БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: сауда бағытын тұтыну бағасы индексы айқындайды

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: сауда бағытын тұтыну бағасы индексы айқындайды

Freedom Capital Markets Research ұйымы директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына шолуы және болжамы.

Біз не күтеміз

Инвесторлар АҚШ пен Қытай арасындағы екі күндік келіссөздердің нәтижесін бағалауы керек. Тараптар сауда шиеленісін азайтып, Женева келісімін жүзеге асыру жоспарын келісті. Бұл құжат өзара кедендік тарифтерді төмендетуді көздейді. АҚШ Қытайға бірқатар технологиялық шешімдер, ұшақ бөлшектері және кей жартылай өткізгіш түрлерін экспорттауға қойылған шектеулерді жұмсартуға уәде берді. Қытай сирек кездесетін металдарды жеткізуді жеделдетуге міндеттеме алды — бұл АҚШ-тың автонарығы мен қорғаныс өнеркәсібі үшін маңызды. Келіссөзге қатысушылар диалогты ашық және мазмұнды деп сипаттады. Қол жеткізілген келісім жобасы екі ел басшыларының мақұлдауына жолданды. Мәліметтердің толық болмауына қарамастан, жария етілген прогресс нарықта шиеленісті бәсеңдететін белгі ретінде қабылданды, бірақ инвесторлар Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің реакциясын алаңдаушылықпен күтуде.

Бүгінгі макроэкономикалық күнтізбедегі басты оқиға — мамыр айына арналған тұтыну бағалары индексінің (CPI) жариялануы болмақ. Консенсус бойынша жалпы индекс 0,2% м/м, ал базалық индекс 0,3% м/м артады деп күтілуде. Freedom Broker моделі бұл көрсеткіштердің тиісінше 0,19% және 0,27%-ға өсуін болжайды. Мамырдағы инфляциялық статистикаға жаңа импорттық тарифтердің әсері аз болады: олар маусым айынан бастап есепке алынады. CPI құрамындағы көлік компоненті ерекше назарға лайық — тасымал шығындарының артуы бағаның қысқа мерзімді өсуіне әкелуі мүмкін. Ал тұрғын үй бағасының серпіні жалпы инфляциялық қысымды ішінара теңгеруі ықтимал. Бұл көрсеткіш бойынша тәуекел балансы аралас күйде қалып отыр.

Негізгі сессия басталғанға дейін Victoria’s Secret (VSCO) және Chewy (CHWY) компаниялары тоқсандық есептерін ұсынады. Сауда жабылғаннан кейін Oracle (ORCL) нәтижелерін жариялайды.

АҚШ қор индекстерінің фьючерстері аздап минуста саудалануда. Бүгінгі сессиядағы тәуекелдер теңгерімі — бейтарап, бірақ CPI статистикасы мен сауда келіссөздерінен шыққан қарама-қайшы сигналдар аясында құбылмалылық жоғары болмақ. S&P 500 қозғалысын 5960–6100 пункт (алдыңғы сессия жабылуынан −1,3% – +1%) аралығында болжаймыз.

Назарда

— GitLab (GTLB) акциялары постмаркеттің өзінде 12%-дан астам төмендеді. Компания табысы 33%-ға артқанымен, ағымдағы тоқсанға болжам тым сақ болғаны және операциялық шығындардың өсуі, клиенттік белсенділіктің бәсеңдеуі акцияларға қысым көрсетті.

— GameStop (GME) құнды қағаздары 4%-ға жуық құлдырады. Компания есептік тоқсандағы әлсіз нәтижелермен қатар, 3 мамыр мен 10 маусым аралығында 4710 биткоин сатып алғанын мәлімдеді.

— Илон Маск Tesla (TSLA) компаниясының 22 маусымда Остиннің кей аудандарында роботакси қызметін іске қосуды жоспарлап отырғанын жария етті. Бұл жаңалық нарықта автономды жүргізуді коммерцияландыру жолындағы маңызды қадам ретінде қабылданды.

— General Motors (GM) АҚШ-тағы үш зауыттағы өндірісті кеңейтуге $4 млрд инвестиция құятынын хабарлады. Инвесторлар мұны Ақ үйдің 25%-дық импорт баждарына қарсы жұмсартушы әрекет ретінде бағалады.

Кешегі нарық

10 маусымда АҚШ қор нарығы өсіммен жабылды. S&P 500 +0,55%, Nasdaq 100 +0,66%, Dow Jones +0,25%, Russell 2000 +0,56% көтерілді. Нарық назары ірі технологиялық компаниялар акцияларында болды. Tesla (TSLA: +5,67%) котировкалары Трамптың Starlink-ке қолдау білдіруі мен Маскқа сәттілік тілеуінен кейін қалпына келе бастады. Alphabet (GOOGL: +1,43%) акциялары OpenAI инфрақұрылымына Google Cloud қосылатыны жайлы хабардан кейін өсті. Кең нарық индексіне кіретін 11 сектордың 10-ы сауданы оң аумақта аяқтады. Энергетикалық компаниялар (XLE: +1,78%) өсім көшбасында болса, өнеркәсіп өкілдері (XLI: −0,44%) кері серпін көрсетті.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда келіссөздерінің аяқталғаны туралы жаңалық негізгі сессия жабылғаннан кейін белгілі болды, сондықтан бұл индекс динамикасына әсер еткен жоқ.

NFIB шағын бизнес сенімі индексі мамырда 95,8-ден 98,8-ге дейін көтерілді. Бұл — төрт айлық төмендеуден кейінгі алғашқы өсім және сарапшылар болжамынан жоғары нәтиже.

$58 млрд көлеміндегі үш жылдық қазынашылық облигацияларды орналастыру кірістілігінің күтуден сәл ауытқуы инвестор тарапынан тұрақты сұраныс бар екенін көрсетті. Бұл бүгінгі «онжылдықтар» мен ертеңгі «отызжылдықтар» аукциондары алдындағы маңызды белгі.

Компания жаңалықтары

— Novo Nordisk (NVO: +5,1%) акциялары FT жариялаған хабардан кейін өсті. Активистік Parvus қоры компаниядағы үлеске ие болып, CEO ауысуына әсер етпекші. Инвесторлар бұл жаңалықты корпоративтік стратегияны өзгертуге түрткі болатын фактор ретінде қабылдады.

— J. M. Smucker (SJM: −15,6%) котировкалары органикалық сатылым өсімінің әлсіздігіне, 2026 қаржы жылына болжанған табыс пен бос ақша ағымының төмен болуына байланысты құлдырады. 

Сонымен қатар, Hostess брендіне байланысты шығындар, бөлшек саудагерлердегі қорлардың азаюы мен тарифтік қауіптер акцияларға қысым жасады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары