Nvidia компаниясының нарықтық құны 5 триллион долларға жетті

Технологиялық алып Nvidia Нью-Йорк биржасындағы кеңейтілген сауда кезінде тарихта алғаш рет нарықтық капитализациясы 5 триллион доллардан асқан компания болды деп жазады MarketWatch. Чип өндіруші компанияның акциялары 29 қазандағы премаркет саудасында 3,2 пайызға өсті. Жыл басынан бері олардың бағасы шамамен 50 пайызға артқан.
Bloomberg есебінше, сауда сессиясы ашылғанда 5 триллион доллар деңгейіне жету үшін компания акциялары тағы 2,4 пайызға көтерілуі керек.
Nvidia бұл көрсеткішке 4 триллион доллар межесінен асқаннан кейін төрт айға жетпей жетті. Бұған компания басшысы Дженсен Хуангтың мәлімдемесі себеп болды: ол Nvidia жасанды интеллектке арналған чиптерге 500 миллиард доллар көлемінде тапсырыс күтетінін және АҚШ үкіметі үшін жеті жаңа суперкомпьютер салуды жоспарлап отырғанын айтқан. Сонымен қатар, сейсенбі күні компания Nokia-ның 1 миллиард долларлық үлесін сатып алғанын және алтыншы буын (6G) мобильді байланыс технологияларын дамыту үшін желілік жабдық өндірушімен стратегиялық серіктестік құрғанын хабарлады. Ал сәрсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуде Nvidia-ның ең қуатты жасанды интеллект чипін жеткізу мүмкіндігін талқылауға дайын екенін айтты.








