БастыSmall Caps
Бөлісу

Freedom REE Automotive акцияларын сатып алуды ұсынады

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Freedom REE Automotive акцияларын сатып алуды ұсынады

Freedom Broker АҚШ-та листингі бар Израильдің коммерциялық электромобиль өндірушісі REE Automotive-ке алғаш рет рейтинг берді. Брокер акцияларды сатып алуға кеңес береді, ал олардың мақсатты бағасы — $12, бұл ағымдағы бағадан 210% жоғары. 21 наурыздағы сауда жабылуында REE акциялары $3,87 болды, сол күні олар 3,25%-ға арзандаған.

Егжей-тегжейі

Қазіргі таңда REE компаниясы айтарлықтай табыс түсіріп отырған жоқ ($171 мың — 2024 жылдың тоғыз айындағы табыс), алайда Freedom сарапшылары бұл жағдай 2025 жылы түбегейлі өзгеруі мүмкін деп санайды. Бірінші жартыжылдықта компания өзінің флагмандық P7-C электр жүк көлігін сатуды бастауды жоспарласа, екінші жартысында жаппай өндіріс кезеңіне өтпек. Жылына бірнеше жүз көлік жасап, кейін қуаттылықты 10 мың көлікке дейін арттыру көзделуде.

Freedom болжамынша, дәл осы жаппай өндірістің басталуы мен P7-C көліктерінің коммерциялық сатылымы 2029 жылға дейінгі табыстың негізгі драйвері болмақ. Сарапшылар бұл жылы компания табысын $4,5 млрд-қа дейін жеткізеді деп болжайды. Алайда, осы онжылдықта компания табысқа (пайдаға) шығуы екіталай.

Сарапшылар инвесторлар үшін бірқатар қауіптерге де назар аударады. Біріншіден, компания өнімдеріне қызығушылық нақты сұранысқа айналмауы мүмкін, сондықтан табыс кешігуі ықтимал. Екіншіден, акция иелерінің үлесі сұйылуы мүмкін — өйткені компанияға қосымша қаржыландыру қажет болуы ықтимал. Мысалы, Freedom есебінен кейін 18 наурызда REE компаниясы қазіргі және жаңа инвесторларға $27 млн-ға 6,4 млн-ға жуық акция сататынын хабарлады. Бұл жаңалықтан кейін келесі күні акциялар тағы 8,5%-ға арзандап, $3,9 болды.

Компания туралы не білеміз

REE Automotive 2011 жылы Израильде құрылған. 2018 жылдан бастап ол модульдік платформа жасауға кірісті, бұл тұтынушылар сұранысына қарай электромобильдерді жобалауға мүмкіндік береді. Кейін компания тек коммерциялық электромобильдерге назар аудара бастады.

2023 жылы REE өзінің P7-C жүк көліктерін Nissan, Subaru және Stellantis серіктесі Roush Industries инженерлік компаниясының базасында шығара бастады. Бұл жұмысқа REE-дің ең ірі акционері, Үндістандық Motherson автоқұрамдас бөліктер өндіруші компаниясы да атсалысты. Ол компанияның жаппай өндірісін бастау үшін жеткізу тізбегін құруды қолға алды. 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы есепке сәйкес, REE алдын ала электромобильдерге шамамен $137 млн-ға тапсырыс алған.

REE серіктестері қатарында еуропалық Airbus та бар. Олар автономды жүргізу жүйесін бірігіп дамытып, ұшып-қону жолағында сынақтар жүргізіп жатыр.

Компанияның бірегей шешімі — төрт бөлек дөңгелек модульдерден тұратын құрылым. Олар басқару жүйесіне тек сымдар арқылы жалғанады, бұл көлік өлшемін өзгертуге және автопилотқа оңай көшуге мүмкіндік береді, дейді Freedom сарапшысы Дмитрий Поздняков.

Акциялардың жағдайы қалай

2025 жылдың басынан бері REE акциялары 56%-ға арзандады, ал соңғы 12 айда — үштен біріне төмендеді. 2024 жылдың күзі компания үшін қарқынды кезең болды — ол кезде бірқатар ірі жаңалықтар шықты: мысалы, Motherson компаниясы жеткізу тізбегін басқаратыны, $45,35 млн инвестиция тартылғаны және Roush Industries-пен серіктестік келісім жасалғаны хабарланды. Акциялар 12 қарашада $11-ға дейін өсті, бірақ кейін баға төмендей бастады.

Marketwatch деректері бойынша, Freedom ұсынған мақсатты баға Уолл-стриттегі ең пессимистік болжам. Компанияны тек үш талдаушы бақылап отыр, үшеуі де акцияларды сатып алуға кеңес береді. Орташа мақсатты баға — $13,67, бұл соңғы жабылу бағасына қарағанда 3,5 есе жоғары өсім әлеуетін көрсетеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары