БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ақ үйге қайта оралғаннан кейін Трамп 104 млн $ облигация сатып алды

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Ақ үйге қайта оралғаннан кейін Трамп 104 млн $ облигация сатып алды

Дональд Трамп Ақ үйге қайта оралған соң 100 млн доллардан астам сомаға шамамен 700 инвестициялық мәміле жасады. Ол белсенді түрде облигациялар сатып алды, оның ішінде муниципалдық бондтар мен АҚШ-тың ең ірі Citigroup пен Morgan Stanley-ден бастап Meta мен Qualcomm-ға дейінкорпорацияларының қағаздары бар. Осылайша ол мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін активтерді сатпаған алғашқы америкалық президент атанды. Мұндай жағдай соңғы рет шамамен 50 жыл бұрын болған.

Егжей-тегжейі

АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйге қайта оралғаннан кейін барлығы 690 инвестициялық мәміле жасаған. Бұл 19 тамыз күнгі үш құжаттан белгілі болды, оларды АҚШ Үкіметтік этика басқармасы (OGA) жариялады. Bloomberg есептеуінше, президенттің жалпы сатып алулары кемінде 103,7 млн долларды құрайды.

Трамптың алғашқы сатып алуы инаугурациядан кейінгі күні-ақ жасалды. Оның портфелінде жергілікті билік органдары, мектеп кеңестері, әуежай әкімшіліктері шығарған қағаздар, сондай-ақ корпоративтік қарыз бар. Мысалы, ақпанда ол Qualcomm, UnitedHealth, Home Depot және T-Mobile облигацияларын әрқайсысын 500 мыңнан 1 млн долларға дейінгі сомаға сатып алды. Сонымен бірге ол Meta қағаздарын 250 мыңнан 500 мың долларға дейінгі аралықта иеленді.

Жарияланған деректерде нақты сома мен баға көрсетілмеген. Тек диапазондар ғана берілген (мысалы, 250–500 мың доллар). Ақпарат тек акциялар, облигациялар, тауарлық фьючерстер және басқа да бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерге қатысты ашылады, деп түсіндіреді Bloomberg. Құжаттарда активтерді сату туралы ештеңе айтылмайды.

Bloomberg Ақ үйден президенттің мәмілелеріне қатысты пікір сұрағанымен, жауап алынбады.

Оваль кеңседен инвестиция жасауға бола ма?

Bloomberg миллиардерлер индексіне сәйкес, Трамптың байлығы қазір 6,4 млрд долларға бағалануда. Өз алдындағы президенттерден айырмашылығы, ол активтерін сатпады және оларды тәуелсіз басқарушысы бар «соқыр трастқа» өткізген жоқ: оның бизнес-империясын әлі де ұлдары басқарады, әрі ол президенттік саясатпен тікелей байланысты салаларда жұмыс істеп тұр. Мысалы, Трамп өзінің сауда соғысынан зардап шеккен жеткізу тізбегіндегі компания басшыларымен, сондай-ақ технологиялық сектор өкілдерімен кездескен.

CNBC дерегінше, Трамптың портфеліндегі кейбір компаниялардың облигациялары оның саясатына тікелей әсер еткен.

АҚШ заңдары президенттерге мүдделер қақтығысына әкелуі мүмкін активтерін сатуды міндеттемейді, бірақ Трампқа дейінгі мемлекет басшылары мұны өз еркімен істеп келген, деп еске салады Bloomberg. Трамп 1978 жылы тиісті заң қабылданғаннан бергі мұндай қадамға бармаған алғашқы президент болды.

2024 жылғы декларациясында да Трамп өзінің жеке инвестициялық портфелінде жүздеген облигация бар екенін көрсеткен. Бұлардан бөлек, оның активтеріне Флоридадағы Мар-а-Лаго резиденциясы, Trump Media & Technology Group-тегі үлесі және жүздеген миллион кіріс әкелген криптовалюта жобалары кіреді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары