БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Биткоин нарықтың көңіл-күйін бұзды: АҚШ акциялары бес күндік өсімнен кейін құлады

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Биткоин нарықтың көңіл-күйін бұзды: АҚШ акциялары бес күндік өсімнен кейін құлады

1 желтоқсанда биткоин бір сәтте 8%-дан аса төмендеп, $84 000-дан түсіп кетті. Бұл АҚШ қор нарығының жалпы көңіл-күйіне әсер етті. Елдің үш негізгі индексі — S&P 500, Dow Jones Industrial Average және Nasdaq Composite, күнді төмендеумен аяқтап, қатарынан бес күндік өсім сериясын үзді.

Егжей-тегжейлі

S&P 500 кең нарық индексі дүйсенбіде 0,53% төмендеді, технологиялық Nasdaq Composite — 0,38% азайды, ал «көгілдір фишка» индексі Dow Jones Industrial Average бірден 0,9% жоғалтты. Осы уақытта Уолл-стриттің «қорқыныш индексі» саналатын CBOE Volatility Index (VIX) 5,4% секірді. Алайда ол әзірге жоғары құбылмалылықты білдіретін 20 пункт деңгейінен төмен тұр.

Дүйсенбі күні Apple акциялары жаңа рекорд орнатты: олар 1,5% қымбаттап, $283,1-ға дейін жетті. Ал Broadcom акциясы 4,2% құлдырап, Super Micro Computer қағазы 1,3% төмендеді — бұл жасанды интеллект секторындағы жекелеген акцияларда пайда фиксациясының жалғасып жатқанын көрсетеді, деп жазды CNBC. ЖИ чиптерінің ең ірі өндірушісі Nvidia акциясы 1 желтқсанда 1,65% өсті.

Қор биржалары жабылар сәтте биткоиннің құлдырауы шамамен 6%-ға баяулады — капитализациясы ең ірі криптовалюта шамамен $85 700 деңгейінде саудаланды, деп көрсетті CoinGecko. Дүйсенбі күнгі биткоиннің түсуі маржиналды позициялардың шамамен $1 млрд-қа жуығының жойылуына әкелді, деп есептейді Bloomberg. Бір айдың ішінде токен шамамен 30% құнын жоғалтты. Токеннің жаппай сатылымы Coinbase және Strategy сияқты криптовалютаға байланысты компаниялардың акцияларына да әсер етіп, олардың котировкаларын тиісінше 4,8% және 3,3% түсірді.

Brent маркалы мұнай бағасы 1,4% өсті. Бұған себеп, Сауд Арабиясы мен Ресей басқаратын ОПЕК+ ұйымының өндіріс көлемін арттырмай, шикі мұнай добысын қазіргі деңгейде қалдыру туралы шешімі.

Нарықты не қозғалтты?

АҚШ-та Ризашылық күнінен (Thanksgiving) кейін алғашқы толыққанды сауда күні өтті: биржалар 27 қарашада жұмыс істемеді, ал 28-і әдеттегіден ертерек жабылды. Өткен апта Уолл-стрит үшін мықты өсіммен аяқталды: бес сауда күні ішінде Dow мен S&P 500 3%-дан астам көтерілсе, Nasdaq шамамен 5% өсті. Алайда қараша айы өте құбылмалы болды — S&P 500 және Dow айды аздаған өсіммен жапса, Nasdaq 1,5% төмендеп, жеті айлық раллиді үзді.

Енді маусымдық факторлар нарықтың жағында тұр, деп жазады CNBC. Stock Trader’s Almanac деректеріне сәйкес, S&P 500 желтоқсанда орта есеппен 1%-дан астам өседі — бұл 1950 жылдан бергі статистикада жылдың үшінші ең күшті айы болып саналады.

«Акциялар қазір белгілі бір “қорыту кезеңінен” өтіп жатыр, — деді Blanke Schein Wealth Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры Роберт Шайн телеканалға. — Бірақ біз нарықтың фундаменталды негізі мықты күйінде қалып отыр деп есептейміз, әсіресе Федрезервтің келесі аптада [9–10 желтоқсан] ставканы тағы да төмендетуі жоғары ықтимал екенін ескерсек».

Дүйсенбіде жарияланған деректер АҚШ-тың өңдеуші өнеркәсібіндегі қараша айындағы іскерлік белсенділік соңғы төрт айдағы ең жоғары қарқынмен қысқарғанын көрсетті, деп жазды Bloomberg. Жұма күні инфляцияға қатысты маңызды көрсеткіш — қыркүйектің жеке тұтыну шығындары индексі (PCE) жарияланады. Апта ішінде бұған қоса басқа да маңызды мәліметтер шығады: қарашадағы жеке сектордағы жұмыспен қамту бойынша ADP есебі және желтоқсанға арналған тұтынушылық сенімнің алдын ала бағалауы, деді агенттік. Алайда маңызды деректердің бірі — еңбек нарығы бойынша ресми есеп, ФРЖ-нің желтоқсандағы шешімінен кейін жарияланады. Бұл «осы аптада ФРЖ-нің күтіліп отырған ставка төмендетуіне қатысты айтарлықтай тосынсый болу мүмкіндігін айтарлықтай шектейді», — деді Bloomberg агенттігіне Forex.com сарапшысы Фавад Разакзада.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары