БастыSmall Caps
Бөлісу

Piper Sandler кеңесінен кейін ЖИ-боттар акциялары шарықтады

Анастасия Скрынникова

Анастасия Скрынникова

Oninvest тілшісі
Piper Sandler кеңесінен кейін ЖИ-боттар акциялары шарықтады

Жасанды интеллектке негізделген дауыс көмекшілерін әзірлеуші SoundHound AI компаниясының акциялары Piper Sandler сарапшыларының жаңа бағалауынан кейін 16% қымбаттады. Сарапшылар компанияның өсіп келе жатқан ЖИ нарығында табысын арттыруға әлеуеті бар деп есептейді.

Егжей-тегжейлі

SoundHound AI котировкалары сейсенбі, 27 мамырда 16% ($11,1) өсті. Инвестбанк Piper Sandler сарапшылары компания акцияларын талдауды бастап, бірден оларға «орташа деңгейден жоғары» рейтингісін берді. Олар белгілеген мақсатты баға — $12, бұл 23 мамырдағы соңғы сауда күніндегі жабылу бағасынан 21% жоғары.

Жетілдірілген дауыс көмекшілерін ұсынатын SoundHound — ЖИ нарығынан табыс табудың тамаша мүмкіндігі, ал компания өз әлеуетін енді ғана аша бастады, деп жазды Piper Sandler сарапшысы Джеймс Фиш.

Фиштің есептеуінше, 2027 жылға қарай компания қызмет көрсететін нарықтың жиынтық көлемі $30 млрд-қа жетуі мүмкін. Сонымен қатар, Фиш пен оның командасы SoundHound жазылым үлгісін кеңейтеді деп күтеді, ал бұл бағыттағы табыс компанияның жалпы кірісінің шамамен 90%-ын құрауы тиіс. Екі жыл бұрын жазылымнан түскен табыс жалпы сатылымның небәрі 4%-ын ғана құраған, деп жазады The Motley Fool.

Акциялардың жай-күйі

Инвесторлар Piper Sandler-дің мәлімдемесіне жедел әрекет етті. Трейдерлер компанияға қатысты 170 мыңнан астам колл-опцион сатып алды, бұл әдеттегі күндік көлеммен салыстырғанда шамамен 58% көп. Бұл туралы MarketBeat жазады.

Компания котировкаларына ЖИ-чиптер нарығының көшбасшысы Nvidia-ның тоқсандық есебіне қатысты күтулер де қолдау көрсетуі мүмкін. Себебі нарық бұл есепті бүкіл саланың жағдайын көрсететін индикатор ретінде қабылдайды. Бұрын Nvidia SoundHound AI-ға инвестиция салған және 1,73 млн акцияға ие болған. Бірақ 2024 жылдың соңына қарай үлестің барлығын сатқан.

Биыл SoundHound акциялары өз құнының 40%-ынан астамын жоғалтты. Компания акцияларының мақсатты бағасы — $11,83, бұл көрсеткіш тоғыз сарапшының болжауына негізделген, деп көрсетілген MarketWatch сайтында. Олардың алтауы SoundHound-қа «сатып алу» рейтингін, үшеуі «ұстап тұру» рейтингін берген. 

Компания туралы не білу керек

Калифорниялық SoundHound AI бастапқыда өз назарын автомобильге арналған дауыс көмекшілеріне аударған: компанияның Hyundai, Mercedes-Benz және Stellantis-пен серіктестігі бар. Nvidia-дан бөлек, оның стратегиялық инвесторлары қатарында Hyundai, Samsung, HTC және Еуропаның телекоммуникациялық операторы Orange SA бар.

Автокөлік өндірісінің бәсеңдеуі туралы болжамдар компанияны жаңа бағыттарға кеңеюге итермеледі: бүгінде ол мейрамхана мен қонақүй бизнесіне, денсаулық сақтау саласына, «заттар интернеті» құрылғыларына және колл-орталықтарға арналған дауыс көмекшілерін де ұсынады.

Жақында SoundHound AI бірінші тоқсанға қатысты қаржылық есебін жариялады: оның табысы өткен жылмен салыстырғанда 150% өсіп, $29,1 млн-ды құрады. Алайда компания үнемі операциялық шығындар туралы хабарлайды — себебі ол даму мен зерттеулерге көп қаржы жұмсайды. Бұл – Google, Amazon, Apple және Microsoft сияқты ірі технологиялық компаниялармен дауыс көмекшілері нарығында бәсекелесу қажеттілігінен туындаған.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары