БастыSmall Caps
Бөлісу

Assassin's Creed әзірлеушісінің акциясы сауда қайта ашылғанда шарықтады

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Assassins Creed әзірлеушісінің акциясы сауда қайта ашылғанда шарықтады

Assassin's Creed, Avatar: Frontiers of Pandora және Star Wars Outlaws ойындарын әзірлеген Ubisoft Entertainment акциясы сауда қайта басталған күні 11%-дан астам күрт өсті. Бір апта бұрын компания есептегі мәселелерге байланысты, кредиттік келісімнің бұзылуына және есептің кешігуіне әкелген қиындықтарды анықтап, биржадан сауданы уақытша тоқтатуды өзі сұраған еді.

Егжей-тегжейлі

Ubisoft акциясы 21 қарашада Париж биржасында 11%-дан астам қымбаттап, €7,54-ға дейін жетті. Сол күні Euronext бір апталық үзілістен кейін капитализациясы €1 млрд болатын компания қағазымен сауданы қайта бастады.

Сауда 13 қарашада тоқтатылған еді. Сол күні бейнеойын әзірлеуші 2025–2026 қаржы жылының 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы жарты жылдық нәтижелерін жариялауы тиіс болатын, бірақ соңғы сәтте есепті кейінге шегеріп, құжаттарды дайындау үшін Euronext-тен сауданы уақытша тоқтатуды сұрады — себебін түсіндірмеді.

Ubisoft есепті 21 қараша, жұма күні жариялап, биржадан оның қағазымен сауданы қайта ашуды қатар сұрады — алып-қашпа әңгіме мен алыпсатарлықтың алдын алу үшін.

Компания неліктен есепті жариялауды кейінге шегерді?

Ubisoft 21 қарашада хабарлағандай, аудиторлар компанияның табыс бөлігін дұрыс емес есептегенін, ал тағы бір бөлігін алғашқы жарты жылдыққа қоспауы тиіс болғанын анықтаған соң, компания есепті қайта қарауға мәжбүр болды.

Бұл жағдай кредиттік келісімнің бұзылуына әкелді. Алайда, компания мәселені «алдағы күндері» қытайлық технологиялық алып Tencent Holdings-пен жасалатын мәміле аяқталған соң, несиелерді мерзімінен бұрын өтейтінін мәлімдеді.

Наурызда компания Vantage Studios атты жаңа креативтік бөлімше құратынын хабарлады. Бұл бөлімшенің аз үлесін Tencent €1,16 млрд-қа сатып алады. «Бұл мәміле компанияны инвестицияға дейінгі шамамен €4 млрд деңгейінде бағалайды», — делінген хабарламада.

Жұма күні компания Tencent инвестициялары оның қарыздық жүктемесін едәуір азайтатынын хабарлады. 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Ubisoft-тың таза қарызы €1,42 млрд болған, ал сатылымдары €657,8 млн-ды құрады.

Tencent-тің инвестициялары Ubisoft-тың трансформациясын да жеңілдетеді, деп жазды компания. Қаңтарда ол креативтік үйлерге негізделген жаңа операциялық модельді таныстыруды жоспарлап отыр. Бұл компанияға көбірек фокус, тиімділік, дербестік және жауапкершілік береді, деп атап өтті ойын әзірлеушісі.

Ссоңғы жылдары Ubisoft түрлі қиындықтарға тап болды, деп жазды Bloomberg: Avatar: Frontiers of Pandora және Star Wars Outlaws сияқты танымал ойындары барған сайын бәсекелі тұтынушылық нарықта сәтсіздікке ұшырады. Жыл басынан сауда тоқтағанға дейін компания акциясы 48% төмендеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары