Ең табанды «аю» Palantir акцияларының рейтингін көтерді
Осы «маңызды оқиғаның» арқасында Palantir акциялары 5 наурыздағы саудада 7%-ға жуық өсті

Әскери және
азаматтық мақсаттарға арналған жасанды интеллект жасаушы Palantir Technologies
акциялары 5 наурыз, сәрсенбі күні 7%-ға жуық өсті. Бұған Уолл-стриттегі ең
үлкен скептиктердің бірі олардың рейтингін қайта қарауы себеп болды. William
Blair сарапшысы Луи ДиПалма өз ұсынысын өзгертіп, тіпті олардың бағасы
ақпандағы рекордтық деңгейден үштен бірге төмендегеніне қарамастан енді акцияларды
сатуға кеңес бермейтін болды. Керісінше дәл осы құлдырау сарапшыны өз
көзқарасын қайта қарауға итермеледі.
Толығырақ
Сәрсенбі күнгі
сауда-саттықта Palantir акциялары 7%-ға өсіп, $90,1-ге жетті. Бұл 24 ақпаннан
бергі ең жоғары жабылу бағасы болды. Мұндай күрт өсу соңғы апталардағы
төмендеумен салыстырғанда керісінше үрдісті көрсетеді: 19 ақпандағы рекордтық
деңгеймен салыстырғанда акциялар 33%-ға ($125,4)арзандаған еді.
2025 жылдың
басынан бері Palantir акциялары 19%-ға өсті, ал соңғы 12 айда олардың бағасы
245%-ға артқан.
Бұған не себеп
болды
Palantir
акцияларына қатысты «аюлық» көзқарасымен танымал маман, William Blair сарапшысы
Луи ДиПалма олардың рейтингін Underperform (нарықтан төмен) деңгейінен Market
Perform (нарықпен тең) деңгейіне дейін көтерді, деп хабарлайды Barron’s.
Сарапшы акциялардың мақсатты бағасын нақтыламағанымен, рейтингтің өзгеруі
«маңызды оқиға» деп есептелейді басылым.
ДиПалма бірнеше
жыл бойы Palantir акцияларын жоғары бағаланған және мемлекеттік
келісімшарттардағы белсенділіктің төмендеуіне осал деп сынап келген еді. Алайда
компанияның нарықтық құны соңғы максимумдардан 30%-дан астамға төмендегеннен
кейін сарапшы өз көзқарасын қайта қарады. Бұл құлдырау инвесторлардың Дональд
Трамп әкімшілігінің әскери шығындарды қысқарту жоспарларына қатысты
алаңдаушылығы салдарынан орын алды, деп жазады Barron’s.
«Palantir
акциялары әлі де жоғары бағаланған және мемлекеттік келісімшарттардың кешігуіне
байланысты олардың 40%-дан астамға төмендеу қаупі бар. Бірақ оң факторлар да
бар. Егер нарық қайтадан тәуекелді активтерге қаржы сала бастаса, акциялар
өздерінің бұрынғы ең жоғары деңгейіне оралуы мүмкін», – деп атап өтті ДиПалма Barron’s-қа
берген түсініктемесінде.
АҚШ-тың әскери
шығындарын қысқарту Palantir акцияларының құлдырауына себеп болғанымен, жағдай
ойлағандай күрделі болмауы мүмкін, дейді сарапшы. Оның айтуынша Palantir
бағдарламалық жасақтамасы билікке шығындарды азайту бастамаларына көмектесе
алады. Сонымен қатар, компания ірі әскери келісімшарттар бойынша жұмысын
жалғастыруда. ДиПалма Palantir-дің «жасанды интеллект саласындағы бай
тәжірибесін» ерекше атап өтіп, соңғы тоқсандағы тапсырыстардың өскенін тілге
тиек етті, деп жазады MarketWatch.
Басқа
сарапшылар не дейді
Ақпан айында Loop
Capital инвестициялық компаниясы Palantir акцияларын бақылауды бастап, оларды сатып
алуға кеңес берді. Олардың мақсатты бағасы – $141, бұл сәрсенбі күнгі жабылу
бағасынан 56% жоғары.
MarketWatch
мәліметінше Palantir акцияларын 26 сарапшы талдап отыр. Ең танымал ұсыныс –
бұған дейін сатып алынған акцияларды портфельде ұстау (Hold, 14 сарапшы). Тағы
сегіз сарапшы сатып алуды (Buy және Overweight) ұсынады, ал қалған төртеуі
акциялардан құтылуды (Sell) жөн санайды.
Уолл-стрит
сарапшыларының Palantir акциялары бойынша ортақ мақсатты бағасы – $95,2. Бұл
олардың қазіргі бағасынан 6%-ға
жоғары.








