БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nvidia басшысы Forbes тізімінде Баффетті басып озды

Ринат Таиров

Ринат Таиров

Oninvest тілшісі
Nvidia басшысы Forbes тізімінде Баффетті басып озды

10 шілдедегі сауда кезінде Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг Forbes миллиардерлер тізімінде аты аңызға айналған инвестор Уоррен Баффетті басып озды. Енді Хуанг рейтингте жетінші орында тұр. Хуангтың дәулеті Nvidia акцияларының раллиі арқасында артты. Компанияның нарықтық құны алғаш рет $4 трлн-нан асты.

Егжей-тегжейлі

Бұл мәтін жарияланған сәтте Nvidia бас директоры Дженсен Хуангтың дәулеті $142,7 млрд-қа бағаланды, ал Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффеттікі — $142,5 млрд болды. Бұл деректер Forbes Real-Time рейтингінен алынды. Рейтинг акциялардың котировкаларына байланысты нақты уақыт режимінде жаңарып отырады.

Хуанг бір күнде байлығын $818 млн-ға арттырып, Баффетті артқа тастап, жетінші позицияға көтерілді. Ал Баффеттің капиталы, керісінше, $1,2 млрд-қа азайды. Қазір Хуанг алтыншы орында тұрған Google-дің негізін қалаушысы Ларри Пейджден $4,2 млрд-қа артта.

Bloomberg миллиардерлер рейтингінде Баффет Хуангтан әлі де $2 млрд-қа озып тұр: сәйкесінше $144 млрд және $142 млрд. Бұл рейтинг Нью-Йорк биржасындағы сауда жабылған соң күн сайын жаңарады. Онда Баффет пен Хуанг 9 және 10 орында.

Forbes тізімінде бірінші орында Tesla басшысы Илон Маск тұр. Оның дәулеті $402,1 млрд-қа бағаланып отыр. 10 шілдеде сауда кезінде Tesla акцияларының бағасы шамамен 5% өсіп, Масктың байлығы бір сәтте $7,9 млрд-қа артты.

Хуангтың дәулеті неге өсіп жатыр?

Fortune журналының жазуынша, Дженсен Хуанг Nvidia компаниясының шамамен 3,5% акциясына иелік етеді — бұл оны компаниядағы ең ірі жеке акционер етеді. 2025 жылдың басынан бері Nvidia акциялары 22% қымбаттады. 10 шілдедегі сауда кезінде олардың бағасы бір сәтте тағы 1% өсті.

9 шілдеде Nvidia тарихта алғаш рет сауда кезінде нарықтық құны $4 трлн-нан асқан компания болды. Дегенмен бұл көрсеткіш биржа жабылғанша сақталмады. Ал 10 шілдеде компания құны қайтадан осы межеден жоғары көтерілді. Nvidia — әлемдегі ең қымбат жария компания болып отыр.

Компания жасанды интеллектке арналған процессорлар нарығында көш бастап тұр және бұл бағыттағы бум инвесторлар қызығушылығын арттырды. Nvidia-ның S&P 500 индексіндегі үлесі 7,3%-ды құрайды — бұл кез келген басқа компаниядан жоғары. Салыстыру үшін: Apple-дің үлесі шамамен 7%, ал Microsoft-тікі — 6%.

Сарапшылардың пікірінше, Nvidia акцияларының өсуі әлі аяқталған жоқ. «Nvidia чиптеріне деген сұраныс өте жоғары», — деді Zacks Investment Management басқарушысы Брайан Малберри. Ал Mahoney Asset Management президенті Кен Махонидің айтуынша, акциялар үшін келесі әлеуетті қозғаушы фактор — алдағы корпоративтік есеп беру маусымы. «Компания әдеттегідей нарық күткен нәтижеден асып түсіп, болжамын көтере ала ма — соны көреміз», — деді ол Bloomberg-ке.

Сонымен қатар, Махони тәуекелдерге де назар аудартты: «Өсу импульсін жоғалтқан акциялар, әсіресе индекстерге қатты әсер ететіндер, нарық үшін үлкен қауіп пен тұрақсыздық тудырады», — деді ол.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары