БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ пен Еуропадағы құлдырау: Трамп Еуроодақ пен Apple-ге жаңа баждар енгізеді

Евгения Ватаманюк

Евгения Ватаманюк

Oninvest тілшісі
АҚШ пен Еуропадағы құлдырау: Трамп Еуроодақ пен Apple-ге жаңа баждар енгізеді

Америкалық қор индекстерінің фьючерстері 23 мамырдағы сауда-саттықта құлдырау көрсетті. АҚШ президенті Дональд Трамп сауда шиеленісін қайта ушықтырды: Truth Social әлеуметтік желісінде жариялаған мәлімдемесінде, басқа елде өндірілген барлық iPhone-ға 25% баж салығын енгізуді жоспарлап отырғанын айтты. Ал Еуроодақ тауарларына 50% қатаң тариф енгізуді ұсынды.

Егжей-тегжейлі

— АҚШ-тың негізгі қор индексі S&P 500-дің фьючерстері 1,5% төмендеді, Ал «көгілдір фишкалар» индекстері саналатын Dow Jones-тың фьючерстері 1,3% жоғалтты. Ең көп жоғалтқан — технологиялық Nasdaq 100: оған қатысты келісімшарттар бірден 1,9% құлдырады.

— Apple акциялары Нью-Йорк премаркетінде 3,5% құлады. Трамп сауда саясатында алғаш рет нақты бір компанияны нысанаға алды. Apple-ден кейін басқа да технологиялық акциялар төмендеді: Micron мен Qualcomm 2,5%-дан астамға құлдыраса, Nvidia құны 3% арзандады, деп хабарлайды CNBC.

— Еуропалық қор индекстері де айтарлықтай құлдырауда: бұл материал жарияланған сәтте Stoxx 600 индексі 1,8%- төмендеген. Германияның DAX индексі 2,5%-ға, ал Францияның CAC 40 индексі 2,7% құлдырады. Ұлыбританияның FTSE 100 индексі 1,3% жоғалты.

— Еуропалық автокөлік өндірушілер индексі 3,6%-ға құлдырады, деп хабарлайды CNBC. Германиядағы саудада Mercedes-Benz акциялары 3,8%-ға арзандаса, Stellantis котировкалары АҚШ премаркетінде 4,3% құлдырады.

— Tesla акциялары алғашында 2% жоғалтып, кейінірек бір бөлігін қайтарып алды. Инвесторлар АҚШ пен ЕО арасындағы сауда текетіресінің ушығуы компанияның Еуропадағы сатылымына кері әсер етеді деп қауіптенуде.

— Құн жоғалтқандар қатарында: еуропалық қаржы ұйымдары мен циклдік тұтыну секторындағы компаниялар. Deutsche Bank пен Societe Generale акциялары тиісінше 6% және 5,5% арзандады. Swatch Group пен Ray Ban брендін өндіретін Essilor Luxottica да шамамен 5% кеміді.

Трамптың пікірі

«Еуропалық одақ — бастапқыда АҚШ-тан сауда саласында пайда табу үшін құрылған өте қиын әріптеске айналды. Олардың қуатты сауда кедергілері, ҚҚС жүйесі, қисынсыз корпоративтік айыппұлдары, тарифсіз шектеулері, валюталық манипуляциялары, америкалық компанияларға қарсы әділетсіз әрі негізсіз сот істері және басқа да әрекеттері АҚШ пен ЕО арасындағы жылдық сауда тапшылығын 250 миллиард доллардан асырып жіберді», — деп жазды Дональд Трамп Truth Social желісінде жұма, 23 мамыр күні (орфографиясы мен пунктуациясы сол күйі сақталған). Ол бұл сомаға «жол беруге болмайды» дейді.

«Олармен жүргізілген келіссөздер еш нәтиже бермеді! 2025 жылдың 1 маусымынан бастап Еуроодаққа 50% тікелей баж салығын енгізуді ұсынамын», — деп мәлімдеді Трамп.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары