«Сенің болашағың — жомарт әлем»: Баффет нарық құлаған кездегі сабыр сақтау туралы

3 сәуір соңғы бес жыл ішіндегі АҚШ қор нарығы үшін ең ауыр күн болды. S&P 500 кең индексі бір күнде 5%-ға жуық төмендеп, оған кіретін компаниялардың нарықтық құны $2 трлн-нан астамға азайды.
Ақпан айындағы ең жоғары деңгейден бері S&P 500 индексы 11%-дан астам құлдырап, бұл жағдай «коррекция» деп сипатталады. Инвесторлар мен экономистер Дональд Трамп енгізген жаңа тарифтер сауда соғысын қоздыруы мүмкін деп қауіптенеді. Бұл инфляцияны күшейтіп, АҚШ экономикасының баяулауына алып келуі ықтимал. Егер рецессия орын алса, нарықтар күрт әрі жылдам құлдырайды, деп жазады CNBC.
Мұндай жағдайда Уоррен Баффеттің 2017 жылы берген кеңесі көмекке келуі мүмкін. Ол акционерлерге арналған хатында акциялар қысқа мерзімде қаншалықты құлдырауы мүмкін екенін алдын ала болжау мүмкін емес екенін атап өткен. Бірақ егер ондай жағдай орын алса, Баффет инвесторларға Редьярд Киплингтің 1895 жылы жазған әйгілі «If» өлеңінің жолдарын еске алуға кеңес берген:
Егер ел сасқанда сен сабырлы болсаң, Үмітің үзілмей күтсең шыдаммен, Армандасаң — ұмытпай өмір шындығын, Ойыңа берілмей жүрсең іспенен, Күмәнмен келсе де өзге — сен тыңдап, Өз сеніміңмен тура жүрсең алға… Сонда әлем сендік болады толығымен (еркін аударма, орысшаға аударған Ершова, қазақ тіліне аударған Аханова)
Баффет мұндай кеңесін 2007–2009 жылдардағы «аюлы» нарықпен салыстырады. Ол кезде S&P 500 индексі 50%-дан астамын жоғалтқан болатын. Мұндай құлдыраулар сирек кездеседі. Ал 10% және одан көп төмендеулер — қор нарығы үшін әдеттегі құбылыс. Baird Private Wealth Management деректері бойынша, 1980 жылдан бері S&P 500 индексі 10%-дан артық 20-дан астам рет төмендеген.
Баффеттің айтуынша ешкім нарықтың нақты қай кезде құлайтынын болжай алмайды: «Жол белгісі жасылдан қызылға кез келген сәтте ауысуы мүмкін — сарыны айналып өтіп те кетуі ықтимал».








