Трамп Иранның өз ядролық бағдарламасын тоқтатуға келіскенін мәлімдеді.

АҚШ Президенті Иранның өз ядролық бағдарламасын тоқтатуға келіскенін мәлімдеді / Фото: Ақ Үй
Дональд Трамп Bloomberg агенттігіне берген телефон сұхбатына сілтеме жасап, Иранның өз ядролық бағдарламасын белгісіз мерзімге тоқтатуға келіскенін мәлімдеді. АҚШ Президенті Иранның ядролық бағдарламасына салынған мораторийдің 20 жылдан кейін аяқталатыны туралы мәлімдемені жоққа шығарды. Бағдарлама толықтай тоқтатыла ма деген сұраққа Трамп: «Уақыт шектеуі жоқ, шектеулер де жоқ» деп жауап берді.
Трамп АҚШ, Израиль және Иран арасындағы атысты тоқтату туралы келісім негізінен жасалғанын мәлімдеді. Ұзақ мерзімді келісім бойынша келіссөздер осы демалыс күндері өтуі мүмкін екенін айтты.
«Негізгі тармақтардың көбісіне келісімге қол жеткізілді. Барлығы өте тез болады», – деді Трамп. Ол сондай-ақ келісім аясында Тегеран санкциялар салдарынан бұғатталған қаражатты алмайтынын айтты.
Иран әлеуетті келісімге қатысты әлі пікір білдірген жоқ, деп хабарлайды Bloomberg.
Контекст
28 ақпанда басталған соғысты тоқтату жөніндегі АҚШ пен Иран арасындағы алғашқы кезең келіссөздер 11 сәуірде Пәкістанда өтті, бірақ нәтижесіз аяқталды. Трамптың айтуынша, тараптар «нүктелердің көпшілігінде» келісімге келді, бірақ «шын мәнінде маңызды» – Иранның ядролық қару жасаудан бас тартуы жөніндегі мәселе бойынша келісе алмады.
Келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін Трамп 13 сәуірден бастап Иран порттарынан шығатын кемелер үшін Ормуз бұғазын жабуды бұйырды.
Кеше, 16 сәуірде АҚШ Президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливанның 10 күндік атысты тоқтату туралы келісімге келгенін жариялады. Ливандағы атысты тоқтату – АҚШ-пен келіссөздерде Иранның талаптарының бірі болды.
Бұл жаңалық жаңартылуда








