БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Ralph Lauren табыс өсімін төмендетті: енді брендке баж кедергі бола ма?

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Ralph Lauren табыс өсімін төмендетті: енді брендке баж кедергі бола ма?

Тұтынушылар сенімінің төмендеуі, геосаяси және сауда қиындықтары америкалық брендтердің тартымдылығын әлсіретуі мүмкін.

Америкалық киім өндіруші Ralph Lauren компаниясы биылғы қаржы жылының екінші жартысында кіріс өсімінің баяулайтынын ескертті. Бұған АҚШ-та тұтынушылық сенімнің әлсіреуі себеп. Жаңа сату болжамы Уолл-стрит сарапшылары күткен деңгейден төмен болды. Аналитиктер макроэкономикалық тұрақсыздық америкалық бренд өнімдеріне деген сұранысты төмендетуі мүмкін деп алаңдайды. Ал бұған дейін наурызда Goldman Sachs Ralph Lauren-ді макроэкономикалық тәуекелдерден қорғалған бренд деп атаған еді.

Егжей-тегжейі

Ralph Lauren 2026 жылдың наурызына дейін аяқталатын қаржы жылының екінші жартысында кіріс өсімі баяулайды деп болжады. Компанияның айтуынша, өсімнің басым бөлігі алғашқы екі тоқсанға тиесілі болады. Енді компания қаржы жылының қорытындысы бойынша, валюта бағамының ауытқуын ескермегендегі кіріс 1–3% шамасында ғана өседі деп отыр. Бұл Уолл-стриттің шамамен 4% болады деген болжамынан әлдеқайда төмен, деп жазады Bloomberg. Болжамның төмендеуі АҚШ-тағы макроэкономикалық тұрақсыздық аясында тұтынушылар шығынының қысқаруымен байланысты.

Компанияның бас директоры Патрис Луве Ralph Lauren енді жеткізілім тізбегін әртараптандыруға және шығындарды қатаң бақылауға күш салатынын айтты. Сондай-ақ, ол өнім бағасын көтеру мүмкіндігін де қарастырып жатқанын жеткізді. Орташа бағаның көтерілуі мен мақта бағасының арзандауы операциялық маржаның біршама өсуіне мүмкіндік береді. Бұл АҚШ кедендік баждарының әсерін теңестіруге көмектеседі.

Инвесторлар үшін маңызды жайт

29 наурызда аяқталған соңғы тоқсанда Ralph Lauren сарапшылар күткен көрсеткіштерден асып түсті. Бұл көбіне Polo және Purple Label брендтеріне салынған инвестициялар мен маркетингтің белсенділігімен байланысты.

• Түсім 1,7 млрд доллар болды (болжам — 1,65 млрд),

• Ал бір акцияға шаққандағы түзетілген пайда 2,27 долларды құрады. Бұл Уолл-стрит консенсусы күткеннен 27 центке жоғары, деп хабарлайды Reuters.

Bloomberg-тің жазуынша, соңғы кезде Ralph Lauren бәсекелестерінен озып келеді. Өткен тоқсанда брендтің салыстырмалы сатылымдары 13%-ға өсті — бұл сарапшылар күткеннен екі есе көп.

Компанияның Қытайға тәуелділігі төменірек, ал оның киім мен сөмке бағалары Louis Vuitton мен Prada сияқты люкс брендтеріне қарағанда әлдеқайда қолжетімді. Бұл Ralph Lauren-ді сақ тұтынушылар үшін тартымды етеді, әсіресе АҚШ нарығында.

2025 жылғы қаржы жылында Ralph Lauren өнімдерінің 96%-ы АҚШ-тан тыс жерде өндірілді, оның 12%-ы Қытайда жасалған. Бұл АҚШ пен Қытай арасындағы сауда саясатының белгісіздігіне байланысты жеткізілімдегі іркілістер мен тұтынушылардың уайымын арттырады, дейді Reuters.

eMarketer сарапшысы Скай Канавис: «Тұтынушылар сенімінің әлсіреуі және халықаралық сауда мен геосаясаттағы шиеленістер Ralph Lauren сияқты ірі америкалық брендтердің шетелдік нарықтардағы тартымдылығын төмендетуі мүмкін», — дейді.

Акциялар жағдайы

22 мамырдағы сауда қорытындысы бойынша Ralph Lauren акциялары 1,3%-ға қымбаттады.

2025 жылдың басынан бері компания акциялары 20%-ға өсті. Салыстыру үшін, АҚШ-тың ірі нарықтық индексі S&P 500 керісінше, 0,6%-ға төмендеген.

MarketWatch дерегі бойынша, Ralph Lauren акцияларын 18 сарапшы бақылайды:

• 13-і «сатып алуға» немесе «нарықтан жоғары» деп бағалаған,

• 3 сарапшы — «ұстап тұру»,

• 2 — «сату» деп ұсынған.

Уолл-стриттің ортақ мақсатты бағасы — 291,8 доллар. Бұл акцияның 22 мамырдағы жабылу бағасынан 5% жоғары.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары