АҚШ пен Иран аптаның соңында келіссөздерді қайта бастауы мүмкін — Reuters

АҚШ пен Иран делегациялары осы аптаның өзінде бейбіт келіссөздер үшін Исламабадқа оралуы мүмкін — Reuters / Фото: Zafer Kurt / Shutterstock
АҚШ пен Иран делегациялары осы аптаның соңында Исламабадта келіссөздерді қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды Reuters бес дереккөзіне сілтеме жасап.
«Келіссөздердің басталуына нақты күн әлі белгіленген жоқ, бірақ делегациялар жұма мен жексенбі аралығын бос ұстап отыр», – деді жоғары деңгейлі ирандық дереккөз. Агенттікке сөйлеген тағы бір дереккөзге сәйкес, 12 сәуірде тараптар келісімге келе алмағандықтан, АҚШ пен Ираннан өкілдерін Пәкістанға қайта жіберіп, келіссөздерді жалғастыру сұралған.
Келіссөздердің барысымен таныс екі пакистандық дереккөз Reuters агенттігіне Исламабад келесі раундтың уақытын белгілеу мәселесі бойынша екі тараппен де байланыста екенін хабарлады. Тағы бір аты-жөнін айтпаған пакистандық шенеунік елдің Иранмен қазірдің өзінде байланысқа шығып, екінші раундты өткізуге дайын екендігі туралы оң жауап алғанын атап өтті.
Бұл жаңалық жаңартылуда








