Трамп автокөлік өндірушілеріне тарифтер бойынша жеңілдік берді
АҚШ қор индекстері де осы аптада алғаш рет өсті: инвесторлар АҚШ президентінің жаңа жеңілдіктеріне үміттенуде

Ford, General
Motors және Stellantis тәрізді
автокөлік өндірушілердің акциялары 5 наурыздағы сауда қорытындысы бойынша
6–9%-ға өсті. Бұған Ақ үйдің импорттық баждарды бір айға кейінге шегеру туралы
уәдесі себеп болды. CNBC мәліметінше Дональд Трамп басқа салалардағы
да осындай ерекше жағдай жасау туралы өтініш білдірем деушілерге да ашық екенін
атап өтті.
Толығырақ
— Ford акциялары
сәрсенбідегі сауда қорытындысы бойынша 5,8%-ға өсіп, $9,65 деңгейіне
жетті. Бұл соңғы айдағы ең жоғары жабылу бағасы болды.
— General Motors бағалы қағаздары 7,2%-ға өсіп, $48,48
деңгейіне жетті.
— Stellantis (Peugeot, Chrysler және Opel брендтерін
шығарады) акциялары АҚШ-та 9,2%-ға өсіп, $12,89-ға жетті. Бұл соңғы аптадағы ең
жоғары жабылу бағасы.
Акциялар неге қымбаттады
5 наурызда Ақ
үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Мексика
мен Канададан импортталатын автокөліктерге баж салығын қолдану бойынша ерекше жағдай
қарастыратынын хабарлады.
«2 сәуірде өзара
баж салығы күшіне енеді. Алайда USMCA-ға (АҚШ, Канада және Мексика арасындағы
сауда келісімі — Oninvest) қатысы бар компаниялардың өтініші
бойынша президент бір айға жеңілдік беріп отыр, осылайша олар экономикалық
тұрғыдан қолайсыз жағдайға тап болмайды», – деді Левитт CNBC-ге берген
мәлімдемесінде.
Левитттің
айтуынша жеңілдік тек USMCA ережелеріне сәйкес келетін автокөлік өндірушілеріне
беріледі. CNBC мәліметінше Ford, GM және Stellantis басшылары 4 наурызда
Трамппен телефон арқылы сөйлесуді сұраған. Олар Канада мен Мексикадан
әкелінетін автокөліктерге 25%-дық тарифті толық алып тастауды өтінген.
Трамп басқа
салалардан да осындай өтініштерді қарастыруға дайын екенін айтты.
Бұл автокөлік
өндірушілеріне қалай әсер етеді
CNBC атап
өткендей, бұл тек дайын көліктерге ғана қатысты ма, әлде қосалқы бөлшектерді де
қамти ма, әзірге белгісіз. Алайда бұл кешіктіру автокөлік өндірушілеріне баж
салығына дайындалуға уақыт береді және осы мәселеге қатысты Ақ үй мен салалық
өкілдер арасында қосымша талқылаулар өткізуге мүмкіндік жасайды.
Ford, GM және
Stellantis компанияларының мүддесін білдіретін Америкалық автомобиль саясаты
кеңесі (AAPC) Трамптың бұл шешімін қолдады. Кеңес жоғары тарифтерден автокөліктер
ғана емес, қосалқы бөлшектер де босатылуы тиіс деп мәлімдеді.
Апта басында Ford,
GM және Stellantis акциялары инвесторлардың тарифтердің жоғарылауынан шығындар
өсіп, бәсекеге қабілеттілік төмендейді деген алаңдаушылығына байланысты
төмендеген еді. Бұл компаниялар АҚШ-қа Канада мен Мексикадағы зауыттардан
автокөліктер жеткізуде белсенділік танытып отыр.
S&P Global
Mobility агенттігі CNBC-ге берген мәліметінде егер тарифтер енгізілсе келесі
аптада Солтүстік Америкадағы автокөлік өндірісі шамамен үштен бірге қысқаруы
мүмкін деп болжады. Агенттіктің деректеріне сәйкес: Солтүстік Америкада күніне 63,9 мың
жеңіл автокөлік өндіріледі. Оның 65%-ы АҚШ-та, 27%-ы Мексикада, 8%-ы
Канадада шығарылады.
Трамп нарықты қуантты
Трамптың тарифтер
бойынша алғашқы жеңілдігі АҚШ қор нарығында оң реакция тудырды. Негізгі
индекстер осы аптада алғаш рет өсті. Инвесторлар президенттің бұл шешімі оның
басқа салаларға да қосымша жеңілдіктер жасайтынының белгісі деп бағалап отыр,
деп жазады CNBC.
— S&P
500 индексі 1,12%-ға көтерілді.
Industrial Average 486 пунктке (1,14%) өсті.
— Nasdaq
Composite 1,46%-ға қымбаттады.
Baird
инвестициялық стратегия бойынша сарапшысы Росс Мэйфилд CNBC-ге берген
сұхбатында: «Трейдерлер Трамп әкімшілігі нарықтың қысымына жауап береді деген
белгілерді көрді» деп мәлімдеді.








