БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Paramount Skydance акциялары бір күнде 37% қымбаттады. Бұл «мем-акциялар» толқыны ма?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Paramount Skydance акциялары бір күнде 37% қымбаттады. Бұл «мем-акциялар» толқыны ма?

Paramount Skydance акциялары 13 тамызда 37%-ға өсіп, 1990 жылдан бергі ең ірі тәуліктік өсімін көрсетті және S&P 500 индексіндегі сауда белсенділігі бойынша екінші орынға шықты. Мұндай күрт серпілісті компанияның «мем-акциялар» толқынының ықпалына түскені жайлы болжамдар тудырды. Ал Guggenheim сарапшылары UFC жекпе-жектерін трансляциялау құқығын алуының арқасында Paramount Skydance табысының өсуіне сеніп, акцияны сатып алуға кеңес береді.

Егжей-тегжейлі

Жаңа құрылған медиаконгломерат Paramount Skydance акциялары 13 тамыздағы сессияны 36,7% өсіммен аяқтады. FactSet дерегінше бұл — маусым 1990 жылы саудаға шыққалы бері ең жоғары біркүндік өсім. Акциялар 2023 жылғы 28 желтоқсаннан бергі ең жоғары деңгейде жабылды.

Сауда көлемі 132,72 млн акцияға жетіп, соңғы 65 күндегі орташа көрсеткіш (11,95 млн) шамамен 11 есе артты. Dow Jones Market Data мәліметінше сәрсенбі күні компания S&P 500 индексіндегі ең белсенді саудаланған екінші қағаз болды.

14 тамыздағы саудада Paramount Skydance акциялары 5,5%-ға төмендеді. Жыл басынан бері қағаздар 36% қымбаттады.

Акциялар неліктен күрт өсті

MarketWatch-тың жазуынша бағалардың серпіні алдында компания ешқандай баспасөз хабарламасын таратқан жоқ. SEC-ке берілген жалғыз есеп — 144-нысан бойынша бұрынғы қаржы директоры Навин Чопраның 101 083 акция сатуы туралы хабары болды. Компания бұл жағдайға қатысты түсініктеме бермеді.

Бағаның күрт өсуі әлеуметтік желілердегі дүрлікпе туындатқан «мем-акция» феноменінің ықпалы жайлы пікірлерге себеп болды. CNBC арнасының Mad Money бағдарламасының жүргізушісі Джим Крамер X желісінде: «Paramount — бұл мем-акция!!!!!!!!!!!!!! Еркін айналымдағы акция көлемі аз… шок» деп жазды.

X қолданушыларының бірі Paramount-ты «стероидтағы мем-акцияға» теңеп, оның шектеулі айналымдағы акциялары мен кенеттен өсуін атап өтті. Дегенмен, ол мұны Reddit-тегі қарапайым «памп» емес, жоғары құбылмалылықтың ерекше жағдайы деп бағалады.

Variety дерегінше, жаңа Paramount-тың айналымында шамамен 1 млрд акция бар, бірақ оның тек 30%-ы жеке инвесторларға қолжетімді. Қалған 70%-ы Paramount Skydance бас директоры Дэвид Эллисонның отбасына және оның серіктесі RedBird Capital-ға тиесілі. 31 шілдедегі жағдай бойынша 89 млн акция «қысқа» позицияда болған.

Paramount-тағы жағдай

Өткен аптада Skydance Media мен Paramount Global ұзаққа созылған бірігу процесін аяқтады. Біріккеннен кейін компания TKO Group Holdings-пен 7,7 млрд долларлық келісім жасап, UFC жекпе-жектерін трансляциялау құқығын алды.

MarketWatch атап өткендей, жағымды жаңалықтарға қарамастан, Paramount Skydance акциялары басқа медиакомпаниялармен бірге арзандап, 11 айдағы ең төменгі деңгейге түсті. Екі апта ішінде 24%-ға құлдырады.

Barron’s жазуынша Guggenheim сарапшысы Майкл Моррис инвесторлар үшін оң факторлар жеткілікті екенін айтады. Оның пікірінше UFC трансляциясы компанияның спорт және стриминг активтерін күшейту стратегиясының маңызды белгісі саналады. Paramount бұл келісімді қазіргі құқық иесі ESPN деңгейінде монетизациялай алады, бұл жылына шамамен 300 млн доллар жарнама табысын білдіреді. Guggenheim акцияларды «сатып алу» ұсынымымен және 13 доллар мақсатты бағасымен қамти бастады. Бұл — соңғы секірістен кейінгі бағадан 15% жоғары.

Seaport Global да осы аптада акцияларды «бейтарап» ұсынымымен қамти бастады. Ал Morgan Stanley оларды «салмағы аз» (Underweight) деп бағалап, 12 доллар мақсатты баға қойды. Бұл банктің ойынша, акциялар шамамен 25%-ға қымбат бағаланғанын көрсетеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары