Macy’s сатылымы мерекелік кезеңде төмендеді
Бірақ екі оң фактор компанияның қалпына келе бастағанын көрсетуде

Bloomingdale’s пен Blue Mercury брентеріне ие Macy’s әмбебап дүкендер желісі ең маңызды мерекелік тоқсанда сатылымдардың төмендегенін хабарлады. Сонымен қатар, компания жылдық болжамын әлсіз деп бағалады, бұл оны Foot Locker-ден Walmart пен Target-ке дейінгі басқа америкалық ритейлерлермен ұқсастырады. Дегенмен, Macy’s есебінде компанияның «жандануын» көрсететін екі оң фактор бар. Оның акциялары 6 наурызда бір жылдан астам уақыт ішіндегі ең төменгі деңгейге дейін түсіп, сауданы минуспен аяқтады.
Толығырақ
АҚШ-тағы ең ірі
әмбебап дүкендер желісі Macy’s соңғы тоқсанда сатылымының төмендегенін
хабарлады. Әсіресе, компания үшін маңызды мерекелік кезеңде көрсеткіштер күткендей
болмады. Сонымен қатар, 2025 жылға арналған болжамдары да көңіл көншітпейді.
Дегенмен сарапшылар компания қызметінде оң өзгерістер де бар екенін айтады.
Macy’s 2024
жылдың соңғы тоқсанында (1 ақпанда аяқталды) дүкендердегі және
онлайн-сатылымдардағы табысы өткен жылмен салыстырғанда 4%-ға төмендеп, 7,77
млрд долларды құрады. Бұл сарапшылар күткен 7,87 млрд доллардан аз. Таза
пайдасы 342 млн доллар болды. Өткен жылдың осы кезеңінде компания 128 млн
доллар шығынға ұшыраған еді.
Сатып алушылардың сенімсіздігі, тұтыну әдеттерінің өзгеруі
және бәсекенің күшеюі Macy’s үшін қиындықтар тудырды. 2025 жылы компанияның
табысы 21-21,4 млрд доллар аралығында болады деп болжанып отыр. Бұл да
сарапшылар күткен 21,8 млрд доллардан төмен.
Компания даму бағыттарын өзгертуде
Macy’s соңғы жылдары клиенттерін жоғалтып, қиындыққа тап
болған универмагтар қатарында. Сондықтан компания ірі өзгерістер енгізуді қолға
алды. Ол 150 дүкенін жабуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қалған дүкендердегі
қызмет сапасын жақсарту үшін инвестиция салуда.
2024 жылы компания арнайы 50 дүкенді таңдап, оларда қызмет
көрсету сапасын арттырды, тауарларды ыңғайлы орналастырып, визуалды көріністі
жақсартты. Бұл дүкендерде сатылым деңгейі оң өзгерістер көрсетті. Осыдан кейін
Macy’s тағы 75 дүкенді жаңартуды шешіп, жалпы саны 125-ке жеткізді.
Бас директор Тони Спрингтің айтуынша, бұл өзгерістер
оң нәтиже беруде. Бірақ компания 2025 жылы сатылымның айтарлықтай өсуін
күтпейді.
Инвесторлар не істеуі керек?
Macy’s акциялары соңғы 12 айда 35%-ға, ал 2025 жылдың
басынан бері 22%-ға арзандады. 6 наурыздағы саудада акция бағасы 13,22 долларға
дейін төмендеп, қараша айынан бергі ең төменгі көрсеткішке жетті.
MarketWatch дерегінше 14 сарапшының 8-і бұл акцияларды
ұстауды (Hold), 5-і сатып алуды (Buy және Overweight), ал 1-еуі сатуды (Sell)
ұсынуда. Сарапшылардың орташа бағалауынша, Macy’s акцияларының құны 16,1
долларға дейін өсуі мүмкін, бұл қазіргі бағадан 21%-ға жоғары.
Қорытынды
Macy’s қазір өзгерістер кезеңінде тұр. Сатылым
төмендегенімен, компания дүкендерін жаңартып, қызмет сапасын жақсарту арқылы
нарықта қайтадан бәсекеге қабілетті болуға тырысуда. Бірақ бұл өзгерістердің
нақты әсерін көру үшін уақыт қажет. Инвесторларға компанияның алдағы қадамдарын
мұқият бақылау ұсынылады.








