БастыSmall Caps
Бөлісу

Медициналық small-cap назарда: Barron’s қандай өсу әлеуетін байқады?

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Медициналық small-cap назарда: Barron’s қандай өсу әлеуетін байқады?

Пациенттердің үйінде тамыр арқылы ем (дәрілік ерітінділерді) қоятын Option Care Health small-cap акциясы ұзақмерзімді инвестор үшін тиімді инвестицияға айналуы мүмкін, деп санайды Barron’s. Өткен жылы оның қағазы қатты арзандады, бірақ ауруханадан тыс медициналық қызметке сұраныстың артуы қазір өсуге барлық мүмкіндік береді, деп түсіндіреді басылым.

Егжей-тегжейлі

Ұзақмерзімді инвесторлар Option Care Health қағазына назар аударуы керек. деп санайды Barron’s. Бұл — АҚШ-тағы ең ірі инфузиялық терапия (яғни, тамыр арқылы тамшылатып емдеу) қызметін жеткізуші компания. Ол пациенттерге үйінде де, 170-тен астам амбулаториялық клиникада да қызмет көрсетеді. Компанияның арнайы дәріханасы да бар.

Option Care үйде көрсетілетін медициналық қызметке сұраныстың «қатты өсу» бенефициары. АҚШ-тағы халықтың қартаюы мен созылмалы ауруға шалдыққандар барған сайын комфортты көбірек іздейді, деп түсіндіреді Barron’s. Сақтандыру компаниялары бұл үлгіні құптайды, өйткені ауруханадағы төсектерді босатып, түптің түбінде шығынды азайтады.

Option Care акциясының өсу әлеуеті бар, деп санайды Barron’s. Сонымен мына динамиканы көрсетеді: 2019–2024 жылдар аралығында оның табысы екі еседен астам өсіп, $4,99 млрд-қа жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша тағы кемінде $5,5 млрд-қа дейін 10% өсім күтіледі.

Сонымен бірге Option Care котировкасы 2022 жылдан бері айтарлықтай өзгермеген: соңғы 12 айда акциясы 10,33% арзандады. Жаппай сатылымға компания ассортиментіндегі бір дәрінің өндірушісі баға саясатын қайта қарау туралы шешімі себеп болды. Бірақ бұл инвесторлар үшін акцияға кірудің тартымды сәтін жасауы мүмкін, дейді Barron’s. 2025 жылдың басынан бері Option Care қағазы шамамен 21% қымбаттады.

Басылым еске салғандай, компания қаңтар айында аймақтық Intramed Plus компаниясын стратегиялық тұрғыда сатып алып, АҚШ-тың оңтүстік-шығысында позициясын күшейтті. Barron’s пікірінше, бұл басшылықтың капиталды тиімді бөле алатынын көрсетеді.

Дегенмен, тәуекел де бар — жоғары бәсекелестік. Option Care-дің қарсыластары қатарында медициналық қызмет операторы BrightSpring Health Services, сондай-ақ сақтандыру алпауыттары UnitedHealth Group пен Cigna Group бар.

Сарапшылардың пікірі

Шілдеде Citizens JMP Securities сарапшысы Константин Давидес Option Care акциясына «сатып алу» ұсынысын (Market Outperform рейтингі) растады және мақсатты бағасын $36-дан $38-ға көтерді. Бұл қағаздың ағымдағы котировкаға қатысты 36% қымбаттау әлеуетін құрайды. Давидес компанияның терапиялық портфелінің «тәуекелсіз сипатын» және 2026 жылға қарай нарықтағы үлесінің өсу қарқыны жеделдейтінін атап өтті.

Жалпы, Option Care Health акциясына Уолл-стрит сарапшыларынан 11 рейтинг берілген: олардың оны «сатып алу», ал біреуі ғана «ұстап тұру» кеңесін берген, деп көрсетеді MarketWatch. Орташа мақсатты баға $38,8 құрайды, бұл соңғы жабылу деңгейінен 38,5% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары