Нью-Йорктегі таң: индекстер консолидацияға өтуде

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына күнделікті шолуы мен болжамы.
Біз күтеміз
Алдағы сауда сессиясында негізгі назар S&P Global-дың тамыздағы іскерлік белсенділік индексіне (PMI) аударылады. Консенсус-болжам: қызмет көрсету саласы — 53,5, өндіріс — 49,5 (шілдеде сәйкесінше 55,7 және 49,8 болған). Бұл көрсеткіштер АҚШ экономикасының үшінші тоқсан ортасындағы жағдайын бағалауға мүмкіндік береді.
Өндірістік PMI-дің «қысқару аймағында» қалуы және қызмет көрсету индексінің төмендеуі экономикалық белсенділіктің баяулауын айқындайды. Бұл ФРЖ-ның қыркүйекте мөлшерлемені төмендетуіне қосымша салдар болмақ.
Жұмыссыздық жәрдемақысына жаңа өтінімдер саны тұрақты болып қалуы күтіледі — 225 мың (бір апта бұрын — 224 мың). Бұл еңбек нарығының беріктігін көрсетеді. ФРЖ үшін инфляция қаупі еңбек нарығының әлсіреуінен гөрі маңыздырақ саналады.
Шілдедегі екінші реттік тұрғын үй нарығы көрсеткіштері тағы да төмендеуі ықтимал — −0,4% м/м (маусымда −2,7%).
Сауда сессиясына дейін Walmart (WMT), Full Truck Alliance (YMM), Bilibili (BILI), VNET (VNET), MINISO (MNSO) және Scansource (SCSC) есеп береді. Постмаркеттің басты есебі — Intuit (INTU), Workday (WDAY), Ross Stores (ROST), Zoom (ZM).
АҚШ-тың индекстік фьючерстері бейтарап қозғалыс көрсетуде. Инвесторлар технологиялық алыптар мен AI-секторына қатысты қысым жалғасатын-жалғаспайтынын бақылайды. Көңіл-күйге әсер ететін басты фактор — сессияның алғашқы жартысында жарияланатын макростатистика. Құбылмалылық орташа деңгейде, тәуекел балансы — бейтарап. S&P 500 болжамды диапазоны: 6345–6450 тармақ (−0,8% / +0,8%).
Назарда
• Nordson (NDSN) акциялары үшінші қаржы тоқсанындағы мықты нәтижелерден кейін және $500 млн buyback бағдарламасын жариялаған соң өсті. Түсім +12% ж/ж ($742 млн), EPS +13% ($2,73). Негізгі драйвер — Advanced Technology Solutions сегменті (+15% органикалық өсім).
• Unifi (UFI) қағаздары есептен кейін құлады: түсім −12% ($138,5 млн), маржа мен EBITDA теріс аймақта. Таза пайда бір реттік актив сатылымының арқасында ғана оң болды.
• Two Harbors Investment (TWO) акциялары сот дауын $375 млн төлеммен аяқтаған соң арзандады. Бұл баланстық құнды $12,73-тен $11,06-ға дейін түсіреді. Инвесторлар жақсы операциялық нәтижелер мен дивиденд жаңалығын елемеді.
Кешегі нарық
20 тамыздағы сауда негізінен теріс аяқталды: S&P 500 −0,24%, Nasdaq 100 −0,58%, Russell 2000 −0,32% төмендеп, Dow Jones +0,04% қосты.
«Ғажайып жетіліктің» қағаздары төмендеуді жалғастырды. Секторлар арасында энергетика (XLE: +0,83%) өсті, ал циклдік тұтынушылық тауарлар (XLY: −0,99%) әлсіреді.
Негізгі оқиға — FOMC-тың шілдедегі хаттамасы. Қатысушылар инфляция қаупін еңбек нарығындағы әлсіреуден жоғары қойды. Бірақ реакция әлсіз болды, себебі құжат шілдедегі әлсіз еңбек нарығы деректеріне дейін дайындалған.
Ақ үйдің ФРЖ-ға қысымы күшейіп келеді. Дональд Трамп ипотекалық алаяқтыққа қатысты айыптауларға байланысты басқарушы Лиза Кукты қызметінен босатуды талап етті. Жуырда Адриана Куглердің қыметінен кетуінен кейін президент әкімшілігі пайыздық мөлшерлемелерді барынша тез төмендетуді жақтайтын Мишель Боуман мен Кристофер Уоллердің ұстанымына сүйене отырып, FOMC-тан ақша-несие саясатын жұмсартуға көшуін талап етіп отыр. Бұл оқиғаларға доллар мен қысқамерзімді қазынашылық облигациялар кірістілігі төмендеумен, ал алтын өсіммен жауап қатты. Дегенмен кейбір аналитиктер биліктің ФРЖ жұмысына араласуы керісінше әсер беруі мүмкін екенін атап өтті, өйткені бұл ұзақмерзімді инфляциялық күтулердің күшеюіне байланысты кірістіліктің ұзын бөлігі бойынша өсуіне ықпал етеді.
Компания жаңалықтары
• Guess (GES) — Authentic Brands Group-пен бірігу келісімі аясында +26,3% көрсетті. Акционерлер акция үшін $16,75 қолма-қол алады.
• Target (TGT) −6,3%: сатылымдар −1,9% ж/ж, болжамнан жақсы. Бірақ CEO қызметіне ішкі кандидат тағайындалуы нарықты қанағаттандырмады.
• Carvana (CVNA) −1,6%: Hertz бәсекелесі енді Amazon Autos арқылы көлік сата бастайды.
• Estée Lauder (EL) −3,7%: түсім $3,41 млрд (күтілген $3,39 млрд), EPS $0,09. Бірақ Қытайдағы әлсіз сұраныс пен $100 млн тариф шығыны болжамды төмендетті.








