Әлемдегі инвестициялық алпауыт компания Freedom Holding-тегі үлесін арттырды

Әлемдегі инвестициялық алпауыт компания BlackRock соңғы есептік кезеңде Freedom Holding Corp.-тағы үлесін арттырды, деп көрсетілген SEC сайтындағы деректе.
Екінші тоқсан қорытындысы бойынша BlackRock Freedom Holding-тің 520 565 акциясына иелік етті, делінген есепте. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда америкалық алпауыттың үлесі 443 965 акцияға өсті.
Market Screener дерегіне сүйенсек, BlackRock — Freedom Holding компаниясындағы акция саны бойынша екінші ірі үлескер. Негізгі акционер — Freedom Holding-тің негізін қалаған Тимур Турлов, ол компания акциясының 69%-дан астамына иелік етеді.
Контекст
Freedom Holding 2019 жылы Nasdaq америкалық биржасында акциясын орналастырған ТМД-дан шыққан алғашқы брокер болды. Содан бері компания қағазы 1000%-дан астам қымбаттады.
2025 жылдың маусымында Freedom Holding акциясы американдық нарықтағы барлық жария компаниялардың 98%-ын қамтитын Russell 3000 индексіне қосылды. Шілдеде қағаз First Trust Financial AlphaDEX Fund (FXO) биржалық қорына енді. Бұл қордың құрамына сондай-ақ Уоррен Баффет басқаратын Berkshire Hathaway инвестициялық холдингінің қағазы, Уолл-стриттің ірі банктері Goldman Sachs пен Citigroup, трейдинг платформасы Robinhood, криптобиржа Coinbase және басқа да компаниялардың қағазы кіреді.








