БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Еуропалықтар АҚШ-тан кетуде, фэмили-кеңселер үзіліс алды

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Еуропалықтар АҚШ-тан кетуде, фэмили-кеңселер үзіліс алды

Еуропалық

инвесторлардың америкалық активтерге деген пессимизмі өсуде, фэмили-кеңселер мәмілелерді

уақытша тоқтатуда, ал Apple алғашқы «бүкпелі» телефонын $2000 бастапқы бағамен

шығаруға дайындалуда. Осы және басқа да мәселелер туралы 7 наурыздағы әлемдік

БАҚ шолуыынан оқи аласыз.

Еуропалық инвесторлар АҚШ-тан капиталын шығара бастады

Еуропалық инвесторлар ақпанда америкалық биржалық

инвестициялық қорлардан (ETF) қаражаттарын шығара бастады. Бұл 2023 жылғы

мамырдан бері алғаш рет орын алып отыр, деп жазады Financial Times. Басылымның

мәліметінше бұл – Еуропадағы инвесторлардың АҚШ акцияларына деген көзқарасының

күрт өзгеруінің белгісі. Сонымен қатар, бұл үрдіс америкалық инвесторлардың

мінез-құлқынан ерекшеленеді.

Мәселен АҚШ акцияларына инвестициялайтын еуропалық ETF ақпан

айында 510 миллион доллар көлемінде қаражаттың кетуіне тап болды. Ал жалпы

Еуропадағы ETF-терге ақпан айындағы капитал ағыны 35,3 миллиард долларға дейін

өсті. Бұған қарама-қарсы мысал ретінде қараша айын айтуға болады: сол кезде

АҚШ-та сайлау өтіп, АҚШ-қа еуропалық инвесторлар салған ETF қаражаты 22,8

миллиард долларға жетті. Бұл барлық еуропалық ETF сатып алуларының шамамен

80%-ын құрады.

Ал АҚШ-та,

керісінше, америкалық активтерге бағытталған ETF ақпан айында 48,1 миллиард

доллар тартылды. Бұл барлық америкалық ETF-терге құйылған қаражаттың

жартысына жуығын құрайды. 

Morningstar  компаниясының Солтүстік Америкадағы пассивті

стратегиялар зерттеулерінің директоры Брайан Армор бұл үрдістің ең айқын

өзгерісі Еуропада орын алғанын атап өтті. Оның пікірінше инвесторлар АҚШ акцияларынан гөрі еуропалық активтерді таңдай

бастаған, бұл геосаяси шиеленістің әсерімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен

қатар, ол капитал ағынының өзгеруінің маңызды негізгі себептерін де атап өтті:  Еуропалық акциялар АҚШ нарығынан екі ай

қатарынан озып келеді.  АҚШ нарығының 31%-ын

құрайтын технологиялық сектор Еуропада бар-жоғы 8%-ды құрайды және жыл басынан бері әлсіз нәтиже көрсетіп келеді. 

Фэмили-кеңселер мәмілелерді тоқтатты 

Жоғары табысты

адамдардың жеке инвестициялық компаниялары бұл аптада нарықтағы тұрақсыздыққа

байланысты мәмілелерді уақытша тоқтатты немесе процестерді баяулатты. Бұл

туралы CNBC арнасы активтерді басқарушыларға сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Инвесторлар АҚШ-тың Канада және Мексикамен сауда

қарым-қатынасын реттеуі туралы Дональд Трамп әкімшілігінің шешімін күтіп отыр. WE Family Offices компаниясының

басқарушы серіктесі Майкл Цойнер:  «Көптеген

инвесторлар акцияларды сатпады және төмен бағамен сатып алуға асықпады. Көпшілік

капиталын әртараптандырып, өтімділікті сақтауды жөн көреді», – деп

түсіндірді. 

Сонымен қатар, фэмили-кеңселердің

бірі Мексикада жұмыс істейтін жеке компанияға due diligence жүргізгенін, бірақ АҚШ

саясаты айқын болғанға дейін мәмілені кейінге қалдыруды шешкенін айтты. 

6 наурызда S&P

500 индексі 1,3%-ға төмендеді, ал үш негізгі индекс апта ішінде 3%-ға жуық

құлдырады. 

Apple алғашқы бүкпелі

смартфонын шығарады

Apple 2026 жылдың

соңына дейін алғашқы бүкпелі iPhone-ды шығаруы мүмкін. TF International

Securities сарапшысы Мин-Чи Куо бұл құрылғының бағасы 2000-2500 доллар

аралығында болатынын болжайды. 

Оның мәліметінше 2027

жылы бұл құрылғының жеткізілімі 20 миллион бірлікке дейін жетуі мүмкін. 

Apple әлі ресми

хабарлама жасамады, ал The Wall Street Journal бұл құрылғының 2026 жылы шығуы

мүмкін екенін былтырғы желтоқсанда жазған еді. 

Инвесторлар Трамп саясатына байланысты капиталын қорғауға

көшті

Инвесторлар

тұрақты табыс пен жоғары өтімділікті қамтамасыз ететін ақша нарығының қорларына

(money market funds) қаржы салуды күшейтті. Financial Times-тың хабарлауынша,

мұндай қорлардың жалпы активтері 7 триллион долларға жетті, ал өткен аптада

олар 51 миллиард долларға ұлғайды. 

Бұл үрдіс АҚШ

президенті Дональд Трамп енгізген жаңа тарифтердің салдарынан Уолл-стриттегі

құбылмалылықтың артуымен байланысты. S&P 500 индексі қыркүйектен бері ең

нашар аптаға тап болса, VIX индексі («қорқыныш индикаторы») 6 наурызда желтоқсан

айынан бергі ең жоғары деңгейіне көтерілді. 

Трамп

Мексикаға тарифтік жеңілдік жасады

АҚШ президенті Дональд

Трамп 2 сәуірге дейін Мексикадан келетін кейбір тауарларға баж салығын уақытша

алып тастады. Бұл қадамды Мексика президенті Клаудиа Шейнбаумға деген құрмет

белгісі деп түсіндірді. 

АҚШ-тың Сауда

министрі Ховард Латник: «Қор нарығындағы күнделікті өзгерістер біздің сауда

саясатына әсер етпейді», – деп мәлімдеді. 

ЕО және Түркия

орталық банктері пайыздық мөлшерлемені төмендетті

Еуропалық Орталық

Банк (ЕОБ) базалық мөлшерлемені 2,65%-ға дейін төмендетті. Бұл 2024 жылдың

жазынан бергі алтыншы рет жасалған қадам. 

Түркия Орталық

Банкі мөлшерлемені үшінші рет қатарынан 42,5%-ға дейін төмендетті. 

Bloomberg

сарапшыларының пікірінше, ЕОБ-тың болашақтағы қадамдары белгісіз: бірі 2026

жылға дейін 1%-ға дейін төмендетуі мүмкін деп күтсе,  басқалары одан әрі төмендетуге орын жоқ деп

санайды. 

Ал Түркияның

Орталық Банкі инфляцияның баяулап жатқанын атап өтті, бірақ экономикалық өсімді

қолдау үшін саясатты жұмсартуды жалғастыратынын мәлімдеді. 

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары