БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамп реформасынан қай компаниялар ұтады немесе қайсысы ұтылады?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Трамп реформасынан қай компаниялар ұтады немесе қайсысы ұтылады?

Сарапшылар Дональд Трамптың ауқымды салықтық реформалары қабылданған жағдайда олардың америкалық компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне қалай әсер ететінін бағалады. Бұл заң жобасы Өкілдер палатасынан өтіп, Сенаттың қарауына жіберілді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Уолл-стрит сарапшылары реформалар АҚШ қор нарығына жағымды ықпал етеді деп болжайды. Агенттік жаңа заңның ықпалын сезінуі мүмкін компаниялардың тізімін жариялады.

Ұтатындар:

– Аэроғарыш және қорғаныс өнеркәсібі.

Заң жобасында әуе шабуылынан қорғанысқа, қару-жараққа және шекара күзетіне шығындарды арттыру қарастырылған, сондықтан бұл сала – негізгі бенефициарлардың бірі.

Wells Fargo Investment Institute-тің жаһандық акциялар жөніндегі стратегі Крис Хаверленд: «Қорғаныс саласындағы мердігерлер бұл реформадан ұтады. Саланың қазіргі бағасы бейтарап деңгейде, бірақ қорғаныс бағытында оң үрдіс күтуге болады» деді.

Zacks Investment Management-тің сарапшысы Брайан Малберри әлеуетті бенефициарлар ретінде әуе және қорғаныс жүйелерін өндіруші RTX компаниясын және АҚШ армиясына әскери техника, сүңгуір қайықтар мен ІТ-қызметтер ұсынатын General Dynamics компаниясын атады.

iShares US Aerospace & Defense ETF индексі рекордтық деңгейде саудалануда.

– Ішкі нарыққа жұмыс істейтін америкалық өндірушілер.

Заң жобасы 2025 жылы мерзімі аяқталатын Tax Cuts and Jobs Act (TCJA) негізгі ережелерін ұзартуды көздейді. Ұсынылған шаралардың қатарында: жабдыққа 100%-дық амортизацияны сақтау, ішкі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалған шығындарды шегеру, бизнесті дамыту үшін несие алғандарға салық жүктемесін төмендету бар.

BofA деректеріне сүйенсек, бұдан шетелдік сатылымы жоқ S&P 500 компаниялары ұтады. Мысал ретінде Alliant Energy, Ameren Corp, American Electric Power компаниялары аталады.

Ұтылады:

– Жаңартылатын энергетика.

2022 жылғы Инфляцияны төмендету заңы аясында Байден әкімшілігі енгізген «жасыл» субсидияларды жою туралы мәлімет тарағаннан кейін 22 мамырда күн энергетикасына байланысты америкалық компаниялардың акциялары күрт арзандады.

Мысалы, First Solar, Enphase Energy және Sunrun компанияларының акциялары жыл басынан бері құлдырауда.

– Медициналық сақтандыру.

Заң жобасы аз қамтылғандар үшін арналған Medicaid бағдарламасының қаржыландыруын айтарлықтай қысқартуды ұсынады.

Reuters түсіндіруінше, республикалықтар бұл шығындарды қысқартып, салық жеңілдіктерін қаржыландыруды көздейді.

Morgan Stanley сарапшылары: «Medicaid қаржысын қысқарту — шығын жүгін штаттар мен жергілікті басқару органдарына аударады. Бұл ауруханалардың шығынға ұшырауына, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және коммерциялық емес облигациялардың несиелік сапасына әсер етуі мүмкін» деп отыр.

Бұл жаңалықтар CVS, Humana, UnitedHealth, Elevance және Cigna сияқты ірі сақтандыру компанияларының акцияларына деген көзқарасты өзгертеді.

S&P 500 Managed Health Care индексі жыл басынан бері 30,6%-ға төмендеді.

– Тұрғын үй құрылысы және жылжымайтын мүлік.

BofA Global Research заң жобасы бюджет тапшылығы мәселесін шеше алмаса, пайыздық мөлшерлемелер жоғары деңгейде қала береді деп есептейді. Бұл — пайызға тәуелді компанияларға теріс әсер етеді.

Қауіп аймағында SBA Communications, Equinix, Alexandria Real Estate Equities тұр.

Macro Hive сарапшысы Виреш Канабар: «Тұрғын үйді қолжетімді ету үшін құрылысшылар маржасын азайтуға мәжбүр болады. Бұл — фискалдық ынталандырудың нарық үшін кері әсері болуы мүмкін екенін көрсететін қарапайым мысал» деген.

Контекст

Сенатта қаралып жатқан заң жобасы Трамптың 2017 жылы президенттік мерзімінің алғашқы жылында енгізген және 2025 жылдың соңында аяқталуы тиіс салықтық жеңілдіктерін ұзартуды көздейді.

Оған қоса, құжатта Трамптың сайлауалды кампаниясынан алынған бірқатар популистік ұсыныс бар: иммиграциялық саясатты күшейту, экологиялық субсидиялардың бір бөлігін жою.

Morgan Stanley жазбасында: «2025 жылғы салық жеңілдіктері тек қолданыстағы кодексті ұзартатындықтан, нарыққа шамалы ғана қолдау береді», — делінген.

Конгресс Бюджет басқармасының есебі бойынша, бұл заң жобасы АҚШ-тың мемлекеттік қарызын 2,4 трлн долларға арттырып, жалпы соманы 36,2 трлн долларға жеткізеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары