БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Palantir клиенттерінің тізімі Walgreens пен Heineken есебінен толықты

Palantir акцияларын бөлшек инвесторлар арасында «культті» деп атайды: өткен жылы олар S&P 500 индексінде ең үлкен өсім көрсетті

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Palantir клиенттерінің тізімі Walgreens пен Heineken есебінен толықты

Жасанды интеллект

негізіндегі бағдарламалық жасақтаманы әскери және азаматтық мақсатта әзірлейтін

Palantir Technologies компаниясының акциялары 12 наурызда 7%-ға қымбаттады.

Бұған IT-компанияның жаңа клиенттерінің тізімін жариялауы себеп болды. Жаңа

клиенттер қатарына Walgreens Boots Alliance дәріханалар желісі мен Heineken

сыра өндірушісі қосылды. Ақпан айындағы максимумнан 38%-дан астам төмендегеннен

кейін Palantir акциялары қайта өсе бастады. Сарапшылар клиенттік базаның

кеңеюін компания кірісінің келесі тоқсандарда өсуінің кепілі деп санайды, деп

жазады Barron’s.

Толығырақ

Palantir

Technologies акциялары 7,2%-ға өсіп, $83,7-ге жетті. Бұл компанияның жасанды

интеллект негізіндегі сараптамалық бағдарламалық жасақтамасын қолданатын жаңа

клиенттердің тізімін жариялауынан кейін орын алды. Бұл жаңалық ақпанның

17-сіндегі максимумнан 38%-ға құлаған акциялардың қайта көтерілуіне серпін

беруі мүмкін.

Бағаның өсуі

Palantir компаниясының бейсенбі күні арнайы іс-шара өткізетіні туралы

мәлімдемесінен кейін болды. Бұл шарада жаңа және қолданыстағы клиенттер

таныстырылады. Barron’s жазғандай, жақында Palantir клиенттері қатарына

Walgreens Boots Alliance пен Heineken кірген.

William Blair

сарапшысы Луи ДиПалма бұл жаңалықты Palantir-дің корпоративтік сектордағы

кірісінің өсу қарқыны сақталатынын көрсетеді деп санайды. Ол компанияның 2025

жылы кірісін 31%-ға арттырып, операциялық маржаны 45% деңгейінде сақтауды

жоспарлап отырғанын еске салды. Алайда, ДиПалма Palantir акциялары туралы

сақтықпен қарайды: ол осыдан бір апта бұрын ғана оларды сатуға кеңес беруден

бас тартып, «бейтарап» рейтинг берді. Сарапшы компания акцияларының қымбат

екенін және мемлекеттік келісімшарттардың төмендеуі қаупіне осал екенін бірнеше

жыл бойы айтып келген.

Акциялар неге арзандады

2023 жылы

Palantir акциялары S&P 500 индексінде ең жоғары өсімді көрсетіп, бес есе

қымбаттады. Алайда соңғы айда олар 33%-ға төмендеді. Бұған Дональд Трамптың

сауда соғысы себеп болды деп жазады Barron’s.

Акциялар

құлдырауы ақпан айының ортасында басталды. Себебі Palantir бас директоры Алекс

Карп өзіне тиесілі акцияларды сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Ол алты ай

ішінде шамамен 10 миллион акция сатуды жоспарлады, олардың сол кездегі жалпы

құны $1,2 млрд болды. CNBC жазғандай, Карпты көп жағдайда Илон Маскпен

салыстырады, ал оның харизмасы бөлшек инвесторларды тартады.

Сатылымнығ тағы

бір себебі - The Washington Post жариялаған Пентагон мен басқа да әскери

ведомстволардың бюджетінің қысқаруы туралы жаңалық. Бұл Palantir-ге үлкен қауіп

төндіруі мүмкін еді. Алайда, ДиПалманың пікірінше жағдай соншалықты күрделі

емес. Palantir бағдарламалық жасақтамасы керісінше, үкіметтің шығындарды азайту

бастамаларына көмектесе алады. Сонымен қатар, компания ірі әскери

келісімшарттармен жұмыс істеп жатыр.

Акцияларға қатысты қандай шара қолданған дұрыс 

MarketWatch

деректері бойынша Palantir акцияларына 26 сарапшы рейтинг берді. Олардың 14-і

акцияларды ұстауға кеңес берсе, сегізі сатып алуды, ал төртеуі сатуды ұсынды.

Уолл-стриттің орташа болжамы бойынша, Palantir акцияларының мақсаты бағасы

$95,3 құрайды, бұл қазіргі бағадан 14%-ға жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары