БастыSmall Caps
Бөлісу

Saga акциялары құлдырап жатыр, Noble сарапшылары сатып алуға жақсы сәт деп санайды

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Saga акциялары құлдырап жатыр, Noble сарапшылары сатып алуға жақсы сәт деп санайды

Қазіргі уақытта инвесторларға Saga Communications компаниясының акцияларына назар аударуға кеңес беріледі, дейді Noble Capital Markets сарапшылары. Компания әлем бойынша жүзден астам радиостанцияны басқарады. Соңғы бір жылда Saga акцияларының бағасы шамамен 50%-ға төмендеді. Бұл көбіне жарнамалық табыстарға әсер еткен макроэкономикалық белгісіздікке байланысты. Алайда, қазір компания нақты өсу стратегиясына басымдық беріп отыр, дейді сарапшылар.

Толғырақ

Noble сарапшыларының айтуынша Saga акцияларын «инвесторлар бақылауда ұстауы тиіс». Акциялар соңғы 12 айда шамамен 50%-ға арзандады. Бұл тек макроэкономикалық тұрақсыздықпен ғана емес, сондай-ақ компанияның цифрлық сегментінің әлі дамудың бастапқы кезеңінде болуымен де байланысты.

Алайда тарих көрсетіп отырғандай, радио саласындағы акциялар тез қалпына келеді, сондықтан бұл сәтті уақыт болуы мүмкін.

Активист-инвестормен даудың аяқталуы

Noble сарапшылары Saga акциялары үшін оң фактор ретінде инвестормен қақтығыстың шешілгенін атап өтті. 2024 жылдың қаңтарында Gate City Capital Management компаниясы Saga-ның қаржылық нәтижелеріне көңілі толмайтынын мәлімдеп, директорлар кеңесіне төрт үміткер ұсынған болатын. Ол кезде үшінші тоқсан бойынша кіріс 3,5%-ға азайып, $28,1 млн-ды құраған. Кейін Saga жылдық есепті жариялап, 2024 жылы кіріс 1,3%-ға азайып, $28,8 млн болғанын хабарлады.

Бірақ 2025 жылдың наурызында Saga мен Gate City арасындағы дау бейбіт түрде шешілді — инвестор өз кандидатураларын қайтарып алды. Енді компания өсуге бағытталған стратегияға толық көшуге дайын.

Инвесторлар үшін маңызды ақпарат

Noble мәліметінше компания қазір шығындарды қысқарту мен радио мен цифрлық арналарды біріктіретін жарнама стратегиясын дамытуға ден қоюда. Бұл подкаст секілді цифрлық форматтарды қосып, ауқымды аудиторияны қамтуға мүмкіндік береді.

Saga қаржы тұрғысынан да жақсы жағдайда. 2025 жылдың 10 наурызындағы жағдай бойынша компанияның шотында $27,3 млн қолма-қол ақша және қысқа мерзімді инвестициялар болған. Сонымен қатар Noble мәліметінше Saga-ның инвесторларға капитал қайтару көрсеткіші де жоғары: 2012 жылдан бері компания $137 млн астам дивиденд төлеген.

Noble сарапшылары Saga акцияларының 12 айлық таргетін бірден 25%-ға, яғни $18-ға дейін төмендетті. Дегенмен «outperform» (нарықтан озық нәтиже береді) деген ұсынымды сақтап қалды. Жаңа бағалау соңғы саудадағы бағаға қарағанда 60%-ға дейін өсу әлеуеті бар екенін көрсетеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары