Нью-Йорктегі таң: импорт баждары нарықты тұрақсыздық аймағында ұстап тұр
5 наурыздағы қор нарығындағы инвесторлар үшін болжам

4 наурыздағы
негізгі сауда сессиясы АҚШ қор алаңдарында теріс нәтижемен аяқталды. S&P
500 1,22%-ға, Dow 1,55%-ға, Nasdaq Composite
0,35%-ға, Russell 2000 1,08%-ға төмендеді. Ірі технологиялық компаниялар
қысымға ұшырады, алайда Nvidia (NVDA)
+1,69% және Alphabet (GOOGL) +2,34%
көрсеткіштерімен шығындардың бір бөлігін өтей алды. Tesla (TSLA) −4,43% құлдырады, себебі Қытайда
өндірілген электромобильдердің ақпандағы жеткізілімі жылдық есепте 49%-ға,
айлық есепте 51%-ға қысқарды – барлығы 30 688 көлік сатылды. Көшбасшылар қатарында
жылжымайтын мүлік индустриясы (XLRE: +1,21%), ал ең үлкен құлдырауды қаржы
секторы (XLF: −3,54%) бастан өткерді.
Канада мен
Мексика алдыңғы күні енгізілген 25% импорт баждарына жауап ретінде қарсы
шаралар қабылдауда. Бұл қадамға Дональд Трамп қосымша жауап ретінде айна
шараларын енгізетінін мәлімдеді. Сонымен қатар Трамп Қытайдан әкелінетін
тауарларға баж салығын 20%-ға дейін көтерді, бұл бастапқы жарияланған деңгейден
екі есе жоғары. Нарықтағы көңіл-күйге Нью-Йорк Федералдық резерв банкінің
басшысы Джон Уильямстың пікірлері де әсер етті – ол инфляциялық күтілімдерді
мұқият қадағалап отырғанын және импорт баждарының түпкілікті тұтыну бағасына
айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті.
Компаниялардың
жаңалықтары
— Күшейген
сатылымдар көлемі мен Sea Limited (SE: +7,1%) компаниясының e-commerce
және финтех салаларындағы табыстары оның бағамдарын қолдады. Жалпы сауда
айналымы $100 млрд асып, Garena платформасы пайдаланушылар саны мен табыстың
екі таңбалы өсімін болжады.
— On Holding
(ONON: +5,8%) компаниясының жаңа өнімдерді іске қосуы мен жылдың сәтті
басталуы аналитиктердің болжамынан асып түсті. Дегенмен 2025 жылға арналған
консервативті болжам инвесторлар тарапынан сақтықпен қабылданды.
— Best Buy
(BBY: −13,3%) 2026 қаржы жылына әлсіз болжам жасап, жоғары инфляция
күтілетінін мәлімдеді. Компанияның тоқсандық табысы, кірісі және салыстырмалы
сатылымдары болжамнан асып түскеніне қарамастан, акциялар бағасы төмендеді.
— Target (TGT:
−3%) сыртқы сауда саясатының белгісіздігіне, ауа райы тәуекелдеріне және
тұтынушылар сенімінің төмендеуіне негізделген сақтық болжам жасады. Алайда
компанияның нақты көрсеткіштері күтілгеннен жақсы болды.
Алда болатын
оқиғалар
5 наурызда АҚШ-та
маңызды макроэкономикалық деректер жарияланады. Соның ішінде ISM қызмет көрсету
секторының іскерлік белсенділік индексі шығады (консенсус: 52,5, алдыңғы мәні:
52,8). Freedom Broker көрсеткіштің 51,5-ке дейін төмендеуін болжап отыр.
Сондай-ақ, S&P Global қызмет көрсету PMI-інің соңғы бағасы жарияланады,
алдыңғы алдын-ала көрсеткіш 49,7 болғандықтан, оның жоғарылауы мүмкін.
ФРЖ-ның «Бежевая
книга» есебі инвесторлар үшін экономикалық жағдайдың қазіргі бағасы мен
ақша-несие саясатының болашақ бағыты тұрғысынан қызықты болмақ. Сонымен қатар,
7 наурызда жарияланатын АҚШ еңбек министрлігінің негізгі жұмыссыздық
статистикасының алдындағы ADP жұмыспен қамту есебі де жарияланады.
Тәуекелдер мен
нарықтық көңіл-күй
Сауда
шиеленісінің күшеюі – нарықтағы негізгі белгісіздік факторы. Сауда министрі Говард
Латник кейбір өнімдерге баж мөлшерін қайта қарау мүмкіндігін мойындағанымен,
Трамп бұл шараларды жұмсарту бойынша нақты белгі берген жоқ. Ол Конгреске
жолдауында салық жеңілдіктерін ұзарту жоспарларын растады және $52,7 млрд
көлеміндегі жартылай өткізгіштер өндірісін субсидиялау туралы заңды жоюды
ұсынды.
5 наурыздағы
негізгі сауда сессиясының алдында Abercrombie & Fitch (ANF) есебін
ұсынады, ал жабылудан кейін Marvell Technology (MRVL), Veeva Systems (VEEV),
Zscaler (ZS), MongoDB (MDB), Rigetti Computing (RGTI) және Victoria’s Secret
(VSCO) есептері жарияланады.
АҚШ фьючерстері
мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қор нарықтары жасыл аймақта. Күннің негізгі
сауда диапазоны S&P 500 үшін 5700–5865 пункт аралығында болады деп күтілуде
(-1,3% – +1,5%).
Нарық
назарында
— CrowdStrike
(CRWD) акциялары 9%-дан астам төмендеді. Компания 2025 жылғы EPS болжамын
$3,33–3,45 аралығында ұсынды (консенсус: $4,42), бірақ жылдық жазылымдар 23%-ға
артты.
— AeroVironment
(AVAV) постмаркетте 20%-дан астам арзандады. Компания акцияға шаққандағы
пайдасы $0,3 болды (күтілген: $0,58), кіріс 11%-ға төмендеді.
— Сот Илон
Масктың OpenAI-ды коммерциялық ұйымға айналдыруға тыйым салу өтінішін
қабылдамады.
— ByteDance
TikTok қызметкерлеріне жоғары бағада акцияларды қайта сатып алу бағдарламасын
іске қосты.








