БастыЖаңалықтар
Бөлісу

ASML 2026 жылы сатылым төмендемейді деп уәде берді. Ралли жалғаса ма?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

ASML 2026 жылы сатылым төмендемейді деп уәде берді. Ралли жалғаса ма?

Еуропаның ең қымбат жария компаниясы саналатын Нидерландтық ASML инвесторларды тыныштандырып, Қытайдағы сұраныстың әлсіреуіне қарамастан, 2026 жылы сатылым көлемі 2025 жылмен салыстырғанда азаймайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ компания ағымдағы жылдың соңғы тоқсанына оптимистік болжам ұсынды.

Чиптерді терең ультракүлгін сәулемен басып шығаратын жабдықтың әлемдегі жалғыз жеткізушісі ретінде ASML-дің болжамы нарық қатысушылары үшін ерекше маңызды болды. Себебі жаһандық белгісіздік жағдайында компанияның келесі жылы өсуге кепілдік бере алмауы инвесторларды алаңдатқан еді.

Компания басшысы Кристоф Фуке тоқсандық есепті жариялау кезінде былай деді: «Біз 2026 жылғы таза сатылым көлемі 2025 жылғыдан төмен болады деп күтпейміз. Толық мәліметті қаңтар айында ұсынамыз».

ASML 2025 жылы таза сатылымын шамамен 15%-ға арттыруды, ал жалпы маржаны 52% деңгейінде сақтауды көздеп отыр. Сондай-ақ компания өте күшті төртінші тоқсанды күтетінін атап өтті.

Инвесторлар үшін маңыздылығы

Бұл түсініктеме инвесторлар үшін аса маңызды болды, себебі шілде айындағы акциялардың құлдырауынан кейін ASML алғаш рет 2026 жылға нақты бағыт ұсынды. Ол кезде компания экономикалық және саяси белгісіздікке байланысты өсуге кепілдік бере алмайтынын ескерткен болатын (CNBC).

Фуке атап өткендей, жасанды интеллект саласына инвестициялар қарқынды өсіп келеді және бұл үрдіс ASML клиенттерінің санының артуына әсер етуде — әрі жетілдірілген процессорлар сегментінде, әрі заманауи DRAM жады бағытында.

Алайда ол Қытайдағы сұраныс төмендеп, 2026 жылы бұл елдегі сатылым 2024–2025 жылдардағы рекордтық көрсеткіштерден айтарлықтай азаятынын ескертті.

Қаржылық нәтижелер

ASML-дің 2025 жылдың үшінші тоқсанындағы сатылымы €7,5 млрд болды (нарық консенсусы — €7,7 млрд).

Сонымен қатар компания €5,4 млрд көлемінде жаңа тапсырыс қабылдады, бұл сарапшылардың (€4,9 млрд) күткенінен әлдеқайда жоғары нәтиже, деп хабарлайды Bloomberg.

Акциялар динамикасы

Тоқсандық есеп пен болжам жарияланғаннан кейін ASML акциялары Амстердам биржасында 3,8%-ға өсті.

Дегенмен Jefferies талдаушысы Джанардон Менон есепке күмәнмен қарады: «Бұл нәтижелер «бұқаларға да», «аюларға да» нақты аргумент бермейді. Осындай күшті раллиден кейінгі тапсырыс қарқыны мен 2026 жылға өсуге сенімсіздік — акциялар бағасының айтарлықтай әрі қарай өсуі үшін жеткіліксіздеу», — деп жазды ол.

2025 жылдың басынан бері ASML капитализациясы шамамен 30%-ға өсті, ал қыркүйек айында компания соңғы 20 жылдағы ең үздік айлық нәтиже көрсетті. Соның арқасында ASML Еуропадағы ең қымбат компанияға айналды (Bloomberg).

Менон ASML қағаздары бойынша «ұстай тұру» (Hold) ұсынымын сақтап, мақсатты бағасын €780 деңгейінде қалдырды — бұл ағымдағы бағадан шамамен 8% төмен.

Ал Уолл-стрит сарапшылары жалпы алғанда жұмсақ оптимизммен қарайды: орташа консенсус — «нарықтан жоғары» (Outperform), яғни сатып алуға ұсыныс, ал мақсатты баға 14 қазандағы жабылу деңгейінен 5,7%-ға жоғары.

Bloomberg-тің дерегінше Intel мен Samsung Electronics өз болжамдарын жақсартқаннан кейін төрт ірі брокер ASML бойынша өз ұсынымдарын да көтерген.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары