The Motley Fool: құлдырау кезінде сатып алуға тұратын үш «жасыл» шағын акция

The Motley Fool сарапшылары жаңартылатын энергетика секторындағы үш шағын компанияның акцияларын атады. Инвесторлар дәл қазір бұл акцияларды сатып алуға мүмкіндік алады. Бұл акциялардың бәрі де спекулятивті саналады, бірақ бизнес кеңейген жағдайда өсуге қабілетті, дейді басылым. Бұған қоса Трамп әкімшілігі қазба отындарын қолдап, олардың бағасын төмендеткеніне қарамастан, бұл компаниялар болашақта өсу әлеуетіне ие. Ұзақ мерзімді инвесторлар үшін бұл компаниялардың акцияларын қазір сатып алу – жақсы мүмкіндік, деп санайды сарапшылар.
NuScale Power Corp
NuScale, ядролық энергетика реакторларын жасаушы компанияның акциялары жыл басынан бері 15%-дан астамға арзандады. Қазіргі уақытта оның Nasdaq-тағы нарықтық құны $2 миллиардқа тең.
The Motley Fool жазуынша Wall Street сарапшылары 2027 жылы NuScale-дің кірісі 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 11 есе артып, $402 миллионға жетеді деп күтуде. Бұған NuScale-дің жаңа өнімдерін АҚШ Ядролық реттеу комиссиясының (NRC) мақұлдауы, ел ішінде келісімшарттар санының өсуі және деректер орталықтарындағы энергияға сұраныстың артуы ықпал етеді.
Plug Power
Көмірсутекті отын элементтерін, қуаттау, сақтау және тасымалдау технологияларын жасайтын Plug Power компаниясының акциялары жыл басынан бері 47%-ға арзандады. Қазіргі капитализациясы $1 миллиардтан сәл ғана асады.
2024 жылдың қорытындысы бойынша компания кірісі 29%-ға азайып, $629 миллионға дейін төмендеді, ал таза шығын көлемі 1,5 есе өсіп, $2,1 миллиардқа жетті. Бірақ Wall Street сарапшыларының болжамы бойынша 2027 жылға дейін Plug кірісі жыл сайын орташа 32%-ға өседі. Бұл өсім көмірсутек нарығының тұрақтануы, жаңа келісімшарттардың пайда болуы және АҚШ Энергетика министрлігінің алты жасыл көмірсутек өндіру зауытын салуға берген $1,66 миллиардтық кредиттік кепілдігі арқасында мүмкін болмақ. Алайда басылымның айтуынша компания пайдаға жақын арада шықпайды.
CleanSpark
Биткоин өндірумен айналысатын CleanSpark компаниясының акциялары 2025 жылдың басынан бері шамамен 19%-ға төмендеді. Қазіргі капитализациясы $2,1 миллиардқа тең.
Wall Street сарапшыларының болжауынша 2027 қаржы жылының соңында оның кірісі 2024 жылмен салыстырғанда үш есе артып, $1,1 миллиардқа жетеді. Бұл жетістік компанияның шығындарын азайту есебінен болады деп күтілуде. Бірақ егер биткоин арзандаса, компания қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ал егер биткоиннің бағасы тұрақтанып, CleanSpark көбірек инвесторлар тарта алса, ол өз саласында көптеген бәсекелестерінен озып кетуі ықтимал, деп жазады The Motley Fool.








