Accelerant IPO: сақтандыру платформасы биржаға шықты

Сақтандыру саласындағы Accelerant Holdings платформасының акцияларымен алдын ала сауда 24 шілдеде Freedom клиенттеріне арналған жүйеде басталды. Бұл компанияға Лондондық «Челси» футбол клубының иелерінің бірі Тодд Боэли инвестиция салған. Акциялар ARX тикерімен қолжетімді. Бейсенбі күні кешке олар Нью-Йорк қор биржасында ресми саудаға шығады.
Егжей-тегжейлі
Accelerant пен оның акционерлері NYSE-дегі IPO барысында $723,7 млн тартты. Олар 34,46 млн акцияны әрқайсысын $21 бағамен орналастырды. Бұған дейін 28,9 млн акцияны $18–20 ауқымында сатпақшы болған. Smartkarma сараптамалық платформасының мәліметінше институционалдық қорлардың жоғары белсенділігімен сұраныс ұсыныстан 10 есе асып түсті. Accelerant енді Нью-Йорк қор биржасында ARX тикерімен саудаланады.
Бағаның өсімі мен көлемнің ұлғаюын ескере отырып, Accelerant компаниясының капитализациясы шамамен $4,7 млрд болды, деп хабарлайды Bloomberg.
IPO-ны Morgan Stanley мен Goldman Sachs ұйымдастырды. Сонымен қатар BMO Capital Markets, RBC, Wells Fargo, Piper Sandler, William Blair, Raymond James және TD Securities листингке атсалысты.
Компания неліктен қызықты
Accelerant — жаңа буындағы сақтандыру компаниясы. Ол корпоративті клиенттерге сақтандыру өнімдерін іске қосуға және сатуға көмектеседі. Компания инвесторлар сақтандыру бағдарламаларын қаржыландыру арқылы сыйақы табатын технологиялық платформа ретінде жұмыс істейді. Бұл модельде сақтандыру компаниялары өз тәуекелдерін азайтады, инвесторлар тұрақты табыс алады, ал Accelerant комиссия арқылы пайда табады. IFR-дің хабарлауынша компания сонымен қатар тәуекелдерді сақтандырумен және қайта сақтандырумен де айналысады.
«Accelerant-тің нақты аналогы жоқ. Ең жақыны — Lloyd’s, бірақ ол көпшілікке ашық емес, баяу дамиды және технологияларды бұл дәрежеде қолданбайды», — деді орналастыруға қатысқан банкир IFR-ге. Оның айтуынша, инвесторлардың көбі Accelerant-ті Ryan Specialty-мен салыстырады, себебі олардың сақтандыру экожүйелері мен сату арналары ұқсас.
Accelerant 2018 жылы құрылған. 2023 жылғы инвестициялық раундта компания $2,4 млрд-қа бағаланған. Bloomberg мәліметінше, Accelerant-тің негізгі акционері — Altamont Capital Partners қоры. Ол IPO-дан кейін де бақылаушы пакетті сақтайды. Компанияға Barings және Тодд Боэлидің Eldridge Industries компаниясы да инвестиция салған.
2025 жылдың бірінші тоқсанында Accelerant-тің табысы $178 млн-ға жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39% артты. Таза пайда $2,1 млн-нан $7,8 млн-ға өсті.
Сарапшылардың пікірі
Freedom Broker сарапшысы Әлем Бектеміровтің айтуынша Accelerant Holdings үшін басты тәуекел — қаржылық тұрақтылық рейтингісінің төмендеуі, бұл клиенттердің кетуіне әкелуі мүмкін. Сондай-ақ сақтандыру нарығындағы бәсекенің күшеюі компанияның үлесін қысқартуы ықтимал. Орташа нарықтық көрсеткіштерге сүйене отырып, компанияның әділ құны — $5,1 млрд немесе акция үшін $23,14, дейді ол. Бұл орналастыру бағасынан 10,2% жоғары өсім әлеуетін білдіреді.
Accelerant өзінің бағалануы EBITDA-ға қатынас бойынша шамамен 20 деңгейінде болады деп күтуде. 2026 жылға болжам — шамамен 15. Бұл межелер амбициялы болып есептеледі, деп жазады Smartkarma. Салыстыру үшін, Ryan Specialty акциялары осы көрсеткіштер бойынша тиісінше 20,9 және 17,6 деңгейінде саудалануда, дейді IFR LSEG деректеріне сілтеме жасап.
Сақтандыру саласындағы ірі рейтинг агенттігі AM Best 2025 жылғы маусымда Accelerant-тің Солтүстік Америка мен Еуропадағы еншілес компанияларының несиелік рейтингтерін A- (өте жақсы) деңгейінде растады. Рейтинг Accelerant тобының жоғары қаржылық тұрақтылығын, «қанағаттанарлық» операциялық нәтижелерін, шектеулі іскерлік бейінін және тәуекелдерді басқарудағы байыпты тәсілін көрсетеді.
Freedom клиенттері Accelerant акцияларына негізгі биржалық сессия ашылмай тұрып қол жеткізе алады. Сауда АҚШ биржалары ашылғанға дейін 2–3 сағат бұрын, яғни Астана уақыты бойынша 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін ARX.US тикерін басыңыз.








