БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нарық – нағыз «америкалық тауға» айналды: Evercore инвесторларды сақтыққа шақырды

Едіге  Қасымжан

Едіге Қасымжан

Нарық – нағыз «америкалық тауға» айналды: Evercore инвесторларды сақтыққа шақырды

АҚШ-та Тәуелсіздік күніне дейін S&P 500 индексі тарихи максимумды жаңартып, 6284 тармаққа дейін жетті. Алайда Evercore ISI стратегi Джулиан Эмануэль «Белдіктеріңізді тағыңыздар, нарық одан әрі болжап болмайтын күйге енеді» деген ескерту жасады. Ол неге алдағы айларда акцияларға қысым күшейеді деп санайды?

Нарықтағы серпін

«2025 жылдың алғашқы жартысы АҚШ нарығы үшін «америкалық тауға» ұқсас өтті», дейді Evercore стратегi MarketWatch жариялаған талдау жазбасында. Эмануэльдің айтуынша, президенттік сайлау нәтижелерінен кейінгі оптимизмнен соң S&P 500 индексі сенімді түрде өсті. Бірақ кейін сауда соғысы мен стагфляция немесе рецессия қаупіне байланысты күрт құлдырап, инвесторлардың капитуляциясы мен Трамптың баж салығын тоқтата тұруы нәтижесінде жаңа рекордтық деңгейге қарай тез көтеріле бастады.

«Шынайы америкалық таудағыдай, төменнен жылдам көтерілу де, құлдырау сәті де сондай қарқынды әрі құбылмалы болды», — дейді Эмануэль. Ол өткен жылғы шілдедегі активтер ротациясымен параллель келтіріп, нарық шегіне жеткен соң жаңа көңіл күй ауытқулары мен тосын құлдырауға дайын болу керек екенін ескертеді.

Түйткілге толы жол

Өсуге әсер етіп отырған негізгі факторлардың қатарында стратег жасанды интеллекттің қолдауы бар бұқа нарығын атайды. Алайда оған қарсы тұрған кедергі — тарифтік тәуекелдер. Эмануэль акцияларға қосымша қысым жасайтын фактор ретінде компаниялардың тым жоғары бағалануын да атайды: «Алдағы табысқа болжамды баға 24,5 деңгейінде тұрған жағдайда, тарихта келесі бірнеше жылда табыстың төмендегені байқалған». Яғни, акцияның бағасы мен табысына қатынасы (P/E) 24-тен жоғары болғанда ашылған портфельдер келесі жылы бар болғаны 2–3% ғана табыс берген, ал екі-үш жылдан кейін тіпті шығынға ұшыраған кездер болған. Керісінше, P/E мультипликаторы 8–12 аралығында немесе 8-ден төмен болған кезеңдерде 5 жыл және одан да ұзақ уақыт аралығында жылдық орташа табыс 12–16%-ға жеткен.

Бұл қазіргі бағалау деңгейі жағдайында жақын болашақта құбылмалы кері серпіліс болу ықтималдығы жоғары екенін және орташа мерзімді күтулердің сақ болуын қажет ететінін көрсетеді.

Сонымен қатар, Эмануэль 1960 жылдан бергі рецессиясыз өткен алты техникалық «аю нарығы» жағдайын (20%-дан астам құлдырау) талдай келе, олардың әрқайсысынан кейін акциялар орта есеппен 18 ай ішінде тағы 26%-ға өскенін атап өтті. «Ралли құбылмалылықтан арылмайды. Жоғарылаған тұста да -7,5%-дан -15,1%-ға дейін құлдыраулар болуы мүмкін. Олар «соңғы шарықтау» алдындағы кезеңге тән», — дейді стратег.

Evercore болжамы бойынша, 2025 жылдың соңында S&P 500 деңгейі 5600 тармаққа дейін төмендеуі мүмкін. Алайда Эмануэльдің бұған сақтықпен қарауға шықырды.

«Осындай факторлар үйлесімінде ұзақ мерзімді өсім әлеуеті бар, бірақ оған апаратын жол бұралаң және жүйкеге салмақ түсіреді», – деді ол.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары