Noble талдаушылары сауда соғысынан зардап шекпейтін small-cap акциясын атады

Мексикада вагон өндіретін FreightCar America компаниясына АҚШ енгізген жаңа сауда пошлиндерінің қатысы жоқ, деп хабарлайды Noble Capital Markets брокері. Инвесторлар бұған дейін керісінше ойлағандықтан биыл жыл басынан бері компанияның акциялары күрт құлдырап кеткен. Соның арқасында олар нарықта өте төмен бағаланып, инвестиция үшін ерекше тартымды активке айналды, дейді Noble сарапшылары. Олардың бағалауынша, компания акцияларының өсу әлеуеті шамамен үш есеге жуық.
Толығырақ
Noble сарапшылары FreightCar America акцияларының әділ бағасын $13,5 деп белгіледі. Бұл қазіргі нарықтағы құнынан шамамен үш есе жоғары. Жұма, 4 сәуірде компания акцияларының құны биржада $4,64 деңгейінде жабылды.
Жыл басынан бастап FreightCar акцияларының бағасы 48%-дан астамға түскен. Инвесторлар компанияның Мексикада вагон шығаратын зауыты болғандықтан, АҚШ енгізген жаңа баж салықтары оған да қатысты болады деп алаңдады. Бірақ Noble бұл алаңдаудың негізсіз екенін түсіндіреді. Себебі АҚШ, Мексика және Канада арасындағы USMCA сауда келісіміне сәйкес Мексика мен Канададан келетін тауарларға жаңа бас салықтары қолданылмайды (автомобильдер, болат және алюминийді қоспағанда). Ал FreightCar компаниясы шикізатты, оның ішінде алюминийді де негізінен АҚШ-тан сатып алады.
Тарифтердің белгісіздігі салдарынан акциялардың арзандауы FreightCar акцияларын айтарлықтай төмен бағаланған етіп, инвесторлар үшін тәуекел мен пайда арақатынасы жағынан тартымды етті, деп атап өтті Noble сарапшылары. «Енді инвесторлар FreightCar-дың баж салықтары қаупінен тыс екеніне көзі жеткен сайын оның акцияларының құны көтеріле бастайды», — деп санайды олар. Сарапшылар инвесторларға FreightCar акцияларын сатып алуға кеңес береді (Outperform рейтингі).
Noble компаниясынан бөлек FreightCar қызметін тағы бір ғана сарапшы бақылайды. Ол да компания акцияларын сатып алуға ұсынып, $14,25 деген мақсатты бағаны белгілеген.
Контекст
АҚШ президенті Дональд Трамп 2 сәуірде шетелден келетін тауарларға жаңа баж салықтары енгізілгенін жариялаған. Базалық баж салықтарының мөлшері барлық елдер үшін 10% құрайды, ал Қытайдан келетін тауарларға бұған дейінгі 20% үстінен тағы 34%, Еуроодақтан келетін өнімдерге 20% ставка енгізілді.
Бұл шаралар қор нарықтарының құлдырауына алып келді, және құлдырау үш күн бойы жалғасуда. 2 сәуірден бері ірі компаниялардың акцияларын қамтитын S&P 500 индексі 10,5%-ға, технологиялық Nasdaq Composite индексі 11,5%-ға жуық құлдырады.
Шағын компаниялардың акцияларын қамтитын Russell 2000 индексі осы кезеңде 10,7%-ға түсті. 3 сәуірде бұл индекс ең бірінші болып «аю трендіне» өтті. Қазір индекс 2024 жылдың қараша айындағы ең жоғарғы көрсеткіштен 25%-дан астам төмендеп тұр. Бұған дейін шағын компаниялар Трамптың саясатының басты бенефициарлары болып саналып келген еді.








