Нью-Йорктегі таң: назарда геосаясат және компания жаңалықтары

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламовтың АҚШ қор нарығына шолуы және болжамы.
Бүгіннен не күтеміз
Нарықтың негізгі назарында – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынастарын қалыпқа келтіру талпынысы. Алдағы күндері АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Малайзияда ҚХР вице-премьері Хэ Лифэнмен кездеседі. Бұл кездесу өткен жұма күнгі телефон арқылы сөйлесуден кейін өтеді. Сол әңгімеден кейін Бессент тараптар арасындағы шиеленістің бәсеңдегенін мәлімдеді.
Өз кезегінде Дональд Трамп 1 қарашада Қытайға енгізілмек болған 100% баж салығын енгізу мәселесі әлі де белгісіз екенін айтты. Сонымен қатар, ол APEC саммитінде Си Цзиньпинмен кездесуге дайын екенін растады және жаңа сауда келісіміне қатысты оптимизм білдірді. Президент сондай-ақ Қытай АҚШ-тың соясын көбірек сатып алса, импорттық тарифтерді төмендетуге дайын екенін жеткізді. Инвесторлар бұл мәлімдемелерді сауда қатынастарындағы жаңа «үзіліс» немесе «уақытша келісім» мүмкіндігі деп бағалап отыр. Дегенмен, баж салығының нақты шарттары мен стратегиялық тауарларды бақылау мәселелері белгісіз болып қалғандықтан, нарықта сақтық сақталуда.
Геосаяси күн тәртібіндегі тағы бір маңызды тақырып – АҚШ пен Үндістан арасындағы қарым-қатынас. АҚШ президенті Үндістан Ресей мұнайын импорттауды тоқтатпайынша, елге қатысты қолданыстағы импорттық баж салықтары сақталатынын мәлімдеді. Үндістан мұнай импортын азайттық деп хабарлағанымен, қазан айында жеткізу көлемі әлі де жоғары деңгейде қалды. Бұл жағдай шикізат нарығындағы белгісіздікті күшейтіп, дамушы елдердің валюталарын Вашингтоннан келетін кез келген сигналдарға тәуелді етіп отыр.
Нарық ашылғанға дейін бірқатар компаниялар тоқсандық қаржылық нәтижелерін жариялайды. Олардың қатарында: Cleveland-Cliffs (CLF), Summit Materials (SMMT), Deluxe (DX).
Негізгі сауда сессиясы аяқталған соң есептерін ұсынатын компаниялар: WR Berkley (WRB), Zions Bancorporation (ZION), Cadence Bank (CADE), Steel Dynamics (STLD).
АҚШ қор индекстерінің фьючерстері бүгін оң динамика көрсетіп тұр.
Тәуекел балансы бейтарап деп бағаланады, ал нарықтағы құбылмалылық орта деңгейде сақталуда.
S&P 500 индексі күні бойы 6600–6720 тармақ диапазонында қозғалады деп болжанады.
Бұл — алдыңғы жабылу деңгейімен салыстырғанда −1% бен +0,8% аралығы.
Назарда
— Kering (KER.EU)
Kering компаниясы парфюмерия бизнесін L’Oréal (OR.EU) компаниясына 4,66 млрд долларға сатады. Бұл келісімге Creed бренді және Gucci, Bottega Veneta, Balenciaga әтірлеріне арналған лицензиялар кіреді. Мақсат — қарызды азайтып, негізгі бағыт – сән индустриясына назар аудару. Екі компанияның да акциялары өсіп жатыр.
— Nvidia (NVDA)
Nvidia бас директоры Дженсен Хуанг Оңтүстік Кореяда өтетін APEC CEO саммитіне қатысады. Онда ол Samsung және SK Hynix сияқты ірі жергілікті компания өкілдерімен кездеседі. Премаркет саудасында Nvidia акциялары және оның серіктес технологиялық компанияларының бағасы өсуде.
— Paramount Skydance (PSKY)
Компания 27 қазаннан бастап АҚШ-та 2000 жұмыс орнын қысқартатынын хабарлады. Бұл — Skydance Media компаниясымен бірігуден кейінгі 2 млрд доллар үнемдеу бағдарламасының бөлігі. Премаркетте PSKY акциялары төмендеп жатыр.
— Tesla (TSLA)
Халықаралық кеңесші компания ISS Tesla акционерлеріне Илон Маскқа ұсынылған 1 трлн долларлық сыйақы пакетін бекітпеуді ұсынды. Бұл 6 қарашада өтетін директорлар кеңесі жиналысы алдында қысымды күшейтті. Соған қарамастан Tesla акциялары бүгін премаркетте 1%-дан жоғары өсіп жатыр.
— Apple (AAPL)
АҚШ пен Қытайда iPhone 17 сатылымы алғашқы 10 күнде алдыңғы модельмен салыстырғанда 14% жоғары болды. Қытайда базалық нұсқаның сатылымы дерлік екі есе өсті. Жалпы өсім шамамен 31% болды. Бұған бағаның бұрынғы деңгейде сақталып, техникалық мүмкіндіктердің артуы әсер етті. Apple акциялары премаркетте аздап өсуде.
— Boeing (BA)
FAA Boeing компаниясына 737 MAX ұшағын айына 42 данаға дейін өндіруге рұқсат берді, бірақ қатаң бақылау сақталады. Компания өндірісті кезең-кезеңімен арттыруды жоспарлап отыр. Бұл қаржылық ағымды жақсартуға көмектеседі. Премаркетте Boeing акциялары өсім көрсетуде.
Нарық кеше қалай жабылды
17 қазан күні АҚШ қор нарығындағы сауда сессиясы негізінен оң нәтижемен аяқталды: S&P 500 индексі +0,53% өстіү Nasdaq 100 +0,65% көтерілді, Dow Jones +0,52% қосты, тек Russell 2000 шағын компаниялар индексі −0,6% төмендеді.
Салалар бойынша динамика: көшбасшы – тұрмыстық және күнделікті тұтыну тауарлары секторына кіретін компаниялар (XLP: +1,33%), аутсайдер – энергетикалық сектор (XLE: −0,46%).
«Ғажайып жетілік» технологиялық компанияларының акциялары да көбіне өсті: Тesla (TSLA) — +2,46% өсіммен ең жақсы нәтиже көрсетті. Amazon (AMZN) — −0,67% төмендеп, қысым астында қалды.
Аймақтық банктерге қатысты алаңдаушылық бәсеңдеді.
Zions Bancorporation және Western Alliance төңірегіндегі проблемалар жүйелік қауіп емес деп бағаланды.
Truist Financial, Huntington Bancshares және Ally Financial күткеннен жақсы есеп беріп, сектордағы сенімді қалпына келтірді.
Екі ел арасында жаңа шектеулер енгізілмеді, бірақ қатынас шиеленісті күйінде.
Fox Business-ке берген сұхбатында Трамп:
«Жоғары баж салығы ұзаққа бармайды, диалогқа мүмкіншілік бар» деді.
Нарық сақтық танытып отыр, әсіресе технология секторында.
Компания жаңалықтары
American Express (AXP +7,3%). Пайдасы мен түсімі күткеннен жоғары болды. 2025 болжамын көтерді.
Jefferies (JEF +5,9%). First Brands банкротынан шығын аз деді. Рейтингі көтерілді.
Oracle (ORCL −6,9%). Инвестор күні күткенді ақтамады. 2028 жыл табыс болжамы көңілден шықпады.
Interactive Brokers (IBKR −3,3%). Есеп жақсы, бірақ пайыздық ставкалардың төмендеуіне байланысты қысым байқалады.








