БастыSmall Caps
Бөлісу

Zacks: Альцгеймерге қарсы дәрі әзірлеушінің акциялары айтарлықтай арзан бағаланған

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Zacks: Альцгеймерге қарсы дәрі әзірлеушінің акциялары айтарлықтай арзан бағаланған

Клеткалық терапиямен айналысатын америкалық Longeveron компаниясының акциялары қазіргі бағасынан бес есе қымбат тұруы тиіс. Мұндай қорытындыны Zacks Small-Cap Research (Zacks SCR) сарапшылары жасады. Олардың оптимизмі АҚШ билігінің Longeveron-ның Альцгеймер ауруына қарсы дәрісін сынауға рұқсат беруі және оған ерекше мәртебе тағайындауымен байланысты. Сарапшылар бұл бағытты инвесторлар үшін аса әлеуетті деп есептейді.

Толығырақ

Zacks SCR мәліметінше, Longeveron акцияларының әділ бағасы — $9,5, бұл қазіргі бағасынан 400% жоғары. 21 наурыздағы сауда нәтижесінде компания акциялары 5% өсіп, $1,85 деңгейіне жетті.

АҚШ-тың FDA агенттігі компанияның Альцгеймерге қарсы Lomecel-B препаратын клиникалық сынауға арналған зерттеу дизайнын мақұлдады және оған Regenerative Medicine Advanced Therapy (RMAT) — қайта қалпына келтіруші медициналық терапияның жетілдірілген мәртебесін берді. Бұл мәртебе қауіпті ауруларға қарсы жасушалық терапияларға беріледі және дәріні жеделдетілген тәртіппен нарыққа шығару мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2025 жылы мұндай мәртебеге 20 үміткер болды: 9-ы мақұлданып, 4-і кері қайтарылды, 1 өтініш алынып тасталды, қалғандары қаралуда.

Компанияның айтуынша, Lomecel-B — Альцгеймерге қарсы RMAT мәртебесін алған алғашқы жасушалық терапия. Егер қаржыландыру немесе серіктес табылса, компания 2026 жылдың екінші жартысында 2–3-фазалық сынақтарды бастауды жоспарлап отыр.

Zacks сарапшылары инвесторлар компанияның әлеуетін толық бағаламай отырғанын және оның нарықты түбегейлі өзгерту мүмкіндігі бар екенін айтады. Сондықтан олар Longeveron акцияларына назар аударуға кеңес береді.

Longeveron туралы не білеміз

Компания жасушалық терапияны өмірге қауіп төндіретін және созылмалы, жастық өзгерістерге байланысты аурулар үшін әзірлейді. Негізгі өнімі — Lomecel-B, ол ересек донорлардың сүйек кемігі жасушаларына негізделген. Бұл дәрі бірнеше бағытта сынақтан өтуде: Альцгеймер ауруы, жүрек сол жақ бөлімдерінің гипоплазиясы (туа біткен ақау), және қартайған кездегі әлсіздік.

2024 жылы компанияның табысы 237%-ға артып, $2,4 млн болды — бұл негізінен зерттеу қызметтеріне деген сұраныспен түсіндіріледі. Алайда, нарықта әлі комерциялық өнімдері жоқ.

Контекст

2025 жылы салмақ түсіру дәрілерінің табыстылығымен теңесетін келесі табысты бағыт ретінде инвесторлар Альцгеймерге қарсы дәрілерді қарастырады, деп жазды Bloomberg.

Қазіргі уақытта бұл ауруға қарсы тек екі дәрі бар — Leqembi (Biogen және Essai) және Kisunla (Eli Lilly). Бірақ олар тек жеңіл формаларына ғана бағытталған әрі елеулі жанама әсерлері бар.

AXA Investment Managers портфельдік менеджері Крис Экклз: «Егер бұл дерттің дамуын өзгерте алатын тиімді дәрі пайда болса, онда болашақтағы болжамдар күрт жоғары жаққа өзгеруі мүмкін.»

Акциялар туралы не білу керек

2025 жылдың басынан бері Longeveron акциялары 7%-ға өсті, бірақ соңғы 12 айда 53%-дан астам төмендеді.

Компанияны үш сарапшы бақылайды және барлығы акцияны сатып алуға кеңес береді, деп жазады MarketWatch. Орташа мақсатты баға — $8,67, бұл қазіргі бағамен салыстырғанда 370%-дық өсу әлеуетін білдіреді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары