АҚШ-тағы инфляция күтулерден төмен болып шықты. Бұл ФРЖ үшін не білдіреді?

АҚШ-та қыркүйек айындағы инфляция сарапшылар болжағаннан төмен болып шықты. Бұл — үкіметтің 24 күндік шатдауннан кейін жариялаған алғашқы маңызды экономикалық есебі, және ол нарықтарға айтарлықтай серпін берді. Инвесторлар енді келесі аптада Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) мөлшерлемені төмендетеді деп сенімді түрде күтуде.
Егжей-тегжейлі
Тұтыну бағалары индексі (CPI) — АҚШ экономикасындағы тауарлар мен қызметтердің орташа бағасы — қыркүйекте жылдық есеппен 3% болды (тамызда — 2,9%).🔹 Сарапшылар 3,1% өсім күтті, бірақ көрсеткіш төмен шықты. Айлық өсім — 0,3% (болжам: 0,4%). Базалық инфляция (Core CPI), яғни азық-түлік пен энергия бағасын есептемегенде, айына 0,2%, жылдық есеппен 3% болды (болжам: 0,3% және 3,1%).
Деректер шыққаннан кейін АҚШ нарықтары бірден өсті: S&P 500 фьючерстері +0,7%, Nasdaq 100 +0,9% қосты.
Бұл неге маңызды
Бұл — үкімет жұмысы тоқтағаннан бері (шатдауннан кейін) жарияланған алғашқы негізгі макроэкономикалық есеп.
Бастапқыда CPI есебі 15 қазанда шығуы тиіс еді, бірақ кейінге қалдырылып, тек ФРЖ отырысына бес күн қалғанда жарияланды.
ФРЖ үшін бұл не білдіреді
Федералдық резервтің мақсатты инфляция деңгейі — 2%. Қазіргі көрсеткіш одан жоғары болғанымен, инфляцияның баяулауы ставканы төмендетуге жол ашты.
Bloomberg мәліметінше, нарық қатысушылары дерлік 100% сенімділікпен ФРЖ келесі аптада негізгі мөлшерлемені 25 базистік тармаққа (3,75–4% диапазонына дейін) төмендетеді деп күтуде.
Жыл соңына дейін тағы бір мәрте осындай қысқарту болуы мүмкін деген болжам бар. JPMorgan-ның жаһандық нарықтар жөніндегі бас сарапшысы Эндрю Тайлер былай дейді: «Біз нарықтың күтулеріне қосыламыз. Тек ерекше тәуекелдер ғана ФРЖ-ны мөлшерлемені төмендетуден бас тартуға мәжбүр ете алады».








