БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: Nvidia есебі нарық бағытын айқындайды

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: Nvidia есебі нарық бағытын айқындайды

Freedom Capital Markets Research бас директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына күнделікті шолу және болжам.

Біз не күтеміз?

Бүгінгі сессияның көңіл-күйін анықтайтын басты фактор – Nvidia-ның тоқсандық есебі. Компанияның табысы $46,74 млрд болып, консенсус-болжамнан ($46,06 млрд) жоғары шықты. Бір акцияға шаққандағы пайда да $1,05-ті құрап, орташа күтілген $1,01-ден жоғары болды.

Алайда, NVDA акциялары премаркетте 2%-ға төмендеуде. Себебі – инвесторлардың тым жоғары үміттері ақталмады. Ең бастысы, дата-орталықтарға арналған чиптерден түскен табыс Уолл-стриттің оптимистік болжамынан екінші рет қалып отыр ($41,1 млрд қарсы $41,29 млрд). Сонымен бірге, Қытайға жеткізілім мәселесі негізгі әлсіз тұсқа айналды. Nvidia арнайы H20 чиптерін КНР-ге сатпағандықтан, есепті кезеңде $4 млрд кірістен айырылды. Ең маңыздысы – компания осы өнімдерден түсетін әлеуетті табысты келесі тоқсанға арналған болжамға енгізген жоқ. Лицензия алынғанымен және әлеуетті көлем $2–5 млрд деп бағаланғанымен, бұл белгісіздік елеулі тәуекел ретінде қабылданды.

Nvidia есебі жартылай өткізгіш өндірушілер секторындағы пайданы бекітуге түрткі болды. Broadcom (AVGO), AMD (AMD), Micron (MU) және TSMC (TSM) акциялары да төмендеді. Бұл инвесторлардың Nvidia-дағы қиындықтарды бүкіл AI-индустрия үшін жүйелік тәуекел деп қабылдағанын білдіреді.

Бүгін АҚШ-тың ЖІӨ-нің қайта қаралған деректері жарияланады (консенсус: +3,1%, алдыңғысы: +3%). Сондай-ақ жұмыссыздық бойынша апта сайынғы өтінімдер есебі шығады (консенсус: 230 мың, алдыңғы мәні: 235 мың). Егер ЖІӨ өсімі жоғары болып, еңбек нарығы тұрақтылығын тағы да растаса, ФРЖ-ның ақша-несие саясатын қашан және қандай қарқынмен жұмсартатынына қатысты күтулер өзгереді. Бұған қоса, соңғы айларда нарықты алға сүйреген басты драйвер – AI секторындағы әлсіреу «бұқаларға» қысым түсіруі мүмкін.

Сауда ашылғанға дейін нәтижелерін жариялайтындар: Dollar General (DG), Dick’s Sporting Goods (DKS), Burlington (BURL), Best Buy (BBY), Bath & Body Works (BBWI), Li Auto (LI) және Ollie’s (OLLI).

Сауда аяқталған соң есеп беретіндер: Marvell (MRVL), Dell (DELL), IREN (IREN), Autodesk (ADSK), Affirm (AFRM), Ulta Beauty (ULTA) және Webull (BULL).

АҚШ индекстерінің фьючерстері бейтарап қозғалысты көрсетіп тұр. Алдағы сессиядағы тәуекелдер балансы – бейтарап, құбылмалылық деңгейі орташа. S&P 500 индексі 6430–6530 тармақ диапазонында (алдыңғы жабылудан -0,8% / +0,8%) қозғалады деп болжануда.

Назарда 

  • Snowflake (SNOW): компания акциялары постмаркеттің өзінде 12%-дан астамға өсті. Себебі – 2025 қаржылық жылының бірінші тоқсандағы мықты есеп. Түсім $1,04 млрд (прогноз: $1,01 млрд), бір акцияға пайда $0,24 (прогноз: $0,21). Клиенттік retention – 124%, ал backlog – жылдық есепте 34%-ға өсіп, $6,7 млрд-қа жетті. Бұл – бұлтты технологияларға тұрақты сұраныстың белгісі.

  • Pure Storage (PSTG): есептен кейін акциялары 15,8%-ға қымбаттады. Түсім 13% өсіп, $861 млн-ға жетті. Жазылымнан түскен табыс 15%-ға көтеріліп, $414,7 млн болды. Компания 2026 қаржылық жылға болжамды $3,60–3,63 млрд-қа дейін көтерді. Бұл – менеджменттің сұранысқа сенімділігін көрсетті.

  • Crowdstrike (CRWD): табысты есепке қарамастан, акциялары постмаркете 3,2%-ға төмендеді. Түсім $1,17 млрд (прогноз: $1,15 млрд), бір акцияға пайда $0,93 (прогноз: $0,83). Бірақ 3-тоқсанға берілген guidance әлсіздеу шықты ($1,21–1,22 млрд қарсы $1,23 млрд). Бұған қоса былтырғы киберқауіпсіздік дағдарысының салдары әлі сезілуде.

Кешегі сауда нарығы

27 тамыздағы сессия АҚШ нарығында өсуімен аяқталды. S&P 500 тарихи максимумды жаңартты (+0,24%), Nasdaq 100 +0,17%, Dow Jones +0,32%, Russell 2000 +0,64%. Инвесторлар Nvidia есебін күтті және 29 тамыздағы PCE индексіне алаңдады. Сектор ішінде энергетика (XLE: +1,12%) көш бастады, ал денсаулық сақтау (XLV: -0,06%) аздап төмендеді.

Нью-Йорк ФРБ президенті Джон Уильямс қазіргі ақша-несие саясатын «біршама шектеулі» деп атап, деректер ставканы біртіндеп төмендетуді ақтай алады деді. Нарық қазір қыркүйекте мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығын 87% деп бағалап отыр.

Ал Үндістаннан импортқа 50% баж салығы мен АҚШ-тың 5 жылдық облигациялар аукционы (сұраныстың әлсіздігіне байланысты 0,7 б.п. дисконтымен өтті) нарыққа айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Компания жаңалықтары

  • Kohl’s (KSS: +24%): түсім 5%-ға азайғанымен ($3,55 млрд), таза пайда 131,8%-ға өсіп, $153 млн болды. Маржаны көтеру, қорларды азайту және шығындарды қатаң бақылау – нарыққа оң әсер етті.

  • Photronics (PLAB: +7,6%): түсім $210,4 млн (-0,3% ж/ж, бірақ болжамнан жоғары), бір акцияға пайда $0,51 (прогноз: $0,38). Негізгі сегменттегі 5% құлдырау дисплей бизнесіндегі 14% өсіммен толық өтелді. Сонымен қатар, компания buyback бағдарламасын тағы $25 млн-ға кеңейтті.

  • J.M. Smucker (SJM: -4,4%): бір акцияға пайда $1,9 (консенсус: $1,93). Жасыл кофеге импорттық тарифтердің өсуі шығынды арттырып, $43,9 млн таза шығынға әкелді. Жылдық түсім болжамы 3–5% өсімге көтерілгенімен, пайда бойынша guidance жаңартылмады. Бұл инвесторларды көңілсіздендіріп, акцияларды сатуға итермеледі.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары