Chevron санкцияға іліккен «Лукойл» активтерін сатып алуды қарастыруда — Reuters

Энергетикалық гигант Chevron АҚШ санкциясына іліккен ресейлік «Лукойл» компаниясының шетелдегі бизнесінің бір бөлігін сатып алу мүмкіндігін қарастыруда, деп жазды Reuters бес дереккөзге сілтеме жасап. Агенттік мәліметінше, америкалық компания тек өз операцияларымен қиылысатын активтерді зерттеп отыр, ал «Лукойлдың» бүкіл шетелдік портфелі кемі $20 млрд деп бағаланады.
Chevron өкілдері бұл мәселеге қатысты коммерциялық сұрақтарды түсіндірмейміз деп жауап берген.
Өткен аптада АҚШ Қаржы министрлігі әлеуетті сатып алушыларға ресейлік мұнай өндіруші компанияның шетелдік активтері бойынша келіссөз жүргізуге рұқсат берді. Reuters дерегінше, бұл мүмкіндікті инвестқор Carlyle да қарастыруда. Бұған дейін әлемдегі ең ірі шикізат трейдерлерінің бірі Gunvor Group бұл бизнесті сатып алғысы келген, бірақ кейін өтінішін қайтарып алды, деді Bloomberg. Бұл АҚШ Қаржы министрлігі X желісінде Gunvor-ды «Кремльдің марионеткасы» деп атап, оған ешқашан лицензия берілмейтінін мәлімдегеннен кейін болған.








