихи тұрғыдан алғанда ФРЖ ақша-несие саясатын жұмсартқаннан кейін және экономика қалпына келуге дайын болған сәтте, шағын компаниялар ең жақсы нәтижелер көрсетеді, деп түсіндіреді Секера. Оның пікірінше, инвесторлар нарықтың қалпына келуін күтпеуі керек: капиталдың аз ғана ауысуының өзі шағын компаниялар акцияларының өсуіне серпін беруі мүмкін.








