БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Bayer акциялары екі жылдағы максимумға жетті. Компанияны АҚШ билігі қолдады

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Bayer акциялары екі жылдағы максимумға жетті. Компанияны АҚШ билігі қолдады

Немістің биотехнологиялық концерні Bayer акциялары 2 желтоқсандағы сауда кезінде шамамен 14% қымбаттап, соңғы екі жылдағы ең жоғары деңгейіне — 2024 жылдың қаңтарынан бергі максимумына жетті, деп жазады Yahoo Finance.

Өсім АҚШ-тағы маңызды жаңалықтардан кейін басталды. CNBC-дің мәліметінше АҚШ-тың бас солиситоры (мемлекет атынан Жоғарғы сотта сөйлейтін басты заң кеңесші немесе мемлекеттік адвокат) Дин Джон Сауэр Жоғарғы сотқа Bayer-ге қарсы жаңа талаптарды шектеуді сұрады. Әңгіме Roundup гербицидіне қатысты көп жылдан бері жалғасып келе жатқан даулар туралы. Бұл — арамшөптерді жоюға арналған химиялық препарат. Bayer компаниясына мыңдаған талап арыз түсті: арыз берушілер препараттың қатерлі ісік және басқа да ауыр ауруларға себеп болуы мүмкін екенін айтқан. CNBC еске салғандай, компания осындай істер бойынша бұған дейін-ақ бірнеше миллиард доллар төлеген. Мысалы, биыл наурызда Джорджия штатының соты Bayer-ге 2,1 млрд доллар өтемақы төлеуді міндеттеді. Бұған дейін де бірқатар істер 10,9 млрд долларлық ірі реттеумен аяқталған.

Бас солиситор компанияның «пестицидтерге қатысты федералдық заң штаттардың нормаларынан басым» деген уәжін қолдады. Яғни, егер федералдық деңгейде рұқсат берілсе, штаттар қосымша талап қоя алмайды деген логика.

Bayer бас директоры Билл Андерсон бұл жаңалыққа оң баға берді: «АҚШ үкіметінің қолдауы — маңызды қадам. Бұл ретте фермерлер үшін де үлкен жақсы жаңалық, өйткені оларға реттеушілік тұрғыдан анықтылық қажет», — деді ол.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары