БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morgan Stanley трейдингтен, Wells Fargo шығындарын қысқартып пайда тапты

Wells Fargo басшысы белгісіздік пен құбылмалылық сақталады деп ескертіп отыр, ал Morgan Stanley осы жағдайдан табыс табуға үмітті

Евгения Ватаманюк

Евгения Ватаманюк

Oninvest тілшісі
Morgan Stanley трейдингтен, Wells Fargo шығындарын қысқартып пайда тапты

Morgan Stanley трейдингтен түскен рекордтық кіріс арқасында, ал Wells Fargo шығындарын азайту арқылы сарапшылардың болжамынан асып түсті. Wells Fargo басшысы Трамп әкімшілігінің сауда саясатынан туындаған экономикалық белгісіздікті атап, бұл мәселені уақытында шешу қажет екенін айтты. Алайда, екі банктің де акциялары Нью-Йорк биржасында төмендеді.

Толығырақ

— Morgan Stanley: 2025 жылдың алғашқы тоқсанында трейдингтен түсетін кірісті 45%-ға ұлғайтып, 4,13 млрд долларға жеткізді. Бұл банктің тарихындағы ең жоғары көрсеткіш және Уолл-стриттің болжамынан асып түсті. Жалпы кірісі 17%-ға артып, 17,74 млрд долларға жетті. Таза пайдасы 26%-ға ұлғайып, 4,32 млрд долларды құрады, ал акцияға есептелген таза пайдасы (EPS) 2,6 доллар болды (аналитиктер болжамы – 2,2 доллар).

— Wells Fargo: 2025 жылдың алғашқы тоқсанында банк кірісі 3%-ға төмендеп, 20,15 млрд долларды құрады (аналитиктер болжамы – 20,75 млрд доллар). Таза пайыздық табысы 6%-ға төмендеп, 11,5 млрд долларды құрады. Дегенмен  шығындарды азайту арқылы банк таза пайдасын 6%-ға арттырып, 4,89 млрд долларға жеткізді. Акцияға есептелген таза пайдасы (EPS) 1,33 долларды құрады (аналитиктер болжамы – 1,24 доллар).

Wells Fargo резервтеріне 932 млн доллар бөлді. JPMorgan да проблемалық несиелерге 973 млн доллар бөліп отыр. Бұл АҚШ компанияларының экономикалық бәсеңдеу қаупіне дайындалып жатқанын көрсетеді.

Инвесторлар үшін не маңызды

2 сәуірде Трамп жаңа тарифтер енгізгенін жариялағаннан кейін, Уолл-стритте сауда белсенділігінің күрт өсуі байқалды. Morgan Stanley, егер бұл үрдіс жалғасын тапса, трейдингтен түскен табысты екінші тоқсанда да сақтап, инвестициялық-банктік қызметтегі төмендеуді өтей алады деп болжайды, деп жазады WSJ. Morgan Stanley-дің бірінші тоқсанда инвестициялық-банктік кірістері 8%-ға өсті. Егер акциялар нарығындағы сауда белсенділігінің артуы жалғаса берсе, бұл трейдингтен түскен кірісті қолдап, басқа бағыттардағы мүмкін стагнацияны ішінара өтей алады деп атап өтті банк.

Wells Fargo басшысы Чарли Шарф Трамп әкімшілігінің сыртқы сауда саласындағы әрекеттері белгілі бір тәуекелдер тудыратынын атап өтті.

«Біз АҚШ-тың әділ сауда жүргізудегі кедергілерді жоюға деген ұмтылысын қолдаймыз, дегенмен осындай кең көлемді шаралар белгілі бір тәуекелдерді қамтиды», — делінген банк хабарламасында. Ол сондай-ақ, «АҚШ үшін тиімді, дер кезінде реттеу бизнестерге, тұтынушыларға және нарықтарға пайдалы болар еді» деп қосты. Wells Fargo 2025 жылы экономиканың баяулауына дайындалып жатыр, дегенмен түпкілікті нәтиже саясаттағы өзгерістердің уақыты мен сипатына байланысты болады деп атап өтті Шарф.

Саапшылармен сөйлескен кезде Шарф Wells Fargo тұтынушыларға несие саясатын жұмсартудың мүмкіндігін қарастырғанын, бірақ қазір кез келген өзгерістерді тоқтата тұруды шешкенін айтты, деп хабарлайды MarketWatch.

Акциялардың бұған жауабы

• Morgan Stanley: Жұма күні акциялар 0,6%-ға төмендеп, 106 долларға түсті. Қазіргі уақытта банк акциялары жылдың басындағыдан 15%-ға арзан. MarketWatch мәліметтері бойынша, Morgan Stanley акцияларын Уолл-стриттегі сарапшылардың көпшілігі инвесторларға ұстап тұруды ұсынады: 26 сарапшының 17-сі Hold рейтингін берген. Сегізі акцияларды сатып алуды (Buy және Overweight), ал тек бір сарапшы оларды сатуды ұсынады (Underweight).

• Wells Fargo: Акциялар 5,5%-ға төмендеп, 59,7 долларға түсті. Жыл басынан бері банк акциялары шамамен 12%-ға арзандаған. Бұл акцияларға көзқарас жақсырақ: Wells Fargo-ны бақылап отырған 26 сарапшының 18-і акцияларды сатып алуды, жетеуі ұстап тұруды, тек біреуі сатуды ұсынады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары