БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Worldline акциялары алаяқтыққа қатысы бар тергеуден кейін құлдырады

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Worldline акциялары алаяқтыққа қатысы бар тергеуден кейін құлдырады

Еуропадағы ең ірі төлем операторларының бірі — Worldline компаниясының акциялары халықаралық журналистік зерттеу — Dirty Payments жарияланғаннан кейін 35%-дан аса арзандады. Бұл зерттеу Worldline компаниясы ұзақ жылдар бойы жоғары тәуекелді клиенттерге аз бақылаумен қызмет көрсеткенін және алаяқтық операцияларды тоқтата алмағанын айтады. Компанияның өзі, капиталлдық құны соңғы төрт жылда 96%-ға азайғанымен, заңбұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» саясатын ұстанатынын мәлімдеді.

Егжей-тегжейлі

Париж биржасында Worldline акциялары 37,6%-ға құлдырады. Бұған кейбір клиенттердің алаяқтық әрекеттері жасырылды деген айыптаулар себеп болды. Нәтижесінде компания 300 млн еуроға ($350 млн) жуық нарықтық құнын жоғалтты, деп хабарлайды Bloomberg. 2030 жылы өтеуі бар облигациялар да шамамен 9%-ға арзандады.

Жылына 500 млрд еуроға дейін төлемдерді өңдейтін Worldline 24 маусымдағы сауда қорытындысы бойынша 1,3 млрд еуро капиталдық құнымен жабылды. Компания төлем қызметтері нарығындағы дәстүрлі ойыншы саналады және ол Adyen мен Stripe сияқты салыстырмалы түрде жаңа ойыншылармен бәсекелес. 2014–2021 жылдар аралығында акциялары бес есе өскен, нәтижесінде капиталдық құны 24 млрд еуроға жеткен. Алайда содан бері 96%-ға төмендеген.

Не болды?

Worldline туралы Dirty Payments («Ластанған төлемдер») атты журналистік зерттеу жарық көрді. Оны 20-дан астам халықаралық БАҚ European Investigative Collaborations (EIC) үйлестіруімен жүргізген. Зерттеу нәтижесінде компанияның тәуекелі жоғары клиенттермен жұмыс істеп, алаяқтық әрекеттердің алдын ала алмағаны анықталған, деп жазады Bloomberg.

Worldline зерттеуге «біз реттеу нормаларын қатаң сақтаймыз, тәуекелдердің алдын алу стандарттарын ұстанамыз және заңбұзушылықтарға нөлдік төзімділік саясатын жүргіземіз» деп жауап берді.

Зерттеудегі маңызды деректер

Зерттеу негізінде Worldline ішкі құжаттары мен құпия деректері алынған. Онда компания бүкіл Еуропада күдікті клиенттерді қабылдағаны — порнография, құмар ойындар және «ересектерге арналған» танысу қызметтерімен байланысты ұйымдармен жұмыс істегені жазылған:

— Нидерландтық NRC басылымы Worldline пайдалы, бірақ алаяқтық тәуекелі жоғары клиенттердің есепшоттарын бұғаттамай келгенін, тіпті өзінің тәуекелдерді басқару бөлімінің ескертуіне қарамастан тексерістерді күшейтпегенін жазады.

— Швециялық Dagens Nyheter басылымы Visa дабыл қаққаннан кейін Worldline бірқатар тәуекелі жоғары клиенттерді Бельгия бөлімінен Швецияға ауыстырғанын жазады — бұл оларды жасыру үшін жасалған.

— Германиялық Spiegel журналы Франкфуртта орналасқан Payone компаниясы (оның бақылау пакеті Worldline-ға тиесілі) күмәнді клиенттерге тиісті тексеру жүргізбегенін жазады. Мысалы, танысу қызметтерінің пайдаланушылары өз шоттарынан шыққан түсініксіз төлемдерді бірнеше рет байқаған. Сондай-ақ, журнал Payone порнография мен заңсыз казиномен байланысы бар клиенттерге заң бойынша қажетті ең төменгі тексерулерсіз жүздеген миллион еуро аударуға мүмкіндік бергенін хабарлайды.

Контекст

Бұл жағдай Worldline-ның тәуекелі жоғары клиенттерге байланысты бірінші дауы емес. 2023 жылғы қарашада Германияның қаржы реттеушісі BaFin Worldline-ның еншілес компаниясы Payone-ға кредиттік карталармен үшінші тұлғалар жасаған алаяқтықты болдырмағаны үшін шектеу қойған. Осыдан кейін компания бірқатар клиенттермен байланысын үзді, ал акциялары күрт арзандады.

Dirty Payments зерттеуі Worldline-ның 2025–2027 жылдарға арналған консенсус-болжамдарына күмән келтіреді, дейді Bloomberg Intelligence сарапшысы Марьяна Варцаба. Қазіргі болжамдар бойынша компанияның табысы нөл мен 3% аралығында ғана өседі деп күтілуде.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары