БастыЖаңалықтар
Бөлісу

LVMH еншілес компаниясы сырттай басқаруға өтті. Акциясын алуға тұрарлық па?

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
LVMH еншілес компаниясы сырттай басқаруға өтті.  Акциясын алуға тұрарлық па?

Италия соты LVMH холдингіне қарасты, элиталық кашемир киімдерін өндіретін Loro Piana компаниясын уақытша сырттай басқаруға берді. Бұған себеп — жеткізу тізбегіндегі еңбек құқықтарының бұзылуы. Loro Piana — Louis Vuitton мен Dior секілді әйгілі брендтермен бірге LVMH құрамына кіреді. LVMH акциялары 2%-дан астамға төмендеді. Айта кету керек, биыл компания Еуропадағы ең қымбат компания мәртебесінен айырылған. Қымбат тауарлар секторы пандемиядан кейін әлі де толық қалпына келген жоқ. Енді инвесторлар бұл салада жылымық кезеңін күтуі керек пе?

Егжей-тегжейлі

Италия соты LVMH құрамындағы Loro Piana компаниясын бір жылға сырттай басқаруға берді, деп хабарлайды Reuters. Бұған себеп — жеткізу тізбегінде еңбек құқықтарының бұзылуы. Тергеу барысында компания тапсырыстарды жалған фирмалар арқылы Италиядағы қытай шеберханаларына жібергені анықталған. Бұл жерлерде жұмысшыларға жалақы уақытылы төленбеген, аптасына 90 сағатқа дейін жұмыс істеуге мәжбүр болған және фабрика ішінде өмір сүрген. Сот қаулысында Loro Piana компаниясы пайда табу үшін мердігерлерін әдейі бақылаусыз қалдырғаны айтылған. Жағдайға бақылау жасау үшін сырттан әкімші тағайындалды. Егер компания еңбек шарттарын жақсартып, жеткізу тізбегін реттесе, сырттай басқару мерзімінен бұрын алынып тасталуы мүмкін, деп атап өтеді Reuters.

Loro Piana мен LVMH өкілдері Reuters агенттігіне түсініктеме беруден бас тартты.

Бұндай дау — итальяндық сән брендтерінің беделіне нұқсан келтірген алғашқы жағдай емес, дейді Reuters. Loro Piana — 2023 жылдан бері сырттай басқаруға берілген бесінші сән бренді. Бұған дейін осындай шаралар Valentino, Dior (ол да LVMH құрамында), Armani және Alviero Martini сияқты компанияларға қолданылған. Италия прокуратурасының мәліметінше, мұндай еңбек тәртібін бұзу жағдайлары — жеке оқиға емес, сән индустриясында кең тараған тәжірибе. Сонымен қатар, әлемдегі люкс тауарларының 55%-ы Италиядағы кішкентай өндірушілерден шығатынын жазады, деп жазады Reuters консалтингтік Bain компаниясына сілтеме жасап.

Инвесторлар үшін маңызды

14 шілде күні Париждегі саудада LVMH акциялары 2%-дан астам төмендеді. Соңғы бір жылда олардың құны үштен бірден көпке арзандап, сәуір айында компания Еуропадағы ең қымбат компания мәртебесінен айырылды.

Сәнді тауарлар секторы пандемиядан кейінгі дағдарыстан әлі толық шыққан жоқ. Сатып алушылар азайған, әсіресе Қытайда. Компаниялар бағаны көтеріп, эксклюзивтілікті сақтап қалғысы келгенімен, бұл тәсіл өзін ақтамады, деп жазады Barron’s. Енді бұл салаға кедендік баж салығы да қосымша қиындық тудырып отыр.

Соған қарамастан, сарапшылар инвесторларға пессимистік көзқараста болмауға кеңес береді. UBS банкі люкс компанияларының бағасы соңғы 15 жылдағы ең төмен деңгейге түскенін атап өтеді. Barron’s мәліметінше, мұндай жағдайлар сирек кездеседі, бірақ тарихи тұрғыда мұндай құлдыраудан кейін 76% жағдайда акциялары 1–3 ай ішінде нарықтан жоғары өсім көрсеткен, ал жарты жыл ішінде 100% жағдайда өскен.

Сондай-ақ, Дональд Трамптың «үлкен әрі керемет» салық заңы бұл секторға қолдау көрсетуі мүмкін. Себебі ол ауқатты адамдарға шамамен 2,3% көлемінде салықтық жеңілдік береді.

UBS стратегы Эндрю Гартвейт: «Сән брендтеріне қатысты енді пессимистік болуды доғаратын кез келді», – дейді.

Габриэлла Сантаниелло, A Line Partners компаниясының бас директоры: «Сәнді тауарлар жоғалған жоқ. 2020 жылдан бері нарықты көтеріп тұрған сатып алушылар қазір бұндай тауарға қол жеткізе алмауы мүмкін. Бірақ нағыз клиент – сәнді затты бағалап, сатып алуды ұнататын адам – әлі де сатып алып жатыр», – дейді.

Сарапшылар пікірі

Шілде басында Goldman Sachs инвестициялық банкі LVMH компаниясын Еуропадағы “Conviction Buy” тізіміне қосты (яғни, сенімді түрде сатып алуға тұрарлық акциялар қатарына), деп хабарлайды Investing.com. Банк сарапшылары қауіп пен әлеуетті пайда арақатынасы тартымды екенін айтып, LVMH сән секторының жаңа өсу кезеңінде нарықтан озып шығуға күшті позицияда тұр деп бағалады. Goldman Sachs-тың сарапшысы Луиза Синглхерсттің айтуынша, LVMH-тың екінші тоқсандағы әлсіз нәтижелері котировкаларға алдын ала ескерілген, ал 2026 жылы Қытай мен АҚШ-та сәнді тауарларға сұраныс қайта жандана бастайды деген үміт бар. «Біз сән сегментінің келесі өсу кезеңіне сенімдіміз және оның көшбасшысы ретінде LVMH компаниясы қайтадан алға шығады деп ойлаймыз. Бұл — оның бизнес ауқымына байланысты», — делінген банктің шолуында.

LVMH акцияларына рейтинг берген 25 сарапшының ішінде тек біреуі олардан құтылуға кеңес береді (Sell). Ал 13 сарапшы сатып алуды (Buy және Outperform), қалған 11-і ұстап тұруды (Hold) ұсынады. Сарапшылардың ортақ консенсус болжамы бойынша, акция бағасының әлеуеті 11 шілдедегі жабылу бағасымен салыстырғанда шамамен 17% өсімге ие.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары