БастыЖаңалықтар
Бөлісу

OpenAI бәсекелесі Anthropic-тің инвестициясы оның жеті негізін қалаушысын байытты

Anthropic ИИ-стартапы соңғы инвестициялық раунд нәтижесінде $61,5 млрд-қа бағаланды. Bloomberg мәліметінше оның жеті негізін қалаушысының әрқайсысы компанияның кемінде 2%-на ие

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
OpenAI бәсекелесі Anthropic-тің инвестициясы оның жеті негізін қалаушысын байытты

Жасанды интеллект

(ЖИ) саласындағы америкалық стартап Anthropic соңғы инвестициялық раундтан

кейін жеті жаңа миллиардерді дүниеге әкелді, деп хабарлайды Bloomberg. Бұған

дейін компанияға Amazon мен Google инвестиция салған. Стартаптың қазіргі бағасы

$61,5 млрд-қа жеткен. Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай Қытайдың DeepSeek

ИИ-моделі нарықта пайда болғаннан кейінгі шоктан кейін де америкалық

ИИ-стартаптарға деген инвесторлар тарапынан қызығушылықтың әлсіремегенін

көрсетеді.

Bloomberg Billionaires Index деректеріне сүйенсек Anthropic-тің жеті негізін

қалаушысының әрқайсысының жағдайы $1,2 млрд-тан асады. Мұндай бірден жеті

миллиардердің пайда болуы сирек кездесетін жағдай.

Толығырақ

Миллиардерлер

қатарына кіргендер: Дарио және Даниэла Амодеи, Том Браун, Джек Кларк, Джаред

Каплан, Сэм Маккендлиш, Кристофер Олах.

Bloomberg

есебінше олардың әрқайсысы кем дегенде компанияның 2%-на иелік етеді. Anthropic

соңғы раундта $3,5 млрд инвестиция тартып, әлемдегі ең ірі стартаптардың біріне

айналды.

Anthropic-тің соңғы инвестициялық раундын Lightspeed Venture Partners қоры

басқарды. Ол бұған дейін Snap, Rubrik және Epic Games сияқты компанияларға

инвестиция салған. Сондай-ақ Salesforce, Cisco және General Catalyst қорлары да

қаржылай қолдау көрсеткен.

Компания туралы

Anthropic 2021 жылы OpenAI-дің бұрынғы қызметкерлері негізін қалаған стартап.

Компания Claude атты чат-ботымен танымал. CNBC мәліметінше, Anthropic-тің

жылдық табысы 2025 жылдың соңына қарай $1 млрд-қа жетуі мүмкін.

Anthropic-тің ірі инвесторларының бірі — Amazon. Ол

компанияға $4 млрд инвестиция салды және 2024 жылдың қарашасында тағы сонша

қаржы құятынын мәлімдеді. Google да стартапқа $3 млрд-тан астам инвестиция

құйған. Жалпы компания $17 млрд-тан астам инвестиция тартты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары