БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: назарда сауда келіссөздері мен «Үлкен әрі көркем заң жобасы»

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: назарда сауда келіссөздері мен «Үлкен әрі көркем заң жобасы»

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов әзірлеген АҚШ қор нарығына күнделікті шолу мен болжам. 

Біз не күтеміз

АҚШ-тың сыртқы сауда саясатына қатысты шиеленістің бәсеңдеуі инвесторлар қауымдастығы тарапынан оң қабылдануда. Әсіресе, Қытаймен келіссөздердегі алға жылжу нарық қатысушыларын шабыттандырды. Канада тарапынан АҚШ-пен сауда келіссөздерін жаңарту мақсатында цифрлық қызметтер салығын жою жөніндегі мәлімдемесі және британдық көліктер мен ұшақ бөлшектеріне салынатын импорттық баж салығының төмендеуі туралы жаңалық биржа қатысушыларының жағымды реакциясын туғызды. Дегенмен, Ұлыбритания билігі болат пен алюминийге салынатын импорттық салық мәселесінің әлі шешілмегенін атап өтті.

28 маусымда АҚШ Сенаты «Big Beautiful Bill» («Үлкен әрі көркем заң жобасы») бойынша пікірталастарды бастауға жол ашатын рәсімдік дауыс беруді мақұлдады. Бұл заң жобасы келесі онжылдықта федералды бюджеттің тапшылығын шамамен $3,3 трлн-ға арттыруы мүмкін. Жобаны жақтаушылар мен қарсы тараптардың қызу талқылауын ескерсек, оны Өкілдер палатасында 4 шілдеге дейін қабылдау екіталай.

30 маусым, дүйсенбі күні Чикагодағы өндірістік іскерлік белсенділік индексі (PMI) жарияланады (консенсус: 44,3, алдыңғы мән: 40,5). Индекс 50 балдан төмен болғанымен, оның оң динамикасы нарық ойыншыларында оптимизм тудыруы мүмкін.

Бүгін Атланта ФРБ президенті Рафаэль Бостик пен Чикаго ФРБ басшысы Остен Гулсби пікір білдіреді деп күтілуде. Олар 27 маусымда жарияланған тұтынушылық шығындар индексіне (PCE) қатысты пікір айтады.

АҚШ индекс фьючерстері сәл ғана өсім көрсетіп жатыр. Келесі сессия бойынша тәуекелдердің балансы – орташа құбылмалылықпен біршама оң. S&P 500 қозғалысы 6130–6230 таргетінде болады деп болжаймыз (алдыңғы сессия жабылуынан −0,7% – +0,9%).

Назарда

  • АҚШ-тың ірі банктері ФРЖ өткізген стресс-тесттен сәтті өтті. Тест сценарийіне ЖІӨ-нің құлдырауы, жұмыссыздықтың 10%-ға өсуі, акциялар мен жылжымайтын мүлік бағасының төмендеуі, мөлшерлемелердің азаюы мен спредтердің кеңеюі кірді. Бұл жаңалық банктер акцияларына жағымды әсер етті.

  • Nvidia (NVDA) инсайдерлері бір жыл ішінде $1 млрд-тан астам акция сатқан, оның $500 млн-нан астамы — маусым айында. CEO алдын ала бекітілген жоспар бойынша акцияларын $150 бағасынан кейін сата бастады, басқа басшылар $25–143 млн аралығындағы пакеттерін өткізді.

  • Meta Platforms (META) OpenAI-ден сегіз зерттеушіні шақырды және АҚШ-та дата-орталықтар салуға $3 млрд жеке капитал және $26 млрд қарыздық қаржы тарту жөнінде инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл жүзеге асса, корпоративтік сектор тарихындағы ең ірі инвестраунд болмақ.

  • Hewlett Packard Enterprise (HPE) компаниясының Juniper-ді $14 млрд-қа сатып алуы бойынша АҚШ Әділет министрлігімен монополияға қарсы талап келісіммен реттелді. Шартқа сәйкес, сатып алушы Instant On бөлімшесін сатуы және Mist AI бастапқы кодын лицензиялауы тиіс.

  • Intel (INTC) стратегия жөніндегі директоры 30 маусымда қызметтен кетеді. Бұл — компанияда жаңа CEO келгеннен кейінгі басқару құрылымындағы өзгерістердің бір бөлігі.

  • Torrent Pharmaceuticals (TORNTPHARM.BO) JB Chemicals & Pharmaceuticals компаниясының 46,39%-ын KKR қорынан сатып алатынын және миноритарийлер үшін акциялармен оферта жасай отырып бірігетінін жариялады. Мәміле $3 млрд көлемінде бағалануда.

Нарықтағы ахуал

27 маусымдағы АҚШ қор нарығындағы сауда оң аймақта аяқталды:

  • S&P 500 +0,52%

  • Nasdaq +0,39%

  • Dow Jones +1%

  • Russell 2000 +0,02%

Инвесторлардың оптимизмі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің ілгерілеуімен байланысты болды. «Керемет жетілік» акцияларының көпшілігі оң аумақта жабылды, тек Microsoft (−0,3%) пен Tesla (−0,66%) кішкене төмендеді. Ең көп өсім тұрақты тұтыну тауарларын өндірушілерге (XLY: +1,67%) тиесілі болса, энергетикалық сектор (XLE: −0,52%) кері бағытта қозғалды.

АҚШ–Қытай келіссөздері инвесторларға үміт сыйлады. Тараптар мамырдағы Женева консенсусын іске асыру бойынша жалпы келісімге келгенін растады. Пекин сирек кездесетін металдардың экспортын жеделдетуге уәде берді, ал Вашингтон Қытайға бағытталған кейбір шектеулерді алып тастайды. Сонымен қатар, Канада цифрлық салықты жойғаннан кейін Ақ үй онымен келіссөздерді уақытша тоқтатты.

PCE индексі мамырда айлық мәнде 0,2%-ға өсті (күтілгені — 0,1%). Тұрғындардың табыс пен шығындары төмендеді, дегенмен болжам 0,3% өсім болатын. Бұл статистика АҚШ-тың қазіргі сыртқы сауда бағытының әсерін ішінара көрсетеді. Нақты әсері жаздың соңына қарай — импорттық тарифтер енгізілгенге дейін жиналған қорлар таусылған соң байқалады.

Мичиган университетінің маусым айындағы түпкілікті тұтынушылық көңіл-күй индексі күтілгеннен жоғары шықты. Бір және бес жылдық инфляциялық күтулер де алдын ала деректермен салыстырғанда аздап төмендеді.

Компания жаңалықтары

  • United Natural Foods (UNFI: +6%) кибершабуыл компанияның 4-тоқсандағы түзетілген EBITDA-на кері әсер етуі мүмкін екенін хабарлады. Дегенмен, басшылық шабуыл оқшауланғанын және дистрибуциялық желі жұмысы қалпына келтірілгенін айтты.

  • MP Materials (MP: −8,6%) акциялары Қытай мен АҚШ арасындағы сирек металдарға қатысты келісім жаңалығына теріс реакция танытты. Екі ел Қытайдан экспортқа рұқсат беру және АҚШ тарапынан кей шектеулерді жою бойынша келісімге келген.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары