БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йорктегі таң: назарда — ФРЖ хаттамалары

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йорктегі таң: назарда — ФРЖ хаттамалары

Freedom Capital Markets Research зерттеу бөлімінің директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолуы мен болжамы.

Бүгіннен не күтеміз

Инвесторлардың негізгі назары бүгін ФРЖ (FOMC) қыркүйектегі отырысының хаттамаларына аударылады. Бұл құжаттарда монетарлық саясаттың болашақ бағытына қатысты пікірталастардың егжей-тегжейі мен қатысушылардың көзқарастарының тепе-теңдігі айқындалады.

Соңғы отырыстан кейін ФРЖ-ның риторикасы екіұшты болды: мөлшерлемелер бойынша болжам жұмсарып, Джером Пауэллдің баспасөз мәслихаты ұстамды сипатта өтті. Сондықтан инвесторлар үшін инфляция тұрақтылығына қатысты ФРЖ-ның қаншалықты алаңдап отырғанын түсіну маңызды. Егер алаңдаушылық күткеннен жоғары болса, бұл акциялар нарығындағы түзетудің тереңдеуіне әкелуі мүмкін.

Сәрсенбіде жарияланатын ипотекалық өтінімдер жөніндегі апта сайынғы деректер тұрғын үй нарығының жағдайына қосымша бағдар береді. Өткен аптада бұл көрсеткіш 12,7%-ға төмендеген еді.

Қазір АҚШ индекстерінің фьючерстері шамамен бейтарап бағытта қозғалып тұр. Біз тәуекел балансына бейтарап баға беріп отырмыз, ал құбылмалылық орташа деңгейде сақталады. S&P 500 индексі 6670–6760 пункт аралығында (алдыңғы сессияның жабылу деңгейінен -0,7% пен +0,6% диапазонында) тербелуі ықтимал.

Назарда

  • Nvidia (NVDA) акциялары — басты назарда. Себебі Илон Масктің xAI стартапы $20 млрд инвестиция тартып, жаңа серіктестерді қосты. Қаражаттың бір бөлігі Colossus 2 деректер орталығына арналған Nvidia GPU чиптерін сатып алуға және жалға алуға жұмсалады. Бұл орталық xAI-дің Мемфистегі ең ірі дата-орталығы болмақ.

  • SoftBank Group (SFTBY) ABB компаниясының робототехникалық бөлімшесін $5,4 млрд-қа сатып алды. Бұл — жаңа бас директор Мортен Виродтың электрификация және автоматтандыру бағыттарына шоғырлану стратегиясындағы алғашқы ірі қадамы.

  • Penguin Solutions (PENG) акциялары премаркет саудасында шамамен 20%-ға құлдырады. Компанияның тоқсандық есебі нарық күткен деңгейден төмен болып, келесі қаржы жылына берілген әлсіз болжам инвесторларды көңілсіз қалдырды.

  • Esperion Therapeutics (ESPR) қағаздары таңертеңгі саудада 21%-дан астам арзандады. Себебі компания қосымша акциялар шығару жоспарын жариялап, бұл қазіргі акционерлер үлесінің сұйылуына алып келуі мүмкін.

  • Joby Aviation (JOBY) акциялары негізгі сауда басталмай тұрып 10%-ға төмендеді. Себебі компания да қосымша орналастыру туралы хабарлады. Инвесторлар капиталдың сұйылуынан және операциялық қызметті жалғастыру үшін қосымша қаржы тарту қажеттілігінен алаңдап отыр.

Кешегі саудан нарығындағы жағдай

7 қазандағы сауда күні АҚШ қор нарығы түзету бағытымен аяқталды: S&P 500 –0,38%, Nasdaq 100 –0,55%, Dow Jones –0,2%, Russell 2000 –1,12% төмендеді.

Негізгі қысым факторы — соңғы раллиден кейінгі пайданы тіркеу және жасанды интеллект секторының өсу тұрақтылығына күмән, сондай-ақ бюджеттік шатдаун төңірегіндегі белгісіздік болды.

Инвесторлар қорғаныш активтеріне капитал аударып, тұтыну тауарлары өндірушілері (+0,93%) өсім көрсетті, ал екіншілік тұтыну секторы (-1,75%) аутсайдер болды. «Керемет жетілік» компанияларының барлығы дерлік минуста, тек Amazon (AMZN: +0,4%) оң нәтиже көрсетті. Ең көп төмендеген — Tesla (TSLA: -4,45%), себебі жаңа қолжетімді Model Y нұсқасы маржаға қысым түсіреді деген қауіп күшейді.

Нью-Йорк ФРБ-сы жүргізген қыркүйек айындағы тұтынушылық туралы сауалнамада үй шаруашылықтарының көңіл-күйі нашарлағаны байқалды. Бір жылға арналған инфляциялық күтулер 3,4%-ға, бес жылдық күтулер 3%-ға өсті.

Сондай-ақ жұмысқа орналасу мен жеке қаржы жағдайына сенім азайған. Бұл стагфляция қаупін күшейтіп, ФРЖ үшін ақша-несие саясатын жұмсартуды қиындатты.

ФРЖ өкілдері де нақты бағыт бермеді. Миннеаполис ФРБ басшысы Нил Кашкари тым жылдам мөлшерлеме төмендетудің тәуекелдері мен стагфляция белгілері туралы ескертті. Осы белгісіздік аясында инвесторлар алтынға бет бұрып, оның бағасы тарихта алғаш рет унциясына $4000 деңгейінен асты.

Сонымен бірге үш жылдық мемлекеттік облигациялар аукционы табысты өтті — шетелдік инвесторлардың сұранысы жоғары болды.

Тамыздағы тұтынушылық несиелер көлемі $0,36 млрд-қа ғана өсті (болжам: $13,1 млрд), бұл соңғы алты айдағы ең төмен көрсеткіш. Маусымдағы өсім қайта қаралып, $18,1 млрд болып түзетілді. Бұл баяулау негізінен несие карталары бойынша берешектің азаюымен байланысты және тұтынушылық белсенділіктің салқындағанын көрсетеді.

Компания жаңалықтары

  • Oracle (ORCL: -2,5%) акцияларына қысым түсті. The Information басылымы жариялаған ішкі деректерге сүйенсек, NVIDIA чиптерін жалға беру сегментіндегі валдық маржа тым төмен, бұл компанияның AI-бұлт бизнесіндегі тиімділікке күмән тудырды.

  • Ford Motor (F: -6,1%) акциялары өндірістегі үзілістерге қатысты алаңдаушылықтан арзандады. Себебі баспасөзде Novelis зауытындағы өрт туралы хабар тарады — бұл Ford-тың негізгі алюминий жеткізушісі. Инцидент жоғары маржалы F-150 сияқты модельдердің өндірісіне әсер етуі мүмкін.

  • Tesla (TSLA: -4,5%) акциялары жаңа, арзандаған Model 3 және Model Y нұсқаларының таныстырылымынан кейін төмендеді. Инвесторлар бағаның түсуі маржаға қысым жасап, бәсеке арта түседі деп қауіптеніп отыр.

  • Dell Technologies (DELL: +3,5%) акциялары керісінше, оң нәтиже көрсетті. Компания ұзақмерзімді болжамын күшейтіп, жылдық табыстың 7–9% (бұрын: 3–4%) өсуін және акцияға шаққандағы пайданың 15% және одан көп (бұрын: 8%) артуын күтетінін мәлімдеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары