БастыSmall Caps
Бөлісу

Motley Fool электромобиль нарығы қалпына келгенше сатып алуға ұсынған шағын акциялар

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Motley Fool электромобиль нарығы қалпына келгенше сатып алуға ұсынған шағын акциялар

The Motley Fool басылымы электромобиль сегментіне бағытталған үш шағын компанияға инвесторлардың назар аударуын ұсынады. 2020–2021 жылдардағы қарқынды өсімнен кейін осы нарықтағы көптеген ойыншылардың акциялары құлдырады, алайда басылым бұл тек уақытша қиындықтар деп санайды. Ол қолайсыз жағдайға тап болған нарық қалпына келген кезде ұтысқа ие болатын компанияларды атайды.

Nio

Нью-Йорк қор биржасындағы капитализациясы $8,4 млрд болатын қытайлық электромобиль өндірушісі Nio акцияларының өсуін сауда соғыстары тежеп отыр, алайда The Motley Fool басылымының пайымынша «кез келген келісім туралы белгі немесе макроэкономикалық әрі бәсекелестік факторлардың жұмсаруы» жағдайында бұл акциялар күрт өсуі мүмкін.

2024–2027 жылдары Уолл-стрит срапашылары компания табысы жылына шамамен 26%-ға өседі деп күтуде, деп жазады басылым. Олар сондай-ақ түзетілген EBITDA көрсеткіші оң мәнге айналады деп үміттенеді, себебі бұл өсім премиум-класс автокөліктерінің сатылымының артуымен, шығындарды оңтайландырумен және аккумуляторлар жазылымының кеңеюімен байланысты болады. Бұл қызмет жүргізушілерге компанияның зарядтау станцияларында аккумуляторларын ауыстыруға мүмкіндік береді, ал бұл зарядтаумен салыстырғанда әлдеқайда аз уақыт алады, деп атап өтеді басылым.

EVgo

Капитализациясы $1 млрд болатын зарядтау станцияларын өндіруші EVgo-ның қаржылық көрсеткіштері желі кеңеюі мен жаңа келісімшарттардың арқасында жақсарады, делінген The Motley Fool шолуында.

2022–2024 жылдары компанияның табысы жылына орта есеппен 117%-ға өсіп отырды, деп жазады басылым. Өсім драйверлерінің қатарында зарядтау станцияларын табуға арналған Recargo мобильді қосымшасын сатып алу, сондай-ақ General Motors пен Уоррен Баффеттің Berkshire Hathaway-іне тиесілі Pilot Flying J компаниясымен АҚШ-та зарядтау станцияларын салу жөніндегі серіктестік бар. Уолл-стриттің болжамы бойынша 2024–2027 жылдары табыс орта есеппен жылына 32%-ға өсіп, түзетілген EBITDA оң мәнге ауысады, деп жазады басылым. Салыстыру үшін, 2024 жылы компания табысы 110%-ға өсіп, $155,7 млн-ға жетті, ал түзетілген EBITDA 45%-ға жақсарып, -$32,47 млн болды.

Navitas

Капиталдық құны $1,2 млрд болатын Navitas компаниясының чиптері болашақта дәстүрлі кремнийлі чиптердің орнын басуы мүмкін, деп санайды The Motley Fool. Компания өз өнімдерін галлий нитриді мен кремний карбидінен жасайды, бұл оларға жоғары кернеулер мен температурада жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Уолл-стриттің болжамы бойынша 2024–2027 жылдары Navitas табысы жылына орта есеппен 17%-ға артады. Бұл өсім Nvidia компаниясымен жасанды интеллект (AI) негізіндегі деректерді өңдеу орталығын құру туралы келісіммен, тұтынушылық электроника нарығындағы жылдам зарядтау құрылғыларының таралуымен және электромобильдерге арналған зарядтау құрылғыларында кремний карбиді чиптерін кеңінен қолданумен байланысты болады.

«Navitas — бұл тек электромобиль нарығының қалпына келуіне қысқа мерзімді ставка ғана емес, сонымен қатар дәстүрлі кремний чиптеріндегі революциялық өзгерістерге ұзақ мерзімді ставка», — деп түйіндейді The Motley Fool.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары